26. Науқас Н., 28 жаста, басының ауырсынуы мен аузынан іріңнің бөлінуіне шағымданып қаралған. 2 апта бұрын 1.6 тісін жұлдырған, тісін жұлу күрделі өткен. Тексеру кезінде: беті симметрилы. Аузын еркін ашады. 1.6 тістің ұяшығы грануляциямен жабылған, оның астынан іріңді экссудат бөлінеді. Зондтау жасағанда зонд сол жақ жоғарғы жақ синусы қуысына еркін кіреді. Диагнозды нақтылау үшін диагностика әдіісн анықтаңыз:
визиография
ортопантомография
магниттік-резонансты томография
электроодонтометрия
компьютерлік томография + 27. Науқас А., 19 жаста, аузын ашудың шектелгеніне, оң жақ бетінің деформациясына, шайнаудың бұзылысына шағымданып қаралған. Анамнезінен: 5 жыл бұрын науқас травма алған - оң жақ төменгі жақтың буындық өсіндісі басы сынған. Консервативті ем өткізілген. Жарақат алғаннан кейін 1 жылдан соң аузын ашу шектелген және төменгі жағы толығымен қозғалыссыз қалған. Біртіндеп бетінің деформациясы пайда болған. Объективті: сол жақ бетінің жазылуы әсерінен бетінде асимметрия. Төменгі жақ бұрышындағы аймақты пальпациялағанда "тегеурін (шпора)". анықталады. Оң жақ төменгі жақ денесінің көлемі және тармақтары сол жаққа қарағанда кішірек. Аузын ашу ,5 смге дейін шектелген. Болжамды диагноз қойыңыз:
травмадан кейінгі анкилоз + деформациялық остеоартроз
склероздаушы остеоартроз
неоартроз
травмадан кейінгі артрит
28. Науқас Ч., 32 жаста, құлақ маңы-шайнау аймағындағы ауырсыну және ісінуге, аузының құрғауына, дене температурасының 38,0С-ге дейін жоғарылауына шағымданып клиникаға қаралды. 3 тәуліктен бері ауырады, жөтел, мұрнынан су ағу пайда болған. Объективті: құлақ маңы-шайнау аймағындағы ісінудің әсерінен екі жағынан да бетінде асимметрия. Тері жабынының түсі өзгермеген. Пальпация кезінде келесі аурулық нүктелер анықталады: құлақ ұшының алдында, емізік тәрізді өсіндінің ұшындағы аймақты басқанда, төменгі жақ кесіндісі аймағында. Сілекей бездері өзегінің тесігінен сілекей бөлінбейді.
Болжамды диагноз қойыңыз: