Тәрбие сағат тақырыбы: "Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік"
Тәрбие сағат мақсаты:
а) оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 25 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту.
ә) отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру.
б) бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.
Тәрбие сағат әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілігін, плакат, суреттер.
Пайдаланылған көрнекіліктер: Қанатты сөздер,Қазақстан Республикасының Әнұраны, елтаңба, туы, Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев суреті, буклет.
Ұранымыз: «Тәуелсіздіктің тура жолы-білімді»
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.Оқушыларды сабаққа дайындау.
1-жүргізуші:
- Құрметті қонақтар! Біздің сыныбымызға келген қадамдарыңыз сәтті болсын. Сіздердің жақсы көңіл-күйде болып, дем алып қайтуларыңызға біздің сынып ұжымы зор сенімде. Сіздердің алдарыңызда 3-сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.
2-жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді 16-Желтоқсан тәуелсіз Қазақстанымызға 25 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте жеміс, оқуда озат болуларыңызға тілектеспіз.
1-жүргізуші:
Әнұраным – жан ұраным
Айтар әнім – сөйлер сөзім
Туған жерім – сағынарым
Мәңгі-бақи шырқалады.
Республикам әнұраным
Хор: «Әнұран»
2. Кіріспе (Мұғалім сөзі)
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің сыныбымыздың "Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік" атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
3. Негізгі бөлім.
1-жүргізуші:
Көрініс: «Егемендік деген не?»
(Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.) Немересі:
- Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы:
- Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі:
- Ата, өткен өмір деген не?
Атасы:
- Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі:
- Ал, ол қандай болған?
Атасы:
- Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін.
Болмаса да оқыған тарихшы атам,
Жинады ескілерден тарих хатын.
Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз Қазақ руларының басын қосып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. Ал, балам, тарихты тыңдайық.
1-жүргізуші:
-Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің арнау туған отанымызға және әр отбасына бұл 25 жыл тебіреністі. 25 жыл шығып сөйлейді: «Тарихыңды таны» (Қолдарында жылдары жазылған оқушылар шығып өз жылдарымен таныстырады. 1991, 1992, 1993, 1994, 1995, 1996, 1997, 1998, 1999, 2000, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006 жылдар)
Атасы:
- Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.
Егеменді деген сөзден естілер, - Біз Қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз. Ата жұрттың арғысы мен бергісі.Міне «Егемендік» деген осы. Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым! 1-жүргізуші:
- «Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік» тақырыбына оқушыларымыз өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, жазып келіп отыр. Осы жазған эсселерін тыңдайық. (4-5 оқушылар. Бүгінгі тәуелсіз еліміздің 25 жыл ішінде жеткен жаңалықтарын, табыстарын әңгімелейді).
Мұғалім:
- Балалар, ойларың өте жақсы, көңілге қонымды. Көпшілігің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерге назар аудардыңыздар. Көп-көп рахмет!
2-жүргізуші:
- Енді «тәуелсіз-Қазақстан» атты әдеби музыкалық концертімізді көріп тамашалаңыздар. - оқушы:
Жаңа ғана қазағымның таңы атты, Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты. Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам, Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты. - оқушы:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз, Болашақтың қасиетті көзіміз. Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу, Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз. - оқушы:
Отан - менің өзегім, Қиының болса төземін. Алдағы бақыт шақтарды, Жүрегіммен сеземін. - оқушы:
Отаным - менің өзегім, Қырыңды шарлап, кеземін. Білу керек әр ұрпақ, Бес саусақтай өз елін. - оқушы:
Отаным - мәңгі қорғаным, Қалаймын бақыт қонғанын. Сүйемін және сондықтан, Өзенін, көлін, орманын. - оқушы:
Бақытты боп жүргенім, Сенің арқаң, Ұлы Отан. Елім менің тірегім, Құшағыңда гүл атам.
- оқушы:
Ата, Әжем, Әкем, анам - Төртеуі де «Отан!» маған Төртеуі де «Ботам» дейді «Ер азамат атан!» дейді Мақтанамын Отаныммен, Отаныма «Ботамын»мен - оқушы:
Сарқылмайтын қуатым, Тірегімсің сен, Отан! Мәңгі соғып тұратын, Жүрегімсің, сен Отан!
1. Ән. «Қазақстаным» Таңшолпан
2. Би. «Қазақ биі» Камила,Айым
3. Ән. «Қазағым-елім» Аида
4. Би. «Қамажай» топ қыздар
5. Ән. «Туған елім» хор 4. Қорытынды бөлім: (Мұғалім сөзі)
«Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз!» (сұрақ-жауап) - Біз бүгін, тәрбие сағатында не туралы білдік? - тәуелсіз еліміздің 25 жыл ішінде табыстары туралы т.б. білдік. - Біз гүлденген Қазақстанға қандай үлес қосуымыз керек? Жақсы оқу, үлгілі тәртіп, үлкенді сыйлау, талмай іздену, талпыну.Я, Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» - деп елімізде өркендетуге өз үлесімізді қосайық. XXI ғасыр. - Білім ғасыры.Сондықтан менің мақсатым білімді, сауатты, еңбекқор балаларды тәрбиелеу, ойларын еркін айтуға дағдыландыру, қалыптастыру. XXI ғасыр болашақ лидерін дайындау.Бұл балалар еліміздің болашағы. Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға,күннен-күнге өркендеп, өсіп кеңейіп, гүлденіп келеді. Олай болса, атамыздан ақ тілек тілейік!