вирустық сиаладенит + созылмалы сиаладениттің өршуі
жедел іріңді сиаладенит
калькулезді сиаладенит
сілекей бездеріндегі кисталар
29. Клиникаға 19 жастағы К. есімді науқас таңдай аймағындағы ақауға, тамақтануының, тынысының, сөйлеуінің бұзылысына шағымданып қаралды.Анамнезінен: туа біткен патология. Жергілікті тексергенде: бетінің ортаңғы бөлімінің қысқаруы әсерінен бетінде асимметрия. Аузын еркін ашады. Қатты және жұмсақ таңдай аймақтарында күрек тістік тесікті қамтыған ақау бар, жұмсақ таңдайы қысқарған, ауызжұтқыншақтың ортаңғы бөлімі кеңейген. Болжамды диагноз қойыңыз:
қатты таңдайдың туа бітті жартылай жырығы
жұмсақ таңдайдың туа бітті толық жырығы
қатты таңдайдың туа бітті толық жырығы
қатты және жұмсақ таңдайдың туа бітті толық жырықтары + жұмсақ таңдайдың туа бітті жартылай жырығы
30. Клиникаға 43 жастағы З.есімді науқас сол жақ құлақ маңы-шайнау аймағында ісік тәрізді түзіліске шағымданып қаралды. Жаңа түзілістің пайда болғанына 9 ай болған, біртіндеп өскен. Объективті: құлақ маңы сілекей безі аймағында диаметрі 5,0*4,0см болатын ісік тәрізді түзілістің болуы әсерінен бетінде асимметрия. Пальпация кезінде тығыз-эластикалық түзіліс анықталады. Ісік үстіндегі тері түсі өзгермеген, пальпация кезінде ауырмайды. Гистологиялық зерттеуде шеміршек тәрізді құрылымдардан тұратын мезенхимаға ұқсас учаскелермен эпителиалды жасушалар анықталған. Клиникалық диагноз қойыңыз:
плеоморфты аденома + сиалоденоз
онкоцитоз
аденолимфома
аденокарцинома
31. Клиникаға 29 жастағы Ш.есімді науқас ауыз қуысының ауырсынуына шағымданып қаралған. 6 сағат бұрын ыстық шай ішкен. Тексеру кезінде: ауыз қуысының сілемейі гиперемиялық, ісінген. Жоғарғы және төменгі еріндердің сілемейлі қабықтарында сары түсті көпіршіктер бар, пальпацилау кезінде ауырады. Жоғарғы және төменгі еріндердің сілемейлі қабықтарының күю дәрежелерін анықтаңыз:
І дәреже
ІІ дәреже + ІІІ-а дәреже
ІІІ-б дәреже
ІV дәреже
32. Науқас С., 27 жаста, қойылған диагноз: 4.7 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі. 4.7 тісті жұлып алып тастау операциясын жасау керек. Дәрігер жасалған жергілікті анестезиядан кейін тісті жұлуға кірісті. Дәрігер 4.7 тіске қысқашты қойды, оларды қозғады, бекітті, тісті тартып ұяшықтан шығарды. Ұяшықтан шығару кезінде иегі жыртылып қан кету басталды. 4.7 тісті жұлу кезінде дәрігер жасамаған операция кезеңін анықтаңыз: