жарты жылға уақытша алмалы-салмалы пластиналы протез жасау 1
177.Ауруханаға 5 жастағы бала П., сол жақ жоғарғы жақ аймағындағы ауырсынуға және ісінуге, әлсіздікке, меңзеңдікке шағымданып келді. Обьективті: сол жақ жоғарғы жақтың жұмсақ тіндерінің ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Осы аймақта диаметрі 2.0х1.5см. болатын инфильтрат анықталады. Үстіндегі тері жамылғысы қызарған. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 6.4 тіс сауытының ½ бұзылған, перкуссияда ауырсынулы. 6.3,6.4,6.5 тістер деңгейіндегі өтпелі қатпар жазылған, қызарған, ісінген, қысымдалған, пальпацияда ауырсынулы. Болжам диагноз қойыңыз және хирургиялық емнің әдісін таңдаңыз:
6.4 тістің созылмалы периодонтитінің асқынуы, 6.4 тісті жұлу
жедел іріңді периодонтит, 6.4 тіс түбірі ұшының резекциясы
6.4 тістен болған жедел іріңді остеомиелит, остеоперфорация
жоғарғы жақтың жедел іріңді периоститі, периостотомия, 6.4 тісті жұлу 1
6.4 тістен болған жақасты аймағының флегмонасы, іріңдікті дренаждау
178. Ауруханаға 5 жастағы бала В., оң жақ төменгі жақ аймағындағы ісіуге, ауырсынуға, дене температурасының 37,5 С дейін көтерілуіне, әлсіздікке шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша 8.5 тістегі ауырсыну 5 тәуліктен бері мазалайды, 2 тәулік бұрын ісіну пайда болып жағдайы нашарлаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. . Общее состояние средней степени тяжести.Температура-37,4 С, ТАЖ24 мин, ЖСЖ-106 рет мин. Оң жақ төменгі жақасты аймағының ауырсынуна байланысты беті асиметриялы. Осы аймақта диаметрі 4,0×4,0 см болатын инфильтрат пальпацияланады, терісі қызарған, ісінген, қысымдалған. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 8.5 тіс сауытының
½ бұзылған, перкуссияда ауырсынулы. Оң жақ тіласты науасы қызарған, ісінген, пальпацияда ауырсынады. Болжам диагноз қойыңыз:
8.5 тістен болған иекасты аймағы флегмонасы
8.5 тістен болған жақасты аймағы флегмонасы 1
8.5 тістен болған жұтқыншақ маңы аймағы флегмонасы
8.5 тістен болған подмассетериалды аймақ флегмонасы
8.5 тістен болған ұрт аймағы флегмонасы
179. Ауруханаға 5 жастағы бала Р., келді. Дәрігер 6.5 тістің созылмалы периодонтитінің асқыну диагнозын қойды. Жергілікті жансыздандыру арқылы 6.5 тісті жұлу операциясы жоспарлануда. 6.5 тісті жұлуға арналған құралды және дәрігер қалпын анықтаңыз:
тіке қысқыш, науқастың алдыңғы оң жағында
тіке элеватор, науқастың алдыңғы сол жағында
әмбебап қысқыш, науқастың алдыңғы оң жағында
Достарыңызбен бөлісу: |