созылмалы фиброзды пульпит 1
247. Науқас 29 жаста, жоғары оң жақ тісінің химиялық, механикалық және температуралық тітіркендіргіштер әсерінен ауырсынуына шағымданып келді. Алғаш ауырсыну 3 ай бұрын болған. Объективті: 1.6 тістің шайнау-контактты беткейінде дентиннің терең қабаттарының зақымдалумен тісжегілік қуыс анықталды. Жұмсарған дентин экскаватормен оңай алынады. Тісжегілік қуыс түбін зондтау кезінде ауырады. Суық тітіркендіргішке реакция оң, тез өтеді. Перкуссия теріс.
ЭОД-12 мкА. Қай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізу керек?
жедел диффузды пульпит
беткей тісжегі
созылмалы фиброзды пульпит 1
созылмалы гангренозды пульпит
созылмалы ұштық перидонтит
248. Науқас 24 жаста, ауыз қуысын жоспарлы санациялау мақсатында келген. Қарау барысында: 4.6 тістің медиальды-шайнау беткейінде пломба қалдығымен тісжегілік қуыс, пломбаны алып тастағаннан кейін тіс қуысымен байланысы анықталды. Тіс қуысының сауыттық бөлігі мен түбір өзектерінің сағасын зондтау ауырсынусыз. Тістің горизонтальды және вертикальды перкуссиясы ауырсынусыз.
Рентгенограммада: тістің медиальды түбірі ұшы аймағында перидонтальды саңылаудың біркелкі кеңеюі.
Температуралық тітіркендіргішке болуы мүмкін реакциясы қандай?
қысқа уақытты, тез өтпелі ауырсыну
ыстық тітіркендіргіштен ауырсыну
ұзақ, баяу басылатын ауырсыну
суық тітіркендіргіштен ауырсыну
ауырсыну реакциясының болмауы 1
249. Науқас 20 жаста, тістерін тазалағанда, қатты тамақ қабылдағанда қызыл иектің қанағыштығына және ауызынан жағымсыз иісінің шығуына шағымданып келді. Объективті: қызылиек жиегі мен тісаралық еміздіктердің ісінуі, цианозды түспен гиперемиясы, қызылиек борпылдақ, тигенде оңай қанайды, жұмсақ тіс қақтары және қызылиек үстілік тіс шөгіндісі анықталды. ГИ-4. Төменгі жақ фронтальды тістерінің тығыз оналасуы. Төменгі жақтың тіс қатарында 3.6 тісі жоқ.
Рентгенологиялық зерттеуде жақтардың альвеолярлы өсінділерінің сүйек тіндерінде патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Осы ауруда жергілікті емдік шаралардың кешенін неден бастайды?
Достарыңызбен бөлісу: |