Әлімжанов Елен. Ә55 Оралу: Повестер мен әңгімелер



бет5/7
Дата20.06.2018
өлшемі275,11 Kb.
#43877
1   2   3   4   5   6   7
***

Институт қабырғасындағы асыға күткен алғашқы дәрістің бірі мал қорада өтті. Мұнда момақан мөлиген есектен бастап, күрт-күрт күйсеген қой, төрт қабырғаны тарсынып тыпыршыған жылқыға дейін тұяқты біткен түгел еді. Малдың жайын жақсы білетін ауыл жігіттері

гуілдесіп жүр. Әсіресе, жылқыны көргенде делебелері қозып, қаракер аттың жанына көбірек үйірілді. Жануардың қай тұқымнан екенін, сымбатын, сөз қып, біреулері жолын сүзіп, сауырынан сипап жатыр. Жұрттың көзінше сырын білмейтін малға жақындауға жүрексінген Са-

быр ғана сырттап тұрды. Не де болса, ұстаз сабағын аяқтағаннан кейін қара кермен оңашада ортақ тіл табыспақ еді. Студенттер кеткен соң ол жұрттан көргенін істеп, қолын алыстан созды да, моһ-моһылап қара керге жақындай бастады. Жемшөпке тойынып тұрған мал жаңағыдай емес, еліріп қалыпты. Бұл енді жеттім дегенде сырт айналып кетті. Екінші әрекеті де нәтижесіз аяқталды. Үшінші рет көздеген мақсаты орындалып, қара кер мойнынан касытып еді, бір кезде әлденеден секем

алды ма, басын кақшаң еткізгені, Сабыр ыршып кетті.

Сол сәтте сықылықтай жөнелген қыз күлкісі денесін мұздай су тигендей дір еткізді. Артына жалт бұрылып қараса, есіктің аузында ішек-сілесі қатып, кекілді қыз тұр.

Сабыр қапелімде қара керге кайта ұмтылудың да немесе шығып кетудің де ретін таппай состиған бойы қимылсыз қалды.

-Жігіт деген жылқыға батылырақ жақындар болар,— деді Сабырдың ыңғайсызданғанын сезген қыз күлкісін тез тиып.— Қорыққанды мал да біледі.

Содан соң ол қара керге жақындап мойнынан сипалай бастады. Қыздың сүйрік саусақтары кұлағының түбіне жеткенде жылқы тіпті пейілденіп басын шұлғи берді.

-Сірә, қаланың қаратаяғысыз-ау?—деді Сабырға жүзін бұрып сүйкімді жымиған қыз.— Оқасы жоқ, әлі-ақ достасып кетесіз бұлармен. Мал жарықтық та мейірімді сүйеді. Тек мейірімді болсаңыз болғаны.

-Ал мен сіз туралы солай, қалалық шығар деп ойлап едім,—деді өзінен-өзі ыржиған Сабыр...

Ол Ғайнимен осылай танысқан болатын. Өзі тұлғасы талдырмаш болғанымен шаруа ауылда өскен ширақ қыз екен. Тіпті малсақ. Қолы қалт еткенде қораға кіріп, қара кердің күтіміне қолқабысын тигізіп жатқаны. Кейде мұнда Сабыр да келеді. Ғайнидің сүйрік саусақтары сып-сып етіп, аттың шылбырын қалай тез шешкеніне, содан соң жон арқасын, мойынын, көзінің үстін икемді жүгіріп өткеніне қарап қызығып тұрушы еді. Ал өзі осы қарапайым қимылдарды қанша қайталаса да, жылқыға жанасымы жасанды шыққандай сезінетін. Жылқышының қызы Ғайни мұндайда жылқы малының қасиеттері, малды ауыл өмірі, оның сәні — жайлау салтанаты, боранды қыстағы қарбалас қимылдар туралы айтады. Қыз әңгімесін қызыға тыңдайтын Сабыр алдағы өзі араласар шаруасы туралы көп мағлұмат алған.

Олардың достығы осылай күнделікті қарым-қатынас барысында қалыптасып, бірте-бірте өмірлік қажеттілікке айнала бастады. Тіпті, сабақ үстінде де өзінен екі адам арыда Ғайнидің отырғанын сезіну, Сабыр көңіліне көп демеу болатын. Ұстазды ұзақ тыңдап кеткен жігіт бір сәт алғашқы дәрістің үстіндегідей селк ете түсер еді. Жоқ, мұны бұл кезде ешкім түртпейтін. Оң жағындағы кексе жігіт Керімбай да, сол жағындағы өзі кұралпы Сұлтанда партаға жабысып алып жазып жатады. Тіпті бұған назар да аудармайды. Оның жүрегін шартты рефлекске айналған белгісіз бір күні бүлк еткізетін. Содан соң ол Ғайниға қарайды. Жігіттің жалын жанарынан ұрланып ұшқан ұшқындар қыздың жұқалаң жүзіне тиіп шымырлатып өтеді де, сезім толқындарын ду көтереді. Алайда, осындай үнсіздіктің үстінде ғана оя- натын ұяң сезімдер көпке дейін екеуіне де құпиясын ашпады...

***

Студенттік шағындағы тұңғыш жаңа жыл кеші Сабыр өміріндегі ең бақытты күндердің бірі болды. Бөлмелес жігіттермен бірге институт өнерпаздарының концертіне келген. Оның орта тұсында сахнаға ақ көйлегі жер сызып, қызыл қамзолы жарықпен жалт-жұлт еткен Ғайни шықты. Осы уақытқа дейін қыздың бұл құпиясын тіпті білсейші! Көнігі артистердей кеудесін кере батыл адымдаған әншінің ашық қара көздері гүл-гүл жанады. Торғын жүзі балбырап, жұқалаң ерні жымиып тұр. Сабырдың жанын қытықтайтын жайлы жымиыс. Міне, әнші оркестрге сәл ғана бұрылып иек қақты да, оның баяу сазына құлақ тосып салмақтана қалды. Содан соң үлпілдеп ұшқан жұмсақ үн бірте-бірте биікке көтеріліп, кең залды кернеп кетті. Биік сахнаның ортасында үп десең ұша жөнелгелі тұрған кішкентай ғана бұлбұлдың сайраған әні отырғандардың бойына шым-шымдап кіріп, жүрегін шымырлатты. Сиқырлы әуен сәулелі кеудеге сыздықтай кұйылып, бірте-бірте бойды алды. Бұлбұл қыздың көмекейінен қалықтап ұшқан бозторғай ән аспан биік залдың астына симай көлемді қаланың көшелерін аралап кеткендей.

Бұл Сабырдың аса сүйіп тыңдайтын әнінің бірі «Ал- қоңыр» еді. Ән басталғанда-ақ оның жүрегі өрекпіп, дегбірі кетті. Содан соң мұңлы да назды әуенді алып ұшқан әсем үн жан дүниесін жайлап, бүкіл болмысы әнмен бірге қалықтап, әнмен бірге тербелді.

Кенет кең зал сілтідей тына қалды. Көз ұшынан көрінбей кеткен бозторғай қалықтап келіп қайтадан ұясына қонды. Жоқ, бұл қас қағымға ғана еді. Шатырлаған шапалақ зал ішін жаңғыртты.

Көпшілік қолқалаған соң қойсын ба, бұрынғыдан да бал-бұл жанған Ғайни сахнаға қайта шығып, тағы да ән орындады. Енді әуенге елтіп отырған жігіттің бойын құрбысына деген мақтаныш сезімі биледі. Кезек келесі өнерпазға тигенде ол үшін концертті одан әрі тыңдаудың еш мәні жоқтай кейіп танытып, орнынан тұрды. Ойы сахнаға жалғас қосалқы бөлмеге кіріп, осы әсері суымай тұрғанда қызды құттықтау еді. Алайда, Ғайнидың қолын кезек-кезек қысып жылы лебіз айтушылар мен қошаметтеп, қолпаштаушылар аз емес екен, солардан жол тимей тұрып қалды. Тап осы кезде тар балағы сидаң сирағын одан сайын сидитқан қара бұйра шашты қайрақтай лыпыған жігіт есіктен ентелей кіріп, өзгелерді киіп-жара қыздың қасына келді. Ол өзін:

-Композитор Сәнжан Әлпейісов,— деп таныстырды. Содан соң сүлік сорғандай боп-боз бетін орынсыз жыбырлатып, жылдам-жылдам сөйлеп кетті де, Ғайнидың қолынан лып еткізіп өте икемді сүйіп алды. Қызарып кеткен қыз қолын тартып аламын дегенше қолтығынан ұстап, топтан беліп әкетті. Жуық арада жіберер емес, шашы шегіне бастаған тайпақ маңдайын жалт- жұлт еткізіп, басын шұлғып-шұлғып қояды. Біресе қос қолын қусырып кеудесіне басады, біресе қыздың білегінен ұстайды. Кекілін түзеген болып, басынан сипайды. Әйтеуір аузы бір тынған жоқ. Онсыз да табысына басы айналған қыз жігіт әңгімесіне майдай еріп, мәз болып тұр. Тіпті бағанадан бері күткен Сабырды байқайтын да емес.

Мынадан кейін әлгінде ғана әнмен бірге аспанға
алып ұшқан сезімі сап басылған Сабыр одан әрі қалу-
ды ретсіз көріп сыртқа шықты. Жаңағы жайма-шуақ
көңілі жәбір көріп жасып келеді. Жабырқаған жанына
жұбаныш іздеген жігіт ннституттың мұз айдынына келді
де, кезегімен бір пар коньки алып, ерсілі-қарсылы есіп
жүрген көпшілікке қосылып кетті. Әйтсе де, айдынды
айнала жарқыраған самала шамдар мен саңқылдаған
музыка да, ары-бері зулаған жұрттың жарқын жүзі мен
әр жерден естілген әзіл-күлкі де жігіттің құлазыған
көңіліне қонақтай қоймады.


Сабыр бұнда да байыз таба алмаған соң қайтуға бет алғанда, өзін шақырған таныс дауысты құлағы шалды.
Айдынның шетінде аяғын қалт-құлт басқан Ғайни екен.
Апыр-ау, ол қашан келген?! Жігіт кілт бұрылып қыздың
қасына қалай жеткенін білмей қалды.


-Тіпті, керемет конькиші екенсің ғой,— деді Ғай-
ни.— Ал біздің ауылда мұз қататын өзен де жоқ, Жаңа
жыл кешінде коньки тепкен түгіл тәлтіректеп тұрысым
мынау...


Қыз сәл күрсініп сөзін үзіп сипақтап қалды. Арада-
ғы үнсіздікті Сұлтан бұзды.


-Ой, сол да сөз, болып па, тез-ақ үйреніп кетесің, кел біраз сүйейін.

Ол қыздың қиылған белінен кұшақтай ұстап, айдын-
ға алып шықты. Сол сәтте бүкіл дүние түрленіп сала
берді. Ақ түнде айдын үстінде ойнаған әр түсті сәуле
айқыш-ұйқыш асыққан жастардың жанарындай жалт-жұлт етеді. Репродуктордан құйқылжыған әуезді әуен
жүрек сазымен үндестік тауып, көкіректі кернейді...


Айдыннан шыққан екеу жатақханаға жеткенде Жаңа
жылға санаулы минуттар қалған. Сабырлардың бөлме-
сіндегі шағын дастарқанның басы гу-гу етеді. Әні-міні дегенше ақ шампан да ашылып, ақ тілектер ақтарылды. Көңілді кеш пен қуатты шарап жігіттің желпініп келген көңілін одан әрі желіктіріп жіберді. Отырыстың ортақ әңгімесі өз өнерінің төңірегінен табылған Ғайнн да езуі жиылмай елжіреп отыр.


-Сен қызды қысқы сессияда құлатып, институттан қуу керек,— деді бір кезде үлкендігіне салып батыл сөйлейтін кексе жігіт Керімбай.

Оның оқыс айтқан әзілін орынсыз керіп, отырғандардың барлығы аңтарылып қалды. Ғайнидің жүзіндегі күлкі де ғайып болды.

Тек Сұлтан ғана:

-Кітапханадан гөрі сыраханаға үйірсің, Ғайниден бұрын өзің кетіп қалып жүрме?—деп жолдасының сөзін жақтырмай қағытып өтті. Оны қаперіне де алмаған Керімбай:

Бұл қыздың орны консерваторияда,— деп жан- жағына қулана көз тастап, жымиып қойды.

Сонда барып жігіттер ду күлді. «Шынында да солай ма екен?»— деп ойлады Сабыр. Бағана өзін құттықтамаппын ғой.

-Әйтпесе,— әлі сөйлеп отырған Керімбай көз қиығын Сабырға бұрып иегін шошайтты,— мына қара сирақтардың бірі қолыңнан жетелейді де, ауыл қайдасың деп тартып отырады. Сөйтіп өнерің бір-ақ адамға бұйырады.

Мұнысы артықтау шықты. «Бөріктінің намысы бір» емес пе, бөлмелесі үшін өзі қысылып, шекесінен суық тер бұрқ ете түскен Сабыр қызды ыңғайсыз әңгімеден алыс әкету үшін:

-Билеп келсек қайтеді?—деді сыбырлап. Ғайни,үнсіз келісіп орнынан тұрды. Енді мал маманының ауыл өндірісіндегі ролі туралы қызыл өңеш болып айтысып жатқан топтың ортасынан екеуі елеусіз шығып кетті.

-Қонцерттен кейін неге кетіп қалдың?— деді ұзаққа созылған үнсіздікті алдымен бұзған Ғайни жігіттің кеудесіне басын сүйеп тұрып. Өкпелеген адамдай ұртын томпайта қойды.

-Әне бір, тайпақ шекемен тұрып алып, көз қырыңды да салмадың ғой.

Жігіт даусы да назды шықты.

-Ой, ол Сәнжан Әлпейісов деген композитор. Жаңағы мен айтқан «Шырайлымның» авторы. Осында студент жерлестеріне келген екен. Өзі бір қызық кісі сияқты. «Әнім орындаушысын енді тауыпты, жаңа аяқтаған тағы бір әнім бар еді, соны үйретейін, жүре қалыңыз»,— деп болатын емес. Асығыспын деп әрең құтылдым, сен де кетіп қалыпсың.

Қыз тағы да жорта бұртиды.

-Енді өйтпейсің ғой, ә?

-?!

-Неге үндемейсің?

-Жауабын жүрегім айтып тұрған жоқ па?

Қыз жігіт кеудесіне тығыла түсті.

-Алдамай ма?

-Онда өзімді де алдағаны. Бірақ, адамды өз жүрегі алдауы мүмкін емес.

-Сонда да қорқамын.

-Неден қорқасың?

-Алғашқы махаббат алдамшы болады немесе сәтсіздікпен аяқталады дейді ғой.

-Алдамшы болса махаббат емес, құмарлық қана. Ал сәтсіздікке келетін болсақ оны болдырмау үшін жолыңдағы кедергінің бәрін жеңіп шығуың қажет. Бағанағы Сәнжан Әлпейісов сияқты Қодарлармен күресу керек.

-Қодарың не? Ол композитор ғой.

- Жоқ, ол Қодар!

Жігіт солай деп сеніммен айтты да, қызды құшағынан босатып, әлдеқалай сынып түскен шыбықты тауып алды да қолын алға қарай созды.

-Махаббат сәтсіздікке ескі салттың құрсауы бұзылмай тұрғанда ұшыраған. Бірақ, ол кездегілер де өз бақыты үшін күрескен. Міне, солай былай...

Ол шыбығын ерсілі-қарсылы сілтей бастады.

-Мә, саған Сәнжан-Қодар! Сәнжан — Бекежан бұл сенің сыбағаң!

Балалықтың ауылынан алыстай қоймаған «батыр» тіпті тоқталар емес, ойына келген ойынына өзі риза болып екіленіп жүр. Ғайнидың да ішек-сілесі қатып қалыпты. «Батыр» қолындағы қанжар-шыбығы сынып біткенше «шайқасты». Содан соң Ғайнидың алдына батыл адымдап келіп, бір тізерлеп, басын иіп кеудесіне қолын қойды.

-Ханшам! Анталаған жауларыңыз жер қапты. Махаббат бағын енді ешқандай зұлымдардың аяғы баспайды. Оның бүкіл сұлулығы мен шәрбәті сіздің меншігіңізде!

Алма ағашының аясында тұрған Ғайни да паңдана қалды.

-Батырым, өмір кеші ұзап кеткен. Бұл заманда махаббатты қылышпен қорғай алмайсың.

-Бикеш, қай заманда болса да сүйіскен жандардың құдіретті қаруы- ыстық махаббаты мен шексіз сенімі, ортақ ойы мен құстың қос қанатындай қатар қалықтаған асыл армандары. Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарында өмір сүрген ғашықтар — Ғайни мен Сабырдың да асыл армандары ортақ. Біз сол армандарға осылай қол ұстасып сапарға шығамыз.

Ол орнынан тұрып, қызды құшағына алды да, жарқыраған жарықтан көзін көлегейлеп, ағаштардан ары биікке қарады. Бағана жапалақтап тұрған қар басылып, аспан шайдай ашылыпты. Сонау зеңгір көктен сансыз көп жұлдыздар жылы пейіл білдіріп, жымың қағады.

Түнгі тыныштыққа мүлгіген алма бағын өздері иеленген екеу жаңа жауып басылған ақ қардың үстімен алғашқы қадамдарын басты...

* *

Жаңа жыл кешіндегі концерттен кейін көп ұзамай институттың көркем өнерпаздар үйірмесіне Сәнжан жетекші болып келді де, азғантай уақытта ансамбль құрды. Сол- ақ екен, ансамбльдің де, оның белді әншісі Ғайнидың де атағы дүркірей бастады. Сан түрлі байқаулар мен конкурстерге қатысып жүлде алып жүрді. Бірақ Сәнжанның келуі Сабырдың көңіліне мазасыздық әкелді. Әйтеуір осы жігітті алғашқы көргеннен суханы сүймей-ақ қойды. Ғайни да соның әнін айтқыш. Өзге өнерпаздар кеткен соң да, екеуінің оңаша қалып, қара рояльдің жанында көп бөгелетіні бар. Неғып бітпейтін репитиция екенін білмейді. Ол азда десең «газетке жазатын едім дей ме-ау, киноға түсуге шақыратын едім, телестудияға хабарға қатыстыратын едік дейме-ау» әйтеуір әр түрлі сылтау айтып, Ғайнидің есігін қағушылар көбейіп кетті. Мұның бәрі Сабырдың жанын егеп, жүрегін сыздатты. Алайда қолы қалт еткенде өзін іздеп келіп тұрған Ғайниді көргенде көңілі қайта жадырайды.

-Ой, шаршадым Сабыр,— дейді Ғайни ондайда.— «Өлең айтсаң жаныңды жеп айтасың» деген аталы сөздің мағынасын енді ұғынғандаймын.

Сабыр енді аяй бастайды. Тіпті, оған қыздың жүзі сарғыш тартып жүдеп кеткендей көрінеді.

-Қоя қойсаң қайтеді?— дейді шын көңілімен.

-«Әуелі бұл шіркінді бастау қиын да, содан соң тастау қиын»,— деп күледі қыз.— Алда телебайқау тұр, институт намысын қорғамаса бола ма?

-Тағы да тайпақ шекенің әнін айтамын десеңші.

Сабыр түнеріп сала берді.

-Ол менің ұстазым ғой, әнін қалай орындамаймын.

-Ол Қодар!

Жігіт ызалана түседі. Ғайни Сәнжан туралы жылы лебіз айтқан сайын сайтаны қозады.

-Ақылды едің ғой, Сабырым,— дейді сол кезде қыз қос білегін жігіттің иығына салып. Алғашқы Жаңа жыл кешіндегідей құлағын Сабырдың кеудесіне тосады.

-Қай заманда болса да, сүйіскен жандардың қуатты қаруы — ыстық махаббаты мен шексіз сенімі, ортақ ойы мен құстың қос қанатындай қатар қалықтаған асыл армандары. Сенің жүрегің солай деп тұр ғой, батырым.

Қыз есіктен ентелеп кірген батырды ізетпен қарсы алған хан қызының кейпіне келе қалады. Сол-ақ екен Сабырдың көңіліне кірген сәл ғана кірбің сонымен шайылып, олар ыстық сезімнің еркіне беріліп кететін. Сол бір түндердің бірінде екеуінің де бойын буған бұйдасыз сезім бұрқан-тарқан болып бұзылып шықты.

-Қайдасың, Сабыр? Бармысың ойбай?

Тұрмыс бөлмесінде киімін әзірлеп жатқан Сабыр жатақхананы басына көтере жау шаптырып келген Керімбай екенін білсе де бұрылмады. Лекциядан соң ар жақтарына ел қонған жігіттердің ішін түстіктің тоғы түрткілеп бірдеңені ойлап шығарып жүретіндері бар.

Сондықтан да:

-Е, бармын,— деді де, одан әрі өз тірлігімен болды.

еудеңде жаның бар ма деймін? Ә, бұл қыздың туған күніне баруға дайындалып жатыр. Отырасың, иә, жанына, айырылдың қыздан.

імнен?

Мәселенің байыбына бармаса да, Сабыр аптығып тұрған жолдасының сөзіне тіксініп қалды. Ісін тастай беріп сұраулы жүзін бұрды, Керімбайдың шегір көзі шатынап, жұқа танауы едірейіп тұр.

Ғайнидан деймін!

Ту, сендердің қалжыңдарың-ай, іштерің толып
жүреді екен осы.


Сабыр үтігін қайта қолына алды.

Ойбай-ау, мынау иіс сезбес әлі сенбей тұр. Енде-
ше қазір Ғайниды
ң бөлмесіне баршы, Сәнжан екеуі
оңаша отыр. Қолында гүлі бар, келгеніне көп болды.
Мен сені іздегелі қашан!


Онда тұрған не бар?

Мына жауапты естіген Керімбай одан арман шаң-
қылдап кетті.


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет