Әліппе. Оқыту әдістемесі



бет54/175
Дата03.02.2023
өлшемі4,89 Mb.
#167329
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   175
Байланысты:
ліппе о ыту дістемесі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
(1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.

«Сақина салмақ» ойыны.










108






2. Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық ахуал орнату.
Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады, сонымен қатар бүгінгі сабаққа қажетті алдыңғы
білімдерін еске түсіреді. Топтық жұмыс түрінде ұйымдастыруға болады.

Оқушының қолында өткен әріптерге қатысты сөз жазылған қағаз болады. Оны кез келген оқушының қолына салып кетеді, ол оқушыны балалар табады, сөз берілген оқушы сөзді оқып, сол әріп туралы білетінін айтып береді, айта алмаса, айып ретінде өз
өнерін көрсетеді.




Ақ қағаз

Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Т» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«Т т» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Т т» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.
1. Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау:

а) Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:
– Суреттегі үлкен кісі кім?

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.

  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Бұл – ата. Ол баланы атқа отырғызды. Бала – атаның немересі».

  2. Әңгіме құрамындағы сөйлемдер санын анықтайды.

  3. «Ол баланы атқа отырғызды» сөйлемінде неше сөз бар екендігін анықтайды.

  4. Өтілетін жаңа дыбысы бар «ат» сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Сөзде бір дауысты дыбыс болғандықтан, бұл сөз бір буынды екендігі айтылады.

  5. «Ат» сөзін «ат-т-т» деп созып айтып, жаңа

«т» дыбысын анық естиді.

Қолдау

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.



Суреттер, оқулық

Сызба


Сызба, оқулық


109






  • Бұл – ата.

  • Ол не істеді?

  • Ол баланы атқа отырғызды.

  • Бала атаға кім боп келеді?

  • Бала – атаның немересі.

Күтілетін нәтижені балалармен талдау.

  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Бұл – ата. Ол баланы атқа отырғызды. Бала – атаның немересі».

  2. Әңгімені құрамындағы сөйлемдерге талдау.

  3. Осы әңгіменің ішіндегі «Ол баланы атқа отырғызды» сөйлемінде неше сөз бар екендігін анықтау.

  4. Өтілетін жаңа дыбысы бар «ат» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Сөзде бір дауысты болғандықтан, бұл сөз бір буынды екендігін анықтайды.

  5. «Ат» сөзін «ат-т-т» деп созып айту.

  6. «Т» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  7. «Т» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  8. Түймелерден «т» әрпін жасау.

  9. «Дыбысты естиміз, әріпті көреміз және жазамыз» қорытынды пікірін тәжірибе жүзінде меңгеру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет