Эмаль тіс жегісі, реминералдаушы терапия +



бет1/81
Дата05.06.2023
өлшемі157,96 Kb.
#178296
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
тест


1.Емханаға алдын-ала қаралу мақсатында 20 жастағы науқас келді. Ауыз қуысын қараған кезде 3.3 тістің мойын аймағында жылтырлығын жоғалтқан ақ бор тәрізді дақ анықталды. Зондтау кезінде зонд оңай жылжиды, ауырсыну жоқ. Кариесмаркерді жаққан кезде дақ көкшіл түске боялды. Диагноз қойып, аталған тісті рациональды емдеу әдісін анықтаңыз.
Дентин тіс жегісі, дақты тегістеу
Эмаль тіс жегісі, реминералдаушы терапия +
Гипоплазия, тіске металдыкерамикалық сауыт дайындау
Сына тәрізді ақау, тісті пломбалау
Флюороз, гелий-неонды лазерлі терапия
2. Емханаға 32 жастағы науқас Т., тәттіден және қышқылдан болатын қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданып келді. Ауыз қуысын қараған кезде: 1.7 тістің шайнау беткейінде жүлгелер аймағында эмаль деңгейіндегі жегіленген қуыс анықталды. Қуыс түбін зондтау ауырсынусыз. ЭОД= 6 мкА. Клиникалық диагноз қойып, емдеу әдісін таңдаңыз.
Дентин тіс жегісі, эмальды тегістеу
Цемент тіс жегісі, фторлак жағу
Флюороз, дақты түрі, реминералдаушы терапия
Эмаль тіс жегісі, тісті пломбалау +
Ошақты гипоплазия, 10% кальций хлорид ерітіндісімен электрофорез
3. 29 жастағы науқастың ауыз қуысын тексеру барысында 1.4 тістің мойын аймағындағы жегіленген қуыс анықталды, қуыс түбі дентин деңгейінде орналасқан. Тіс түсі өзгермеген. Қуыс түбін зондтауауырсынусыз, қабырғалары бойымен ауырсынады. Перкуссия ауырсынусыз. ЭОД=10 мкА. Клиникалық диагноз қойып, емдеу әдісін анықтаңыз:
Эмаль тіс жегісі, реминералдаушы терапия
Дентин тіс жегісі, тісті пломбалау +
Цемент тіс жегісі, фторлак жағу
Сына тәрізді ақау, тісті пломбалау
Ошақты гипоплазия, реминералдаушы терапия
4. Емханаға 46 жастағы науқас Р. төменгі жақ аймағындағы өздігінен болатын ұстамалы ауырсынуға шағымданып келді, ауырсыну құлақ аймағына таралып, түнге қарай күшейе түседі. Себепші тісті дәл көрсете алмайды. Ауыз қуысын қараған кезде: 3.6 тістің шайнау беткейінде терең тіс жегі қуысы анықталды, қуыс түбін зондтау ұзақ мерзімді ауырсынады. Қуыс түбі мен жиектері жұмсақ, дентин сарғыш түсті, оңай алынады. Температуралық тітіркендіргіштер ұзақ мерзімді баяу басылатын ауырсыну тудырады. Перкуссия ауырсынусыз. Алғашқы диагноз қойып, диагностика әдісін анықтаңыз:
Созылмалы периодонтит, перкуссия
Созылмалы пульпит, пальпация
Жедел периодонтит, рентгенография
Дентин тіс жегісі, витальды бояу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет