Қайрат: Жолдастарыммен бірге.
Тергеуші: Жоқ, сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың, соның нәтижесінде ол қайтыс болды! Сен кінәлісің оған!
Қайрат: Сөйлесем даусым жетпейтін
Кез болдың мынау заманға,
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жалғанға.
Елбең, елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақсауыт киген темірден,
Алатаудай бабалар,
Аруағыңмен жебей көр.
Тергеуші: Сен өзің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?
Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді көргенім жоқ!
Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар! Орындарыңыздан тұрыңыздар сот келе жатыр!
Үкім: Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді»: Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын:
Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60 бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173тармағының -1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін.
Қайрат: Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар!
Мұғалім: Ал балалар біз Қазақстанның кеше, бүгін, ертеңіне тоқталайықшы.
І-бөлім: Руслан: Қазақстан-кеше
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көомеді.
Жылар тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Достарыңызбен бөлісу: |