Иманғали: Желтоқсанда бір сыр бар,
Жел соқсын, мейлі жаусын қар.
Ұмытылмас ешқашан.
Қайрат, Лязат қыршындар.
Қуаныш: Егемендік –бұл елімнің елдігі.
Егемендік-барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік-елін,жерін қорғаған.
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
Мұқағали: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгіллік сақталады.
І – жүргізуші: Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.
Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
ХОР: Тәуелсіз Қазақстаным! Туыңды биік ұстадың, Жасай бер жаса,Тәуелсіз Қазақстаным! Жасай бер жаса,Тәуелсіз Қазақстаным!
Мұғалім: Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
«Бірлік барда тірлік бар » деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!
Қорытынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Тәуелсіз елдің азаматтары!Жолдарың ашық, жарқын болсын.
Сөз кезегін мектеп директоры: Мақұлбеков Бақытжан Рахымжанұлына береміз.