себепті тісті жұлып, периостотомия 1
себепті тісті ашып, түбір өзегінен іріңді
шығару
периостотомия, жараны ирригациялау
212. Бала 4 жаста. Әлсіздікке, мұрнының бітелуіне, жөтелге, тамақ қабылдағанда ауырсынуға шағымданады. Обьективті:
бала әлсіз, апатиялық, дене температурасы 39 С, мұрнынан бөлінділер, дауысының қарлығуы. Ауыз қуысында:
шырышты қабаты қызарған, ретромолуярлы аймақта- "әк шашырандылары" тәріздес дақтар (Филатов-Коплик дақтары), бет терісінде және құлақ артында ұсақнүктелі бөртпелер. Осы ауруды арықарай емдеу үшін қандай дәрігердің кеңесі қажет?
гастроэнтеролог
инфекционист 1 эндокринолог
иммунолог
аллерголог
213. Бала 3жаста. Шағымдары: тамақ қабылдағанда жоғары жақ азу тістерінде ауырсыну. Бірнеше күн мазалайды. Анамнез: бұрын емделмеген. Объективті: кп-8, ГИ-1,2. 6.1 тістің 3/1 бөлігі сынған, эамльы нәзік, дентин ақшыл, иілгіш. Зондтауда қуыс тіс қуысымен байланыспайды, ауырсынусыз. Перкуссия ауырсынусыз, І дәрежелі қозғалғыштық. Шырышты қабатында гиперемия, Ттітіркендіргіштерге реакция жоқ. Ем жүргізіңіз:
тісті алып тастау
тіс қуысын ашу, пульпа мүйізіне девитализирлеуші жақпа, уақытша пломба
Тіс қуысын ашу, канал сағасына резодент қоспасы, уақытша пломба
тіс қуысын ашу, путридті массаларады алып тастау, тісті ашық қалдыру 1
тіс қуысын ашу, путридті массаларды алу, каналға эвгедент жақпасы
214. Балалар жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне 6 айлық бала келіп түсті. Дәрігер қарағанда жоғары еріннің сол жағында патология анықталды, мұрынның тері-шеміршектік бөлімінің деформациясымен еріннің қызыл жиегінен фильтрум бойынша мұрын қуысының түбіне дейін барлық жұмсақ тіндердің бірікпеуі анықталды. Осы патологияны емдеу әдісін таңдаңыз:
Бернадский бойынша радикальды уранопластика
Бернадский бойынша ураностафилопластика
Лимберг үшбұрыштарымен Миллард бойынша хейлопластика 1
Теннисон бойынша екі жақтық хейлопластика
Лимберг бойынша біржақтық хейлопластика
215. Бала 8 жаста. Балалар бет-жақсүйек хирургия бөлімшесіне төменгі оң жақ аймағындағы ауру және ісінуге шағымданды. Дене қызуының көтерілуі, мазасыздану, бас ауру сезімдері мазалайды. Объективты: жұмсақ тіндерінің ісінуінен бет асимметриясы көрінеді. Ауыз қуысында 4.6 тісі толық бұзылған, шырышты қабық қызарған, іскен, төменгі жақ альвеолярлы өсіндісі аймағында
«муфтатәрізді» инфильтрат анықталады. Осы аурудың кешенді жергілікті емін
өткізіңіз.
сүйекішілік лаваж, периостотомия, гипосенсибилизациялық терапия