эпидемиялық сиалоденит 1
жалған сиалоденит
Микулич ауруы
Шегрен синдромы
жедел іріңді сиалоденит
315. Клиникаға 39 жастағы М. науқас төменгі сол жақта тістің ауырсыну, ауыз ашылуының шектелуі, ұрттың ісінуі, дене температурасының 38,00С жоғарлауы, әлсіздік, мазасыздық шағымымен келді. Объективті: сол жақ ұрт аймағы жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен беттің асимметриясы. Бет терісі қалыпты түсті. Ауыз ашылуы шектелген 2 дәрежеде. Ауыз қуысында 4.8 тістің медиальды төмпешіктері кілегей қабық үстінде, дистальды төмпешігі астында орналасқан. Күлпара астынан көп мөлшерде іріңді бөлініс бар. Жергілікті лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынулы. Алғашқы диагноз қойыңыз:
жедел катаральлы перикоронорит
жедел іріңді перикоронорит 1
молярарты периостит
сол жақ ұрт аймағының абсцесі
қанат-төменгі жақ қатпарының абсцесі
316. Науқас Н., 50 жаста, аузын жабу мүмкін еместігі, құлақмаңы-шайнау аймағының жоғарғы бөлігінде ауырсыну шағымымен келді. Анамнезінен: аузын кең ашу, тамақтану кезінде бірдеме шерт етті және науқас аузын жаба алмады. Осындай жағдай 2 жыл мерзімінде қайталануда. Объективті: беттің төменгі бөлігінің ұзаруы және иектің алдыға ығысуы есебінен беттің асимметриясы. Ауыздан сілекей мол бөлінеді, бірақ тілі құрғақ. Сол және оң жақ құлақ бүртігінің алдында тіндер артқа ығысады, ал бет доғасының астында буын өсінділерінің бастары пальпацияланады. Тістесуі ашық. Рентгенограммада төменгі жақтың жазық басы анықталады. Клиникалық диагнозды қойыңыз және емдеу тәсілін анықтаңыз:
артқы орнынан таю, артропластика
буын өсінділерінің сынығы, остеосинтез
үйреншікті алдыңғы орнынан таю,
Гиппократ бойынша орнына салу 1
анкилоз, артропластика
деформациялық остеоартроз, остеотомия
317. Клиникаға 57 жастағы Я. науқас аузын жабу мүмкін еместігі, ауыздан мол сілекей ағуы шағымымен келді. Анамнезінен: есінеу кезінде самай-төменгі жақ буындары аймағында сықырлау пайда болған, одан кейін науқас аузын жаба алмаған. Рентгенограммада: буын төмпешігің алдыңғы ылдиында орналасқан төменгі жақтың буын бастары анық анықталады. Буын ойысы еркін. Бұл көрініс төменгі жақтың қандай орнынан таюына тән:
Достарыңызбен бөлісу: |