1.2 тіс түбірінің сауыттық сынуы 1
1.2 тіс сауытының толық жұлынуы
1.2 тістің тіке сауыт-түбірлік сынуы
183. Ауруханаға 11 жастағы бала М., төменгі тістер қызылиегіндегі ауырсыну мен ісінуге шағымданып келді. Жергілікті қарау кезінде: беті симметриялы. Ауыз ашылуы еркін. Ауыз кіреберісінің тереңдігі 3 мм құрайды, сөйлеу кезінде төменгі ерні аз қозғалмалы. Төменгі еріннің үзбесі анық емес. 3.1, 4.1 тістер аймағында қызылиек жиегі қызарған және пальпация кезінде ауырсынулы. Болжам диагноз қойыңыз және хирургиялық ем түрін анықтаңыз:
тілдің қысқы үзбесі, френуллопластика
жоғарғы еріннің қысқа үзбесі, хейлопластика
альвеолярлы өсінді деформациясы, альвеолопластика
ауыз қуысының ұсақ кіреберісі, вестибуллопластика 1
ауыз кіре берісінің кілегейлі тартылулары, альвеолопластика
184. Ауруханаға 12 жастағы бала Ж., ауыз ашуы кезінде оң жақ самай-төменгі жақ буыны аймағында сықырлауға шағымданып келді.
Қарау кезінде: беті симметриялы. Пальпация кезінде оң жақ самай-төменгі жақ буынында ауырсыну, қозғалту кезінде сықырлау анықталады. Самай-төменгі жақ буыны аймағында күш түсіру симптомы оң мәнді. Ауыз ашылуы оң жақта ауырсынулы. Тістем бұзылған. Тіласты үзбесі қалың, қысқа тартылыс түрінде тілдің ұшына
бекіген. 3.1, 3.2, 4.1, 4.2 тістердің
тығыздалып орналасуы анықталады.
Болжам диагноз қойыңыз:
самай- төменгі жақ буынының екіншілік деформирлеуші остеоартрозы
самай- төменгі жақ буынының ауырсынулы дисфункциясы 1
самай- төменгі жақ буынының сүйектік анкилозы
оң жақ самай- төменгі жақ буынының тыртықтық анкилозы
самай- төменгі жақ буынының неоартрозы
185. Жаңа туған сәби М., 2 тәуліктік. Жоғарғы ерін, альвеолярлы өсінді, қатты және жұмсақ таңдай аймағындағы ақауға, тамақтану мен демалуының бұзылысына шағымданады. Анамнезінен: патология туа пайда болған. Бала гипоксиямен туылған. Қарау кезінде: беті жоғарғы еріндегі, альвеолярлы өсіндіге, қатты және жұмсақ таңдайға жалғасқан ақауға байланысты асимметриялы. Жоғарғы еріннің ортаңғы бөлігінің қысқарғаны, мұрынның оң жақ терілі-шеміршекті бөлімінің деформациясы анықталады. Ауз ашылуы еркін. Таңдай аймағында мұрын қуысымен байланысатын ақау бар. Жұмсақ таңдай қысқаруы, жұтқыншақтың ортаңғы бөлігінің кеңеюі анықталады. Болжам диагноз қойыңыз және осы мезеттегі емдеу түрін анықтаңыз: