Эмаль тіс жегісі, реминералдаушы терапия +



бет15/81
Дата05.06.2023
өлшемі157,96 Kb.
#178296
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81
Байланысты:
тест

қиылысқан окклюзия +
дисталды окклюзия
вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы
57. Науқас Е., 15 жаста, ортодонтқа тістерінің дұрыс жабылмауына және жағымсыз профильге шағымданып қаралған. Өмір анамнезінде: әкесі мен атасында көлемді төменгі жақ болған. Объективті: жоғарғы, ортаңғы және төменгі үштен бірі пропорционалды, иек асты қатпарлары жазылған, иегі алға шығып кеткен. Төменгі жаақ тістерінің арасында диастема және тремалар. Трансверзаль бойынша шайнау тістерінің жақындасуы: оң және сол жақтан - төменгі шайнау тістерінің ұрт төмпектері жоғарғы ұрт төмпектерін жабады. Төменгі және жоғарғы орталық күрек тістердің арасындағы ортаңғы сызық сәйкес келеді. Төменгі фронталды тістер жоғарғы тістердің 1/3-ін жабады, кері сагиталды саңылау 3 мм. Аузын ашу көлемі 39 мм.
Болжамды диагноз қойыңыз:
қиылысқан окклюзия
мезиалды окклюзия +
төменгі микрогнатия
вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы
58. Науқас Ж., 8 жаста, баланың аузымен демалуына шағымданып қаралған. Анамнезінде: аузын ашып жүру әдетке айналған. Объективті: бетінің төменгі үштен бірі ұзарған, мұрын-ерін және иек асты қатпарлары жазылған, иегі шығып кеткен. Жоғарғы фронталды тістері вестибулярлы қисайған. Трансверзаль бойынша шайнау тістерінің жабылуы: оң және сол жақтан жоғарғы және төменгі тістердің вестибулярлық және оральды төмпектері өзара байланысқан. Орталық тістердің арасындағы ортаңғы сызық сәйкес келеді. Күрек тістердің арасындағы вертикалды саңылау 2 мм. Аузын ашу көлемі 39 мм.
Болжамды диагноз қойыңыз:
қиылысқан окклюзия
дисталды окклюзия
мезиалды окклюзия
вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы +
сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы

59. Науқас О., 13 жаста, ортодонтқа алдыңғы тістерінің "қисықтығына" шағымданып қаралған. Анамнезінен: емізікті 3 жасқа дейін сорған. Объективті: бетінің төменгі үштен бірі қысқарған, мұрын-ерін қатпарлары жазылған, иек асты қатпарлары анық көрінеді, иегі қисайған. Жоғарғы фронталды тістері вестибулярлы қисайған, төменгі фронталды тістер тығызданған, ауызға қарай қисая иілген. Трансверзаль бойынша шайнау тістерінің жабылуы: оң және сол жақтан төменгі тістердің вестибулярлы төмпектері жоғарғы тістердің ұзына бойы фиссурасында орналасқан. Орталық тістердің арасындағы ортаңғы сызық сәйкес келеді. Күрек тістерінің жабылу тереңдігі 2/3. Аузын ашу көлемі 39 мм, аузын ашқанда девиация байқалады. Жұтынған кезде тіл тістер арасында төселе орналасады. Болжамды диагноз қойыңыз:


қиылысқан окклюзия
дисталды окклюзия
мезиалды окклюзия
вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет