«№ 8 жалпы орта білім беретін мектеп»ММ
Елін сүйген,елі сүйген Елбасы
(Ашық тәрбие сағаты)
Өткізген: 3 «А» сынып жетекшісі
Махамбетова Мереке
Шалқар қаласы
2014 жылы
Тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген Елбасы.
Мақсаты: 1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, видео, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев
Мұғалім: Негізі, қол бастаған көсемдерді, сөз бастаған шешендерді
Табиғат-Ананың өзі ерекше жаратылыспен толғатып туады деген рас болса керек. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-анасы Әлжанның алдыңғы көтерген құрсақтары шетінен шетіней беріп, ері Әбіш екеуінің ұзақ уақыт бір перзентке зар болып жүргенде көрген тұла бойы тұңғышы. Жаратқанның зарықтырып барып сыйлаған ерекше қызығы. Оның өзі жатқан бір сыр. Баласы мен келінінің сәби сүйе алмай жүргені олардан бұрын өзінің жанына қатты батқан Тетебала әже келіні Әлжанды қасиетті Райымбек бабаның басына апарып тәу еткізгенді жөн санайды
Осылайша Шамалғандағы Назарбайдың құтты шаңырағында ақ түйенің қарны жарылған той болды. Шілдеханаға ой мен қырдан құрметті қонақтар жиналады. Ат шаптырылып, көкпар тартылады. Үшқоңыр жайлауы әсем әнмен күмбірлеген күйге бөленеді. Тетебала әже мойнына бұршақ салып, Құдайдан сұрап алған немересіне ырымдап «Нұрсұлтан» деген есімді өзі телиді.
... Атақты Жамбыл атаның өзіне ғана көрінетін, тарыққанда қиналғанда қасына жататын қызыл жолбарысы болғаны белгілі. Жүз жасаған Жамбыл баба Алматы ауруханасында бақи дүниеге кетерде, өмір бойы ақынды желеп-жебеп келген жолбарысы қанша шақырса да қайырылмай, кешкісін батысқа қарай кетіп қалады. Үш рет айқайласа да өмір бойы киесі, пірі болған жолбарыс артына қарамайды. Сол күні Жамбылдың алып жүрегі тоқтапты. Қарасай батыр мен Сұраншы батырдан «Жырдың қызыл жолбарысы» атанған Жамбыл бабаға жеткен соң киелі қызыл жолбарыс қайда кетті? Ешқайда кетпеген,сол шыққаннан Назарбайдың Әбішінің қара шаңырағына тоқтап, киіз үйдің көлеңкесіне келіп жатыпты.Бес жастағы Нұрсұлтан босағада жатқан қызыл жолбарысты қасына барып, құлағынан тартып, маңдайынан, арқасынан сипаған екен. Ал жолбарыс баланың аяғын жалап, қолын иіскепті.Еркелеп,құйрығын бұлғандатқан.
Сол күндері Тетебала әже түс көріпті.Түсінде немересі Нұрсұлтан ақ боз арғымаққа мініп, ақша бұлттың үстінде құйғыта шауып барады дейді. Ақ әже келешекте бала халық құрметтейтін,көш бастайтын үлкен азамат болады екен деп жорыпты.
«Жақсы түс - жарым ырыс», ал «жақсы есім баланың жолын ашады» дейді, шынында да,Алланың қалауымен,ананың ақ жарқын тілеуімен өмірге келген ақ жолтай ұл-Нұрсұлтан әлемге ақ шуақты нұрын шашқан,ақыл-ойымен жаһан жұртын еріксіз баураған патша-сұлтан болды.Ақылына келбеті сай Елбасының ұлтының ұлы мұраты жолындағы асқақ та шапағатты істері әлем жұртын таңғалдырған үстіне таңғалдырып келеді
«Балалық шағымның аспаны» кино филімінен үзінді
Бақытжан Талант «Атамекен» әні
1-оқушы:
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
2-оқушы:
Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.
3-оқушы:
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
4-оқушы:
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,
Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде...
5-оқушы:
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
Бірінші қатарда солдан оңға қарай інісі- Сатыпалды, апасы Әнипа. Екінші қатарда Нұрсұлтан Назарбаев, анасы- Әлжан, әкесі-Әбіш. Үшінші қатарда ағасы - Болат Назарбаев, нағашы апасы.
6-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
7-оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
8-оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
9-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
10-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
11-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
13-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр
14-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
15-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтындаршы, енді елім кем де неден?
16-оқушы:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп хәліміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.
17-оқушы: Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
18-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
19-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
(Әнұран айтылады)
20-оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
21-оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
22-оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
«Кім тапқыр» ойыны.
Туған жердей жер болмас....
Отан үшін отқа түс.....
Отанды сүю отбасынан ....
Отан – елдің....
Ел - ердің....
Отансыз адам ......
1.ҚР-ның рәміздерінің бірі
2.Нұрсұлтанның анасының аты кім?
3.Нұрсұлтанның әжесінің аты кім?
4.Нұрсұлтанның туған ауылы
5.Астана қай өзеннің маңында орналасқан?
6.Елбасы жұмыс жасаған шахта қай қалада орналасқан?
«Сөзжұмбақ»
|
|
|
|
|
|
|
|
пЕ
|
лЛ
|
тТ
|
аА
|
ңҢ
|
бБ
|
аА
|
|
|
|
|
|
|
|
әӘ
|
лЛ
|
жЖ
|
аА
|
нН
|
|
|
|
|
тТ
|
еЕ
|
тТ
|
еЕ
|
бБ
|
аА
|
лЛ
|
аА
|
|
|
|
|
|
|
|
шШ
|
аА
|
мМ
|
аА
|
лЛ
|
ғҒ
|
аА
|
нН
|
|
|
|
|
|
|
|
еЕ
|
сС
|
сІ
|
лЛ
|
қҚ
|
аА
|
рР
|
аА
|
ғҒ
|
аА
|
нН
|
дД
|
ыЫ
|
Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Қорыту: Әр оқушыға жеке парақ қағаз таратылады. Оқушылар өздерінің Елбасына деген жылы лебіздерін жазады.
(Әнұран айтылады)
Достарыңызбен бөлісу: |