ауыз қуысы гигиенасын түзету (оқыту, ынталандыру) 1
ортодонтиялық ем
ауыз қуысын профессиональды тазарту
ортопедиялық ем
физиоем (С дәруменімен электрофорез)
250. Науқас 18 жаста, жарақаттан кейін бірден пайда болған жоғары жақ оң тісінің ауырсынуына шағымданып келді.
Анамнезінде: тіс жарақатын 1 сағат бұрын алған. Қосымша аурулары жоқ. Аллергоанамнезі қалыпты. Қарау барысында: 1.1 тістің сауыты 1/2 ұзындықта сынған, тіс қуысы кең ашылған, ұлпа қанайды, зондтағанда қатты ауырады.
ЭОД-30 мкА. Ең тиімді емдеу әдісі:
биологиялық
витальды экстирпация 1 комбинирленген
витальды ампутация
девитальды экстирпация
251. Науқас 30 жаста, қызылиектің қанағыштығына, қышынуына, тіс шөгінділеріне шағымданып келді. Анамнезінде: қанағыштық 4 ай бойы байқаған, созылмалы гастритпен ауырады. Объективті: жоғары және төменгі жақтың қызыл иек еміздікшелері іркілістігиперемияланған, ісінген, борпылдақ, қанағыш. Зондтау кезінде алдыңғы төменгі тістер аймағында қызылиектік қалталары бар. Тістері тұрақты, көп мөлшерде жұмсақ тіс қағы және қатты қызылиекүстілік тіс шөгінділері бар. ГИ-3,5. Тіс қатарында 3.6 тісі жоқ. Осы аурудың кешенді емін келесі шарадан бастау керек:
3.6 тіс аймағында имплантация жасау
жалпы медикаментозды ем
тіс шөгінділерді алып тастау 1 хирургиялық ем (кюретаж)
төменгі фронтальды тістерді шендеу
252. Науқас 50 жаста. Қызылиектің қышуына, тіс мойындарының жалаңаштануына, термиялық тітіркендіргіштерден ауырсынуға шағымданып келді.
Анамнезінде: осы белгілердің үдеуі 5-6 жыл ішінде байқайды. Қосымша патология:
гипертониялық ауру. Объективті: қызылиек шырышты қабаты барлық аймақта бозғылт, анемиялық, қызылиектік қалталары жоқ, түбірдің 1/2 ұзындығына дейін қызылиек ретракциясы. 1.3, 1.4, 1.5, 2.3, 2.4, 2.5 тістерінің аймақтарында сынатәрізді ақаулар анықталады. Осы патологияның негізінде қандай үрдіс жатыр?
қабынулық
қабынулы-деструктивті
деструктивті
дистрофиялық 1 ісіктік
253. Науқас 25 жаста, төменгі жақ тісінің ауырсынуына, тамақты тістегеннен кейін тіс сауытының сынуына шағымданып келді. Анамнезінде: тіс ұлпа қабынуымен бұрын емделген. Объективті: 4.1 тіс сауыты екі сынық (медиальды және дистальды) түзумен, пломбалық материал қалдығымен сынған. Сынықтар қозғалмалы. Рентгенограммада сынық сызығы кесу қырынан тіс сауыты бойымен түбір ұшына дейін өтеді. Дәрігер-стоматологтың тактикасын таңдаңыз:
тісті шендеу және 5-7 күн бойы динамикалық бақылау
түбірлік пломбаны алып тастау, түбірлі өзегін уақытша пломбалау
тісті антагонистерден алып тастау және 5-7 күн бойы динамикалық бақылау
түбірлі пломбаны алып тастау, түбір өзегін қатты штифт қолдануымен пломбалау
тісті жұлу 1 254. 1.5 тісті созылмалы гранулематозды перидонтиті бойынша эндодонтиялық емдеу барысында эндодонтиялық аспап түбірлік өзегінде сынып қалды. Сынық қалдығын алу мүмкін болмады.
Рентгенограммада түбір ұшы аймағында ұзындығы 2 мм-дей эндодонтиялық аспап сынығының қалдығы анықталады, тіс түбір ұшы аймағында дистальды жаққа қисайған, периапикальды тіндерде көлемі 3 мм шекарасы анық сүйек тіні деструкция ошағы анықталды. Дәрігер-стоматолог өтімді өзек бөлігін тұрақты пломбамен пломбалады. Пломбалаудан кейін мүмкін болатын асқынуларды болдырмас үшін қай әдіс көрсетілген?
тістің гемисекциясы
тістің реплантациясы
тіс түбірі ампутациясы