Ауылдын іргесіндегі арқалы жалдардан оқшау тұр-
ған биік шоқыны жұрт Шапақ кұм атайды. Таңертен
шығыстан қызыл күн сығалағанда оның жанары алдымен соған түседі. Шоқыда осы сәтте қызыл түске боялып, жалындап, алаулап тұрады. Шапақ кұм аталуыда содан болар.
Сол төбенің үстіне жиналған шәкірттері Ержанға қол бұлғап шақырып тұр. Көкжиекте тұрып керілген сайын қызыл шапағы молыға түскен күнге карайды. Қолдарын сермеп әлденені айтады. Айқайлай, әзілдей жүріп, бірін-бірі ақ таңның алғашқы шапағы шарпыған қызыл құмға аунатады. Бұл өңірдегі мектеп бітірушілердің алтын күннің алғашқы нұрына шомылу рәсімі осы еді.
Ұстаз шәкірттерінің алаңсыз, армансыз ойындарыналыстан қызықтап тұрып қалды. Бір сәт жастар әндетіп кетті. Біресе сағыныштың, біресе арманның, біресе ғашықтықтың әндері кезектесе шырқалды. Енді бірде «Ұстазымды» бастады. Қолтықтасып, кұшақтасып тұрып айтады. Жігіт қатты толқыды. Жан сарайынан жоғары жүгірген бір түйнек алқымына тығылып, қыстығып қалды. Осалдығын шәкірттеріне білдіргісі келмегендей олармен алыстан қол бұлғап қоштасты да, ауылға қарай аяңдады.
«Өздерімен оңаша болғандары дұрыс. Арман жолындағы алғашқы таңдарын алаңсыз қарсы алсын. Бұл таң солардың таңдары ғой. Мынау ұясынан жаңа ғана керіліп көтерілген қызыл күннің мол төгіліп тұрған жүз қарымас шипалы шапағы да бүгін солардың меншігі».
Совхоз кеңсесінің алды у-шу. Бұл - көпшілік көп келетін мекеменің күнделікті дабыр-дұбырынан бөлек. Шаруа қамымен аптығып келіп, асығыс аттанып жатқандарға да, екі адамның басы қосылған жерден табыла кететін желсөз куғандарға да ұқсамайтын топ еді, бұл топ. Олар жаңа кұрылған шопандар бригадасының мүшелері болатын. Қашан да калпы бұзылмайтын Байсал Ержанға барлық балаларды түгендеп тұруды тапсырып. өзі кеңсе аралап, ауыл басшыларына сәлем бере кетті. Бір кезде: «Ура, Жандос келе жатыр!» дегенде Ержан таңданған жоқ. «Е-е, жолдастарымен қоштасып қа- лайын деген шығар» деп ойлады. Бірақ шәкірті жол капшығын артынып шығыпты. Мұнысы несі деп ойлады.
Мектеп бітіру кешінен кейін Байсал мен Ержан тағы да біраз жерге барыскан. Акыры екі ұстаз ымыраға келіп, Назым мен Жандосты оқуға жіберуді ұйғарды. Бүгілмес Байсалдың бұрын неліктен қасарысқанын да Ержан сонда ұқты. Сейсенова Назым днректордың сиыршы ағасының қызы еді, он жыл бойы өз қолында оқыған. Сиырқұйымшақтандырып жүргендегі мақсаты қарындасын да оқуға жіберу екен. Әбден тісқақты сақ шал Ержанның өзін алға салып қойып, ең сонында; «Амалым не, класс жетекшісі жіберіп отыр, қанша қарындасым болса да көнбеп едім, қоймады» деп, бар мұғалімнің ал- дында қолын жайған. Оқушыларға да солай түсіндірілді: Әр баланың өндірістегі орнын белгілеп, тапылдап отырған совхоз басшыларына да соны айтып сытылып шыға келді.
Жандос Ержанмен сырғақ амандасып, сырт беріп кетті. Қаумалаған жолдастарымен жауаптасқан болып былайырақ тұрды. Балалар дабырлап кетті.
Әй, саған не жоқ? Қатарымызға бәрібір қабылдамаймыз, бригада толық.
-Немене қойыртпақты біз ғана ішеміз бе?
-Бекер істедің, Жандос, әлі де болса ойлан.
-Шіркін-ай, сенің орныңда болсам, мен әлдеқашан бұл Талаптыдан табанымды жалтыратып, Алматының көшесінде алшаң басып жүрер едім-ау.
-Он жылда мұғалімге он рет жауап бермеген сені неғылсын Алматы. Екеуміздің сыбағамыз Таластың талшыбығынан жасалған бір-бір таяқ, «айт шу ала атым, жануар қанатым» деп ат үстінде ертеңді-кеш изең-изең етіп уақыт өткізу.
Мұны айтқан Сәрсенбай болатын.
-Е-е, әкеміз аман болса, осы күзде құтқарады ғой ол таяқтан.
Айнақұлдың жауабы. Оның меңзеп тұрғаны әскери комиссариат. Есейіп қалған жігіт әскери борышын өтеуге іштей өзін сайлап жүрген сыңайы бар.
-Қалқабаев бері келші,— деді Ержан. Жандос сипаң-сипаң етіп жүрексіне жақындады. Екеуі былайырақ шығып. топ талдың көлеңкесіне тұрды.
-Шырағым,— деді Ержан тағы да даусын көтерместен.— Шәкірт өзінің бойындағы қабілетін мөлшерлей бермейді. Мұндайда ұстаз ақылы керек-ақ. Мен шәкірт танысам, сенің оқуға биыл баруың қажет.
-Барлығымыз бірге барамыз. Немене, мен басқалардан артықпын ба?
Жандос бағанадан бері салбыраңқы басын көтеріп алды. Қара сұр жүзінде де, қарасы мол көзінде де қайсарлық тұр.
-Адам ретінде, шәкірт ретінде барлығың мен үшін бірдейсің. Бірақ сенің математикаға қабілетіңніңартық екені рас. Республикалық олимпиаданың жеңімпазы атану оңай емес. Екеуміз жасаған сол программаны жалғастыра бермесең, келер жылы олармен теңеліп қа- ласың.
-Сонда мен бүкіл класс болып берген сөзімізді бұзбақпын ғой. Жолдастарыма не демекпін?
Естідім, қойыртпақты біз ғана ішеміз бе,— дептұрған жоқ па.
-Оны айтқан біреу, ал қалғандары ше?
-«Өмір сендерден осылай етуді талап етті. Ол талапты жақсы түсініп, жанмен түсініп қабыл алыңдар»,— деген өзіңіз емес пе едіңіз. Сол талаптан мен неге табылмаймын? Тіпті, Ұлы Отан соғысында ұзақ жыл от кешіп келіп, атақты ғалым болған кісілер туралы да айтқан жоқ па едініз, талай рет. Олар қырғынның ішінен келіп ғылым қуа алғанда, мен екі жыл қой бақтым деп оқуға түсе алмаспын ба? Жоқ, ағай, жанашыр ақылыңызға рақмет, бірақ мен жолдастарыммен бірге бо- ламын.
Жас жігіттің жүзі алабұртып тұр. Жанарына жиналған қайсарлық қайтпасқа бекінгендей. Ержан ендігі сөздің артық екенін түсінді. «Бара бер»,— деді ақырын ғана күрсініп...
* *
Алматыға берік бір байламмен келген Ержан бөлім меңгерушісіне жұмыстан босатуын өтінген арызын ала кірген. Професгор Семенов республика астанасына соғыс жылдары Ленинградтан келген. Бәлкім, жасыл желекті тау бөктеріндегі бау-бақшаға оранған қала ұнады ма, болмаса осында өзі айналысатын ғылымға кең өріс көрді ме, содан бері тұрақтап қалған. Сейсмикалық аймақтарға құрылыс салу проблемаларымен айналысатын белгілі ғалым Қазақстанда бұл ғылымның дамуына көп үлес қосып келеді. Өткен жылы жаңа ашылған ннститутқа кадр жинақтағанда уннверситет бітірушілер арасынан 4—5 математикті өзі тандап алған. Солардын бірі — Ержан.
Рұқсат сұрай кірген шәкіртін ғалым орнынан тұрып, қуана қарсы алды. Амандығын, Москвадағы жұмысының. бағытын, ондағы достарын сұрап біраз әңгімелесті. Ержан да ғалымның сұрағына байыппен жауап беріп отырды. Семенов бүгін көнілді еді. Ержанның әңгімесін тыңдап болғаннан кейін өзі сөйлеп кетті.
Қазір тек төрт-бес қабатты үйлерден тұратын Алматы көп ұзамай биіктей бермек. Мұнда әлі он-жиырма қабатты зәулім үйлер салынады. Олкөгілдір таудың аясында көк жасыл ағаштар көмкеріп, ерекше бір әсем сипатқа ие болады. Сол құрылыстардың неғұрлым жақын уақыттарда басталуы үшін бұлар да жұмысты тездетуі керек.
-Оған мен араласа алмайтын шығармын,— деп қалды, бағанадан бері әңгіменің бағытын бұрудың ретінтаба алмай отырған Ержан.
-Араласпағаны қалай? Москвалықтармен бәрімізбір бағытта жұмыс істеп жатқан жоқпыз ба? Жоқ, әлде сен сол жақта жүріп, өзіңе жайлырақ басқа жетекші тауып алдың ба?
-Ауылға қайтамын, Николай Владимирович, біржола қайтамын.
-Ауылың не? Өзің ішіп алғаннан саумысың? Професор түсін суыта бастады. Соны сезген Ержанжағдайын тезірек түсіндіруге асықты.
-Саумын. Бірақ жұмыстан босатуыңызды өтінемін, Николай Владимирович. Ауылдағы қарт әке-шешемнің халі қиындау болып тұр. Жолда соғып едім, екеуі де ауру екен.
-Солай де, ауырып қалғаны қиын екен. Бірақ ауырмайтын құдай мен шайтан ғана, өзге жанның бәрі ауырады. Демалыс алып бар да, дәрігерге қарат. Ол үшін жұмысты тастаудың кажеті канша?
-Біржолата бармасам болмайын деп тұр. Бәлкім,кейін қайтып оралармын.
-Кейін сені кім керек қылады. Немене, ғылым мектептің программасы дейсің бе, қырық жыл қалпында тұратын. Ғылымнан бір жыл қол үзсең қайтып қуып жете алмайсың оған.
Ержан ұстазын режітпес үшін айтып еді, соңғы сөзді.Николай Владимирович ол себебін де орынды көрмеді.Енді не де болса деп түпкі ойын шығарды.
-Келмесем мұғалім болып жүрермін. Ауыл бізсияқты ұстаздарға зәру.
Ғылым да сендер сияқты қабілетті жастарға зәру. Әсіресе, қазір. Есінде болсын, енді бес-он жылдан кейін ешқандай бөлім меңгерушісі өзінің қызметкерін осылай қолқаламайды.
-Бірақ, Николай Владимирович менің білімім тап казіргі жағдайда кұмның арасында қой бағып жүрген малшының балаларына көбірек қажет қой деп ойлаймын.
Бұл сөзді естігенде профессор шарт кетті:
-Немене, біз айналысып жатқан ғылым ермек үшін деп отырсың ба? Бүкіл Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігі сейсмикалық аймақ екенін жақсы білесің. Адамда алға ұмтылу, биік мақсатқа талпыну, намыс керек емес пе? Ал сен болсаң қайтадан құмның арасына қашам дейсің.
Сүйегі ірі, денелі қарттың күрең жүзі одан әрі қызарып кетті. Ашуланғандағы әдетімен салыңқылау екі ұрты бүлк-бүлк етеді. Қолы қозғалақтап алдындағы әр қағазды бір ұстайды. Жанашырлықпен, жақсы ниетпен айтқан ұстаз ақылына іші жылыған! Ержан әңгімені одан әрі ұшықтырғысы келмей үнсіз отыр. Қарсы айтар дауын бүгіп қалып, қаһарлы профессордың қапысын аңдуда.
-Біраз ойланып келсең қайтеді?— деді профессор ақырында.
-Әбден ойландым, Николай Владимирович.
-Нені ойладың?
Шал сұрақты шалыстау берді. Даусында әлгі ашуымен бірге көкесінің де ізі тұр. Ержан жауабын профессордың қытығына тимейтіндей етіп, барынша орнықты беруге тырысты.
Біздің балалық шағымыз соғыспен тұстас келді,— деді ол ақырын жөткірініп алып.— Ол кезде ересектеріміз оқуды тастап, майданға кеткен әкелерінің орнын басты. Әлі жұмысқа ілікпеген біздің құрдастарымыз, оның ішінде тұрмыс жағдайы көтеретіндер ғана одан әрі оқуын жалғастырды. Біз қатарлылардың ішінде жоғары оқу орнын былай қойғанда, орта мектепті бітіргендердің Өзі өте аз. Өйткені ол кезде бүкіл ауданда екі-ақ орта мектеп бар еді. Қазір жағдай жақсарды. Әрбір шаруашылықта он жылдық мектептер ашылды. Жастарға жаппай орталау, орта білім беру талабы қойылып отыр. Сонда біз болмасақ ауылымызға барып жастарды кім оқытады?
Профессор Ержанды ықыласпен тыңдады. Жас жігіт те бастығының жібігендей болғанынан үміттеніп отыр. Бірақ Семенов өз райынан қайтпапты.
-Оның бәрі дұрыс,— деді ол. Бірақ, көгершінім-ау ол жаққа сабақ беруге әлгі өзіңмен бірге бітірген Жапсарбаевтар да жарайды. Ал сендердің орындарың қазіросында. Соны түсінемісің өзің?
-Жақсы шәкірт даярлау үшін, ауылға да жақсы ұстаз керек. Біз бүгін аз болсақ, ертең ол жақтан жүздеп, мыңдап келетін болады. Сонда сізге таңдау да жеңіл болады, Николай Владимирович.
Ержан сөзінің аяғын әдейі әзілге бұрды. Бірақ профессор бүлк еткен жоқ. Сазарған қалпында қалды.
-Байқаймын, байламың берік сияқты,— деді ол.— Тек артынан өкініп жүрме, ол кезде Семенов иіле қоймас.
-Өкінбеймін, Николай Владнмирович.
-Мә, ендеше. «Бақа батпаққа қашады» деген осы. Профессор арбиған қолымен айбақтатып Ержанныңөтінішінің үстіне «Қарсы емеспін»,— деп қолын қойып, ысыра салды.
Кенеттен көңілі мұздап қоя берген Ержан құлықсыз қоштасып, бір түрлі денесі ауырлап тұрды орнынан.
-Қажет деп тапсаң кейін де хабарласуыңа болады,— деді профессор артынан.
Ержан есіктен шыға бере қайырылып:
-Рақмет,— деп ілтипат көрсеткенде Николай Владимирович телефон құлақшасын көтеріп сөйлеп кеткенекен.
***
Шыжыған шілденің шаңқай түсі. Қыбырлағанның көлеңкені паналаған кезі. Бүкіл ауыл маужырап, манаурап жатыр. Осы беймезгілдікте сардаланың борпылдақ жолын бозбораңдатқан жүк машинасы қаланы бетке алып, қорбаңдап барады. Қорабына көлденең салынған жалғыз тақтайда машина секірген сайын қосыла шошаңдап қос жолаушы отыр. Бірі — Қалқабай қойшының баласы Жандос та, екіншісі оны оқуға алып бара жатқан Ержан. Қөктемде республикалық олимпиаданың жеңімпазы болған Жандосқа университеттің механика- математика факультетінен шақыру келген. Қуанышы қойнына сыймаған ұстаз сол күні-ақ малды ауылдағы шәкіртіне шапты. Енді, міне, екі сағат аялдаса кешігіп қалардай, ыстықтың қайтуын күтпестен, мектептің шоферін қайта-қайта қолқалап көндірігі, жолға шыққан беттері.
Қалай дегенде де Жандос көңілді. Ойда-жоқта келген шақыру қағазы баланың мерейін көтеріп, жігерін жаныды. Қазір де қасындағы ұстазына сұрақты жаудырып келеді.
-Ағай, Алматыға поезд қанша сағат жүреді?
-Ағай, университетте оқу қиын шығар?
-Емтиханды қазақша тапсырамын ба?
Ержан алыс жолға алғаш шыққан баланың көңіліне құс болып қонып жатқан күдіктерін ұстазға тән салмақпен сейілтіп отырды.
Алдарынан машина қарауытты. Сардалада ор қоянша, орғыған жеңіл газик әне-міне дегенше қатарласа беріп кілт тоқтады. Ішінен Сержан шықты. Оны көріп бұлар да кідірді. Қөптен бері көріспеген қос туысқан бір-біріне қуаныш білдіріп көңілді амандасты. Содан соң топ-жиында жолығысқан жақын адамдардың немесе осындайда оңашалана қалатын ауыл пысықтарының әдетінше бұлар да өзгелердей шеттей берді. Оған ыңғай білдірген Сержан. Бұл күнде аудан орталығында ПМК-ның бастығы болып істейтін. Ұзын бойлы қара сұр жігіт әзір толыса қоймағанымен денесі кесектеніп қалыпты. Сөзінде салмақтылықтан гөрі паңдық басым ба дейсің. Жақында демалысқа шықпақ екен, соның алдында дауылдағы кәкір-шүкір шаруаларын қамдап қайтпақ көрінеді.
Жақынына жасаған жасанды паңдықты жаратпаған мұндайға жаратылысынан шыдамсыз Ержан:
Кәкір-шүкіріңнің салмағын сезіп тұрмыз, жекжатшыл болып кетіп ең, соларды жағалайсың ғой,деп қағытып етті.
Сержан мырс ете қалды. Төбесінен түскен туысқанына бұл да төтесінен айтты.
Сезсең жарар,— деді Ержанға сынай қарап,— қашанғы жүресің, иіс сезбес боп. Жекжаттарымды аралап бара жатқаным рас. Соның бірін сенің де уысыңаұстатқалы келемін.
Өй, Тәңірбердінің даласын тарсынып жүрген жуандарың мұғалімнің жұқа алақанына қайдан сыйсын?
Сол-ақ екен Сержан сақ-сақ күліп жіберді. Ержан оның төтен мінезіне түсінбей тұрып қалды.
Сыйғанда қандай,— деді күлкісін тиған Сержан.— Ойбай-ау, бұл күнде нағыз сиымды уыс мұғалімдердікіболып тұрған жоқ па?
Оқыс айтқан сөзінің астарын Сержанның аударып ала қойғанын енді ұққан Ержан да еріксіз езу тартты.
Сенің де бағытың түзеліп келе жатыр екен, бала,— деді оған қайтадан байсалдана қалған Сержан, өзінің бір жас үлкендігін бұлдай сөйлейтін әдетімен «бала» деген сөзді баса айтып.— Бірақ, қуаласа құмалақ түспейтін қу ауыз Қалқабайдың баласын не пайда көрем деп апарасың Алматыға? Одан да ана менің жаңа жекжатымның баласына көрсет көмегіңді. Ең болмаса,қысқы соғымыңа жарайды. Бір жағы саған осыны айтуға келе жатыр едім.
Қалжыңдап, қиялап келіп сөзінің шын төркінін Сержан енді танытты. Бұл Ержанның күтпеген сауалы болатын. Жас, сауатты туысы осылай ойламаса керек еді. Сондықтан да морт кетті. Даусы да оқыс шықты.
-Өй, өзің не тантып тұрсың! Арамызды ашпай тұрып ұмыт, бұл сөзіңді!
Ағайынның арасын ажыратқалы отырған өзіңсің. Менің жекжатым саған бөтен бе еді?
-Жекжатыңда шаруам жоқ. Өзіңнің ессіздігіңе күйінем. Базарда ноқта ұстаған саудагер деп пе едің мені, ол қай айтқаның?
Шарт-шұрт кеткен қос туысқан бұдан әрі өздерін әрең ұстап үнсіз қалды. Бір-бірінің мінезін бала кезден жақсы білетіндіктен де тыйылды. Болмаса мына сырт көздің алдында көп жерге кетіп қалары хақ. Әңгімелері одан әрі жараспай, ә дегендегі амандықтың кем-кетігін толтырған боп біраз тұрысты да, томсырайып ажырасты.
* *
Институтпен есептескен Ержан ауылға кідірмей оралған. Мұның келуімен үй ішіне рең кіріп, әсіресе, Айымжан шешей қатты қуанды. Тіпті ағайындарын шақырып той-томалақтың ырымын да жасады. Хабар кейіндеп жеткен Сержан демалысқа қарсы келді. Тел өскен кос құрбы жүз көріспеген бірер жылдың ішінде қатты сағынысып қалыпты. Тамақтан соң екеуі өзенге келіп суға шомылып, күнге қыздырынды. Амантайдың қармағымен балық аулады. Араласпай кеткен аз жылдың ішінде бір-бірінің басынан өткен жаңалықтарды айтып, көп шүйіркелесті. Әсіресе, Сержан есіп жүр.
Өзі бүкіл совхоз сыйлайтын беделді маман болыпты.
Тіпті аудан басшыларының бірі: «Сенің қызметіңді еске-
реміз, ойда жүрген баласың»,— десе керек. Облыста
үлкен қызмет істейтін нағашысымен танысып қайтыпты.
Бірер жылдың көлемінде жоғарылап кетуі де мүмкін.
Ауыл ішінде арқа сүйер ағайынның жоқтығы қабырға-
сына батып жүр еді, Ержанның келгені жақсы болған.
Енді уақытты оздырмай орталықтан жер алып, үй
салуға кірісу керек. Раушан мен Амантай да кірпіш
құюға жарап тұр, екі-үш рет асарлатып жіберсе, қабыр-
ғасы да көтеріліп қалады. Бұл күнде құрылыс материал-
дарын табу қиын, бірақ оқасы жоқ, арзан бағамен Сер-
жанның өзі алып береді. Қазір келешегі бар қызметке
тұру да оңай емес. Ол үшін екеуі облыстағы Сержанныңнағашысына барып қайтуы керек.
-Біздің қызмет белгілі ғой,— деді Ержан,— жаңа
ашылған орта мектепке математик табылмай жатырекен, соған орналасармын.
-Ой, мұғалімдігің не?
Қызыл құмға кеудесін төсеп, арқасын күнге беріпжатқан Сержан басын жұлып алды.
-Жоғары білімің бар, саяси сауатың жетеді, кезкелген жұмысты киіп-жарып кетпейсің бе? Ең болмаса, мектептің директорлығын сұра.
Жыл жарымда жаңа кездескен бауырымен күн өт-
пей жатып кергілескісі келмеген Ержан сол жолы да
кеудесін тепкілеп, көмекейін кимелеген көп сөзді іркіпқалды. Ақырын ғана күрсініп:
Жарайды, ол мәселені кейін ақылдасармыз,— депәңгіменің бағытын басқа жаққа бұрды.
* *
Сезімтал шәкірт ұстазының көңіл-күйіндегі өзгерісті
жықпай таныды. Бірақ, оның себебін сұрауға батылыжетпеді. Ал ересектерге тән сұңғылалықпен тіміскі ойды арлы-берлі жүгіртіп, өзінше тон пішуге жас шәкірт әзірге жоқ еді. Жандостың әлемді шарлап алып-ұшкан қиялы канша ұшқыр болса да, үлкендер өмірі деп аталатын тосындау дүниенің табалдырығына келгенде кібіртіктеп калды. Ұстаздың тұйықталуын «жол соқтыға» әлде, басқаға жорырын білмеген шәкірт табиғатына тән тынымсыздықпен қозғалақтап біраз отырып, бірте-бірте баураған тәтті қиялының жетегінде кетті...
Ол емтихандардың бәрінен мүдірмей етеді. Содан кейін сабақ басталады. Бұл оқи береді, оқи береді, есепті шығара береді, шығара береді... Ешқайда қыдырмайды. Бірақ Назымға барып тұру керек шығар? Қанша дегенмен мектепте бірге оқыды ғой. Тұңғышбек те тапсырып жіберді. Айтпақшы балаларға хат жазады. Әрқайсысына арнап жаза ма, жоқ жалпы сәлем жолдай ма? Олар екі бригада болған жоқ па, сондықтан екі хат жазады. Алматыдағы жаңалықтардың барлығын хабарлап отырады. Ол үшін қыдыру керек екен-ау. Әрине, М. Әуезов атындағы драма театрына барады, опера ше? Медеу бар? Әттең менің орнымда Тұңғышбек болса, керемет суреттер еді. Тіпті поэма да жазып жіберетін шығар. Шіркін, Тұңғышбек жақсы жігіт қой. Ержан ағай шақыру әкелгенде менен арман қуанған сол болды. Бар, Жандос, «Шақырғанда бармасаң, шақырғанға зар боласың» деген жоқ па. Өзі бәле, мақал-мәтелдерді керемет көп біледі. Қыздар да қатты қуанды. Жайшылықта салмақты Маржанның өзі бар да бар деп қолқалады ғой. Осы Сәрсенбайға не жетпейді, деймін. Қашан көрсең, құйысқанға қыстырылады да жүреді. Тілі де шаяндай. «Қөзін ашқалы қой баққан Қалқабайдың тұқымынан да бір оқымысты шығатын болды-ау»,— дегендей әй, бір құлақ шекеден қайқайтып жіберудің реті келіп еді, әттең Тұңғышбек ұстап қалды. Оның үстіне ағайдан, қыздардан ұялдым. Қоя тұр, бәлем!
Ағай да өзінің сазайын берді-ақ. Майдалап отырыпжеді-ау. Шіркін, біздің ағай Алматыдан бекер келген ғой. Әйтнесе қазір үлкен ғалым болып жүрер ме еді?» «Балалар, біз көп нәрсені терең біле бермейміз,— деп қояды, ал өзі бәрін біледі. Нағыз бақытты адам ағай шығар, балалардың бәрі сыйлайды, тіпті басқа мұғалімдер де ақыл сұрайтын көрінеді. Бір рет совхоздың директорын да сөзден састырыпты. Бірақ өзі неге үйленбейді екен? Қазір ғой жиырма алтыда. Менен тоғыз жас үлкен. Тоғыз жылдан кейін мен де осы ағайдай болар ма екем? Маржанды жақсы көретін сияқты. Ол да қызық, ағайдан артық кімді табамын дейді екен. Бірақ өзі де ағайға қарағанда үзіліп кете жаздайды. Оқуы бітті, енді неге үйлене салмайды. Әнеугүні мектеп бітіру кешінен кейін екеуінің оңаша тұрғанын сары шаян Сәрсенбай көріп қойыпты.
Осы ағайды ауылда уақытша жүр, бір күні қайтадан шақырып әкетеді дегені рас па екен? Сонда біздің мектепте математикадан кім сабақ береді? Пенсияға шыққалы отырған Жаңбырбай ағай қайтып келе ме? Жоқ, ол кезде мен келемін.
Жас жігіт көтеріліңкіреп отырды. Кенеттен қасындағы ұстазына көзі түсті де, бейне бір ұрлық жасап қойғандай қуыстанып қалды. Алайда, Ержан шәкірт назарын байқаған жоқ. Тау етегінің тақтайдай тегіс тастақ жолына түскен машинаның майда жүрісіне мүлгіп отырған. Өзі сияқты аласа шәкіртінен сәл-ақ биік шағын жігіт бір түрлі бүрісіп қалыпты. Сырт көзге солай көрінсе де, Ержан қатты толқулы еді.
Үш жыл, бақандай үш жыл өтіпті оның астанадан кеткеніне, «Шегінуге жол жоқ, алдымызда жиырма бес», - деп әзілдеуші еді, университетті бірге бітірген жігіттер, бірі-бірімен ұшыраса қалғанда. Сол жиырма бестен де белгі, бедер тастамай-ақ өтіп кете бергені ме? Жолдастарының бір-екеуі қорғап та алды. Алматыда бұл армандаған зәулім үйлер салына бастайтындығын да естіді. Ержансыз-ақ шешіліпті ол есептер. Сонда, ауылға келіп не тындырды? Үй салды. Енді үй- ленсе жеңгелері айтқандай «өзі басалқалы кісі қатарына қосылып, әке-шешесінің қолын жылы суға малып қояр еді». Сол ғана ма? Осы ғана ма еді, оның арманы? Ойлы, оқыған азамат тұрмыстың төңірегінде ғана тырбанып тірлік етуі керек пе?
Қара басымның қамынан аса алмайтын қандай күйрек едім? Жігерсіздің жігерсізі екенмін ғой. Сонда мен арманым мен асыл мұратымды тұрмысқа тіреген тоғышармын ба? Тіпті, мектепте де бітіргенім шамалы. Бар тындырғаным бір айтқанымды он қайталап кешке дейін заржақтану ма? Рас, Жандостай шәкіртің республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды. Ал жақсы, басқа нең бар?
Тоқта, тоқта, жолдас Ералиев. Сен өзің есептесуге кеше бастағаннан саумысың? Оған әлі ерте. Жалпы мектеп мұғалімінің еңбегі өлшенер ме екен? Ешқандай есепке, ешқандай өлшеуге көнбес ол. Оның еңбегі шәкірттерінің бойына шым-шымдап кіріп, жемісін батпандап беріп жатпас па!
Қияндағы ауылдан шаңқай түсте шыққан машина қалаға жақындағанда қараңғылық көз байлап үлгерді. Алдарынан айналасын алауға бөлеген мол жарық көрінді. Ол жарық айдындағы кемеге жол көрсетер теңіз жағалауының шамын елестетті Ержанға. Бейне бір биік- тен бүкіл далаға көз жүгіртіп тұрғандай. Бұдан үш жыл бұрын ауылға үлкен мақсатпен оралған ұстаз енді мол жарықты сол биікке шәкіртін бастап бара жатыр...
КЕЗДЕСУ
Айғаншаның туған күнін үй іші болып оңаша өткізуді ұйғарды. Өткен жылы ғана отыз жасқа толғанын совхоздың барлық мамандарын шақырып дуылдатып, думандатып атап еткен. Жылда олай ете беру ретсіз. Совхоз директоры әйелінің туған күнін сылтауратып, қара- мағындағылардан сыйлық алуды әбден әдетке айналдырды деген әңгіме қау ете қалуы хақ. Былтыр да біраз сөз болып барып басылды. Айғаншаны қойшы, қырсығы Сабырды шалады. Басшыға сын көп. Сәл ғана сыбыс шықса, өсекті қызыл жалдың құмын суырғандай бұрқы- ратып ала жөнелетіндер алыстан іздетпейді. Оның үстіне туған күн деген семьяның қуанышы.
Есті келіншек ерінің осы айтқанын мақұл көрді. Ешкімді шақыртқан да, шақырған да жоқ. Алайда бұл ауылдың қай қазағы шақыртуға қараған, үй іші болып, оңаша шүйіркелесіп отырғанда бір топ қонақ сау ете қалды.
-Оу, Айекең туған күнін ұрлап өткізіп жатыр ғой,— деп совхоздың бас зоотехнигі Сұлтан сөйлей кірді. Сабырмен институтта бірге оқыған жолдас болғандықтан, бұл үйде өзін еркін сезінетін.
-Менің қарындасымда кінә жоқ, бәрі мына күйеу
баладан, тамағын қызғанып жүрген,-депАғабекте
әзілдеп жатыр.
Ол совхоздың бас бухгалтері еді, Айғаншамен ата-
ластығын арқаланып, жасы үлкен болса да, Сабырмен
қалжыңдаса береді.
-Ағабек-ау, менде не жазық бар, қазан-аяқтыңиесі қарындасың емес пе?
Айғаншаға тілі батпайтынын біліп, Сабыр да ағасының назын соған аудара сөйлейді. Директорға көңілдеріжақын екі бас маман келіншектерімен келген, әзілдесежүріп барлығы столға отырысты.
Айғанша үшін біраз тост көтерілді. Бірақ ішіп жарытып жатқан ешқайсысы жоқ. Содан ба, басталғанәңгіме де созылмай, шолтиып біте берді.
-Бас-еке, сызып жібермейміз бе?— деді Сұлтан әлден уақытта. Ерлер жағы соны күтіп отырғандай, журнал столына қарай жылжи берді.
Ойынның қызған кезінде телефон шылдырлады. Аупарткомның хатшысы екен.
-Ертең біздің ауданға Ғайни Қасымбекова бастаған бір топ артист келеді,— деді ол.— Облыстан шыққанда хабарласып отырып, шекарадан сен тосып ал.
Жастардың ішіндегі атағы жер жарып тұрғаны сол ғой,дұрыстап ұйымдастырыңдар.
-Ертелеп қыстауларды көріп келуге жүргелі отыредім,— деп Сабыр біраз қашқақтады. Оған хатшы көнер болмады.
-Таңертең таптырмайтыныңды біліп, түнделетіптелефон соғып отырмын. Парторгің де жоқ, өзің боласың, мен де барамын,— деп телефонды қоя салды.
Ғайни Қасымбекованың аты естілісімен үй ішіндегілер шулап кетті. Бірі даусын, бірі көркін мақтап ауыздарының суы құрыды. Әйелдер жағы оның телевизорғақай кезде қандай көйлекпен шыққанын анықтай алмай әуре. Тек Сабырдың көңілі ғана ашылмай қойды.Оныалғаш байқаған Сұлтан еді. Сабыр карта салған сайын:
-Шіркін, біздің Сәкеңдер жымын білдірмей жүредіғой,— деп қояды.
-Сұлтеке, бүлдірмей отыр,— дейді Сабыр.
Қатар жігіттердің қалжыңын Ағабек түсініп отырған жоқ. Бірте-біртеүйиесініңкөңілсіздігінбарлығыбайқады. Содан соң-ақ отырыстың сәні кетіп, қонақтар қайтуға жиналды. Кісілердің тез кетуіне күйеуініңтұнжырай қалуы себеп болғанын сезген Айғанша жуып-
шаюға тырысып, бәйек болды да қалды. Бірақ мейман-
дар ертеңгі жұмысты айтып кешірім сұрағаннан кейін,ол да келіскендей кейіп танытты.
Директордың көңілінің кенеттен құбылуын әркімөзінше жорамалдады. «Қүйеу бала болған соң ішек тартайын десең-ақ ішін тарта қалады. Сонда бұның не ойыбар?»— деп Ағабек келеді.
-Бірге оқыған жолдасым дейсің, көрдің бе, аңқыл-
дап келгеніңде жылы қабағын да көрсетпеді,— деп Сәуле күңкілдейді күйеуіне.
Әйеліне көзін кулана тастаған Сұлтан жымиды дақойды.
Ертең жұмыс күні болғандықтан Айғанша қонақтар-
дың ерте кеткеніне аса өкініш білдірген жоқ. Ас үйде
аяқ-табақпен әуреленіп кетті. Тек мұның туған күнінде
күйеуінің мінезі кенеттен өзгергеніне қылт ете қалды.
Бірақ бетке айтқан жоқ, қашанғы әдетімен ішінентынды.
Қонақтарын сыртқа шығарып салған Сабыр таза
ауада біраз жүрді. Ай сүттей жарық. Сары күздің сал-
қар түні салқын болғанымен суық емес. Жиын-теріннің
етек-жеңі әлдеқашан түріліп қара жерге қайтадан түрен
түссе де, қыркүйектің бұл өңірге бірде соғар, бірде соқ-
пас бұлыңғыры мен сыбылыңқысын тілеген дала бойын
әлі жимастан жатыр. Күйектен шыққан отарлардан бөліп алып калған өзінің жекеменшік койлары тұрған ашық-қораның касына келген Сабыр «шынында да қарашаның қара суығына дейін кыстау біткенді көріп шыққан жөн», деп түйді. Содан соң ертеңгі тірлік есіне түсіп, ерте тұру керек екенін ойлады. Бірақ бұл халінде кірпігі айқаса қоймайтынын да түсінді.