Әліппе. Оқыту әдістемесі



бет28/104
Дата02.02.2022
өлшемі5,67 Mb.
#117037
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   104
Байланысты:
Әліппе КТП и ҚМЖ

Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:



  1. деңгей:

«Асу» сөзінен жаңа сөздер жаса.

  1. деңгей:

«Асу» сөзінің түсіндірмесін сөздіктен тауып айт.

  1. деңгей:

«Асу» сөзімен сөйлем құра.

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.



  1. деңгейдегі оқушылар «асу» сөзінен жаңа сөздер жасайды: ас, су.

  2. деңгейдегі оқушылар «асу» сөзінің түсіндірмесін «Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралынан тауып айтады.

  3. деңгейдегі оқушылар «асу» сөзімен сөйлем құрайды.




Оқулық


«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы


100






Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу.










Рефлексия



Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.




Рефлексия тақтайшасы




  1. сабақ




Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты- жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

О дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры байиды, сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды; байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.

Тәрбиелік: Отанын сүюге, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей білуге талпынады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

«Сақина салмақ» ойыны. Оқушының қолында өткен әріптерге қатысты сөз жазылған қағаз болады.

Оны кез келген оқушының қолына




Ақ қағаз



101






Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады, сонымен қатар бүгінгі сабаққа қажетті алдыңғы білімдерін еске түсіреді. Топтық жұмыс түрінде ұйымдастыруға болады.

салып кетеді, ол оқушыны балалар табады, сөз берілген оқушы сөзді оқып, сол әріп туралы білетінін айтып береді, айта алмаса, айып ретінде өз өнерін көрсетеді.







Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «О» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

«О о» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«О о» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

1. Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау:

а) Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:



  • Апа қайда от жақты?

– Апа ошаққа от жақты.

  • Ол не пісірді?

  • Ол бауырсақ пісірді.

Күтілетін нәтижені балалармен мұқият тыңдайды.




  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Апа ошаққа от жақты. Ол бауырсақ пісірді. Бауырсақ өте дәмді».

  2. Әңгіме құрамындағы сөйлемдер санын анықтайды.

  3. «Апа ошаққа от жақты» сөйлемінде неше сөз бар екендігін анықтайды.

  4. Өтілетін жаңа дыбысы бар «ошақ» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «о-шақ» деп буынға бөледі.

  5. «О» бірінші буынын айтып, оның созылып, әндетіп айтылып тұрғанын анықтайды.

Қолдау


Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Суреттер, оқулық
Сызба

Сызба, оқулық




102






  • Бауырсақ қандай?

  • Бауырсақ дәмді.

ә) Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме құрау: Апа ошаққа от жақты. Ол бауырсақ пісірді. Бауырсақ өте дәмді.

  1. Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтау.

  2. Қажетті сөйлемді (Апа ошаққа от жақты) бөліп алып, оны сөздерге (Апа, ошаққа, от, жақты) ажырату.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «ошақ» сөзін бөліп алып, дыбыстық талдау жасау.

  4. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  5. «О» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  6. «О» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  7. Моншақтардан «о» әрпінің сұлбасын жасау.

  8. «Дыбысты естиміз, әріпті көреміз және жазамыз» қорытынды пікірін тәжірибе жүзінде меңгеру.

(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

Оқылым.

  1. Мұғалімнің оқулықтың 30-бетінде берілген сөздер мен мәтінді оқушылармен бірге буындап, тұтастай оқуы.

  2. «О» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін тұстарымен таныстыру, оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  3. Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің алдына (ол  сол, он  сона), соңына (ор  ору)

  1. «О» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  2. Моншақтардан «о» әрпінің сұлбасын жасайды.



  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

  4. «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «ор», «Отан» сөздерінің

Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.


Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Мақтау

Оқушыларға қолдау көрсету.


Моншақтар

«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы


Оқулық


103






тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.

Жазылым

  1. Оқулықтағы «О» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «О» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «О» әрпін ауада жазып көрсету.

  4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.

түсіндірмесін мұғалімнің көмегімен тыңдайды.



  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы О әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазады.

  2. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс –

«Бәрекелді!», «көк» түс –

«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».




Жазу дәптері



Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:



  1. деңгей:

Дыбыстық сызбаға сәйкес келетін суретті тап және ата.

  1. деңгей:

О дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықта.

  1. деңгей:

Берілген сөздермен сөйлем құра.

«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс

Мұғалімнің мақалдың мағынасымен жұмысты QR немесе үнтаспадан тыңдату

арқылы ұйымдастыруы. Бүгінгі сабақтың

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.




  1. деңгейдегі оқушылар дыбыстық сызба қай сурет атауына сәйкес келетіндігін табады: доп.

  2. деңгейдегі оқушылар С дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықтайды.

  3. деңгейдегі оқушылар «от», «орақ»,

«доп» сөздерінің бірімен сөйлем құрайды.
1. Оқушылар «Отан оттан да ыстық» мақалын тыңдайды.




Оқулық



104






тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу. Сабақты

«Отан оттан да ыстық» деген қорытынды пікірмен аяқтау.



  1. Мақалдың мағынасын өз ойларымен түсіндіруге тырысады.

  2. Отан оттан да ыстық екендігін түсінеді.




Әліппе. Үнтаспа.

«Атамұра», 2020



Рефлексия



Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.




Рефлексия тақтайшасы





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет