Ә.Жүнісбек қазақ фонетикасына, орфография мен орфоэпия мәселелеріне, сингармонизм теориясына еңбек сіңірген ғалым Ол жалпы, түркі және қазақ тілтанымындағы сөзқұрауыш мәселесі; латын әліпбиіне көшу мәселелері; қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесі мәселелерімен айналысады Түркі тілдерінде сөздік екпіннің жоқ екендігін дәлелдеп шыққан. Мыңнан аса фонетикалық атауларды құрастырып, айналымға ендірді. 2021 жылдың көктемінде "Сингармология или неизвестный сингармонизм» атты зерттеу еңбегі жарық көрді. Тілші мамандар бұл зерттеуді тіл біліміне қосылған сүбелі үлес деп бағалады. Ә.Жүнісбек қазақ фонетикасына, орфография мен орфоэпия мәселелеріне, сингармонизм теориясына еңбек сіңірген ғалым Ол жалпы, түркі және қазақ тілтанымындағы сөзқұрауыш мәселесі; қазақ тіліндегі сингармонизм заңы;қазақ тіліндегі буын және морфеманың дыбыс құрамы мен желісі ; латын әліпбиіне көшу мәселелері; қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесі мәселелерімен айналысады Түркі тілдерінде сөздік екпіннің жоқ екендігін дәлелдеп шыққан. Қазақ тілі үндесім (сингармониялық) тіл болғандықтан, оның дыбыс құрамына тән ұғымдар мен атаулардың өз ерекшелігін көрсете білді. Мыңнан аса фонетикалық атауларды құрастырып, айналымға ендірді. 2021 жылдың көктемінде "Сингармология или неизвестный сингармонизм" деп аталатын атты зерттеу еңбегі жарық көрді. Тілші мамандар бұл зерттеуді тіл біліміне қосылған сүбелі үлес деп бағалады. Ә.Жүнісбек қазақ тілінің шын жанашыры ретінде қазақ тіл біліміне ғылыми реформа жасауды ұсынады. Ал сол реформаны фонетикадан бастауды жөн көреді. Ғалым қазақ фонологиясының құрылымын тарихына үңілуден бастайды. Қазақ тілінің тарихи фонетикасы үш бөліктен тұрады: көне түркі кезеңінен бері келе жатқан төл фонетика, араб-парсы жазба дәстүрінен қосылған кітаби фонетика және күшпен енгізілген тоталитарлық фонетика. «Әлімхан Жүнісбек зерттеулеріндегі қазақ фонологиясы»