дентин құртжегісі, 4.6 тістің визиографиясы 1
сынатәрізді ақау, сиалография
жүйелік гипоплазия, қанның биохимиялық анализі
193. Ауруханаға 10 жастағы бала оң жақ тіласты аймағындағы ісінуге шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша жоғарыдағы шағымы соңғы 6 айда пайда болған және кезеңді түрде ұлғайып, қайта кішірейіп отырған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене температурасы -36,4С, ТАЖ -20 рет мин, ЖСЖ-88 рет мин. Беті симметриялы, ауыз ашылуы еркін. Оң жақ тіласты аймағында диаметрі 3,0×2,0 см инфильтрат пальпацияланады, үстіндегі кілегей қабаты көкшіл реңді ашық-қызғылт түсті, пальпацияда ауырсынбайды. Болжам диагноз қойыңыз және хирургиялық ем түрін анықтаңыз:
ауыз қуысы түбінің дермоидты кистасы, цистоэктомия
оң жақ сілекей безінің ретенционды кистасы, цистотомия
оң жақ құлақмаңы сілекей безінің ретенционды кистасы, цистоэктомия
оң жақ тіласты сілекей безінің ретенционды кистасы, цистотомия 1
оң жақ жақасты сілекей безінің ретенционды кистасы, цистоэктомия
194. Ауруханаға 13 жастағы бала Н., сол жақ ұрт аймағындағы ісіну мен ауырсынуға, дене температурасының 38,5 С дейін көтерілуіне, әлсіздікке шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша жоғарыдағы шағымдар 5 тәуліктен бері мазалайды, жағдайы нашарлаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы38,4 С, ТАЖ-24 рет мин, ЖСЖ-106 рет мин. Сол жақ ұрт аймағының ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Осы аймақта диаметрі 4,0×4,0 см болатын инфильтрат пальпацияланады,инфильтрат
үстіндегі терісі қызарған, ісінген, қысымдалған. Инфильтрат ортасында 4 іріңді өзек анықталады, пальпацияда ауырсынады. Ауыз ашылуы ауырсынулы. Ауыз қуысы кілегей қабаты ашық- қызғылт түсті. Болжам диагноз қойыңыз және тілік жасау түрін анықтаңыз:
сол жақ ұрт аймағының флегмонасы, инфильтраттың төменгі жиегі бойымен тілік жасау
сол жақ ұрт аймағының карбункулы, кресттәрізді тілік жасау 1
сол жақ ұрт аймағының абсцедирлеуші фурункулі, инфильтрат ортасы бойымен тілік жасау
сол жақ ұрт аймағының лимфадениті, инфильтраттың төменгі жиегі бойымен тілік жасау
сол жақ ұрт аймағының целлюлиті, инфильтраттың жоғарғы жиегі бойымен тілік жасау
195. Бала 11 жаста. Шағымы жоқ. Ауыз қуысында 1.6 тіс түсі өзгерген, тамақ қалдықтарына толы кариес қуысы бар. Түбір өзектер сағасын сүңгілегенде аздап ауырсынады, бұзылған тіндер анықталды және жағымсыз иіс бөлінеді. Перкуссия ауырмайды. Рентгенограммада: түбірлер толық қалыптасқан, түбір айналасындағы тіндерде патологиялық өзгерістер жоқ.
Болжамды диагноз қойыңыз.
Созылмалы фиброзды периодонтит
Созылмалы фиброзды пульпит
Созылмалы гранулярлы периодонтит
Созылмалы гангреналық пульпит 1
Созылмалы гипертрофиялық пульпит
196. Бала 12 жаста. Тістерінің ұсқынсыздығына шағымданады. Ауыз қуысында 1.4 1.3 1.2 1.1 2.1 2.2 2.3 тістер бор тәріздес түсті, жылтыры жоқ. Кіреукеде қоңырқай түсті дақтар бар. Дақтардың орта тұсында дөңгелек пішінді диаметрі 1,5мм кіреуке ақаулары анықталды. Ақау түбінде қоңыр түс қоюлана түседі. Диагноз қойыңыз.
Беткейлік кариес, декомпенсациялық түрі
Достарыңызбен бөлісу: |