https://stud.kz/referat/show/114715 Ә.Жүнісбек қазақ тілінің шын жанашыры ретінде қазақ тіл біліміне ғылыми реформа жасауды ұсынады. Ал сол реформаны фонетикадан бастауды жөн көреді. Ғалым қазақ фонологиясының құрылымын тарихына үңілуден бастайды. Қазақ тілінің тарихи фонетикасы үш бөліктен тұрады: көне түркі кезеңінен бері келе жатқан төл фонетика, араб-парсы жазба дәстүрінен қосылған кітаби фонетика және күшпен енгізілген тоталитарлық фонетика. «Әлімхан Жүнісбек зерттеулеріндегі қазақ фонологиясы» https://stud.kz/referat/show/114715 https://anatili.kazgazeta.kz/news/59509 «ДҮНИЕ-ҒАПЫЛ» « «Әлімхан аға – бүгінгі Ахмет Байтұрсынұлымыз» деп халық атап кеткен, әлемдік деңгейдегі ұлы ғалым, тұрмыста өте қарапайым, ақ көңіл, әзілқой, жайдары еді... Екі күн бұрын ауруханадан шәкірті, әріптесі, академик Зейнеп Базарбаеваға: «Рақмет, бәрі жақсы, аманшылық болсын» деп СМС жазған екен... Шетелде ғылыми іссапарда жүргенімде таңертең естіп, дереу министр Цой мырзаға шығайық деп жатқанда, суық хабар келді... Үлгермедік...» (Ерден ҚАЖЫБЕК,Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті) «Қайран Әлеке... Әлімхан аға! Түркі әлеміндегі «Ахмет Байтұрсынұлынан кейінгі реформатор», әлемдік деңгейдегі «жыл адамы» деген атақтарға ие болсаңыз да, масайрамай, қарапайым болмысыңызды, қазақы парасаттылығыңызды сақтағаныңыз қайран қалдыратын еді. Бұл біз бірде бағалап, бірде түсінбеген «ұлылықтың сипаты – қарапайымдылық» дегеннің дәлелі болар.» (Жамал МАНКЕЕВА,филология ғылымының докторы,профессор)
2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін «Нұр Отан» ХДП-ның ІІ дәрежелі Дипломымен (2009) марапатталған