Эмбриология



Pdf көрінісі
бет158/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

Тамырлануы
Артериялар бүлшык етке кіріп, біртіндеп жінішкеріп, дәне- 
кер тінінің кабаттары аркылы тарайды. Бесінші-алтыншы деңгейдің тармақ- 
тары перимизийде артериолаларды кұрайды. Эндомизийде кылтамырлар 
орналаскан. Олар, бір-бірімен анастомоздар кұрып, бұлшык ет талшығынын 
бойымен өтеді. Венулалар, көктамырлар және лимфа тамырлары әкелуші та- 
мырлармен көршілес тарайды. Тамыр кабырғасының өткізгіштігін реттеуге 
катысатын тіндік базофилдер, әдеттегідей, тамырлардың жанында көптеп ор­
наласады.
Жүйкеленуі. 
Бұлшык еттерде миелинденген эфферентті (кимылдаткыш), 
афферентті (сезімтал) және миелинсіз вегетативті жүйке талшыктары 
аныкталады. Жұлынның 
мотонейронынан 
импульс әкелетін жүйке 
жасушасының өсіндісі перимизийде тармакталады. Оның әрбір тармағы 
базальды мембрана аркылы өтіп, симпласттың бетінде плазмолеммада 
аяқкы тармактарын кұрып, кимылдаткыш түйінді (моторлық түйіншені) 
кұруға катысады (10-тарауды, 10.18-суретті караңыз). Аяккы тармақтардан 
жүйке импульсы келген кезде ацетилхолин — медиатор бөлінеді, ол


9.2. Көлденең-жолақты булшық ет тіндері
255
миосимпласттың плазмолеммасымен таралатын козуды (эсер ету потенци­
ал ын) тудырады.
Сонымен, әрбір бұлшык ет талшығы жеке жүйкеленеді және гемокыл- 
тамырлар торымен коршалып, 
мион
деп аталатын кешенді кұрайды.
Бір мотонейронмен жүйкеленетін бұлшык ет талшыктарының тобы 
жуй-
келік-булшық еттік бірлік
деп аталады. Бір жүйкелік-бұлшык еттік бірлікке 
жататын бүлшык ет талшыктары катар орналаспайды, олар баска бірліктерге 
жататын талшыктардын арасында мозаика тәрізді орналасады.
Сезімтал жүйке ұштары жүмысшы (экстрафузальды) бүлшык ет талшыкө 
тарында орналаспайды, олар перимизийде орналаскан бұлшык ет ұршык- 
тарындағы (интрафузальды бұлшык ет талшыктары) маманданған бұлшык 
ет талшыктарымен байланыскан.
Интрафузальды бұлшык ет талшыктары. Жұмысшы талшыктарға қарағанда 
ұршыктардың интрафузальды бұлшык ет талшыктары едәуір жіңішке болып 
келеді.
Олардың екі түрі бар — ядролык калтасы бар талшыктар және ядролык тіз- 
бегі бар талшыктар (9.8-сурет). Екі түрінде де ядролары дөңгелек және 
симпласттың бетінде емес, ішінде орналаскан. Ядролык қалтасы бар талшык- 
тарда симпласттың ядролары ортаңғы калындаған бөлігінде орналасады. 
Ядролык тізбегі бар талшыктарда симпласт- 
тың ортаңғы бөлігінде калындау аймағы ка- 
лыптаспайды, бұл жерде ядролар тізбектеліп 
бойлай орналасады. Ядролардың жинағының 
жанында жалпы органеллалар орын алады.
Миофибриллалар 
симпласттың 
ұшта- 
рында орналасады. Талшыктың сарколемма- 
сы, тығыз талшыкты дәнекер тінінен тұратын, 
жүйкелік-бұлшык еттік ұршыктын капсула- 
сымен бірігеді. Ұршыктың әрбір бұлшык ет 
тал ш ығы сезі мтал жү й ке тал ш ығы н ы ң ұш ы мен 
спираль тәрізді шиыршыктала коршалған.
Жұмысшы бұлшык ет талшыктарының жи- 
ырылуы немесе босаңсуының нәтижесінде 
үршыктың дәнекер тіндік капсуласының тар- 
тылу күші өзгереді, осыған сәйкес интрафу­
зальды бұлшык ет талшыктарынын тонусы да 
өзгеріске ұшырайды. Бұл оларды коршаған 
сезімтал жүйке үштарының козуына әкеліп, 
аяккы тармактар аймағында афферентті жүй- 
ке импульстері пайда болады. Сонымен бірге, 
әрбір миосимпластта өзінің кимылдаткыш 
түйіні орналасады. Осыған байланысты, жал­
пы бұлшык еттің ұзындығына сәйкестеле, 
интрафузальды бұлшык ет талшыктары ұдайы 
ширығу күйінде болады.
а 
б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет