1-оқушы. Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.
2-оқушы. Тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.
3-оқушы. Абылай заманы – батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.
4-оқушы. Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
5-оқушы. Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай шайқасқан.
6-оқушы. 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.
7-оқушы. Бұл – теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.
8-оқушы. Бұл күн – халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.
Мұғалім:
...1986 жыл желтоқсан айының 16 күні болған көтеріліс Қазақстанға Колбиннің жіберілуіен байланысты.16 желтоқсан күні Қазақстанның бірінші басшылығына Колбиннің тағайындалғанын естігенен соң,Алматыдағы театр және көркемсурет институтының 6студенті қаладағы жоғары оқу орындарының 12 жатақханасын аралап,17 желтоқсан күні таңертең үкімет үйінің алдындағы алаңға шығуға шақырған.Олар түнімен транспаранттар жазып дайындаған.300-жуық адам сағат 11 шамасында алаңнан кетіп,қала көшелерін аралады да мыңдаған адам болып алаңға оралады.Түске қарай қызметтегі барлық қызметкерлер жұмыстарын тастап алаңдағы халыққа қосылады.Үкімет шешіміне наразылар,кеудесінде ұлттық намысы,оты бар азаматтар ешкімнің ұгітінсіз-ақ алаңға қарай ағылады.Осы көтерілісте Ш.Қалдаяқовтың “ Менің Қазақстаным ” әні орындалады.
Кезінде дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан көтерілісі әлем жұртшылығы тарапынан әміршіл – әкімшіл, тоталитарлық жүйеге қарсы бағытталған тұңғыш демократиялық қозғалыс деген жоғарғы баға алғанын баршамыз білеміз.Қазақ жастарының көтерілісі қазақ жұртын әлемге әйгіледі,бодандықтан құртылуға ұмтылған елдер көбейіп,көп ұзамай қуатты империя тасталқан болып, егемен мемлекеттер пайда болды.
ІІ – жүргізуші:
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді.
Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |