Эмбриология



Pdf көрінісі
бет17/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология
bazylkhan n kone turik bitiktastary men eskertkishteri orkho, БЖБ, ОКЭД 5-тизнач рус-17092015, ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
Радиоавтография әдісі. 
Бұл әдіс әр түрлі құрылымдардағы зат алмасу- 
ды толығырак талдауға мүмкіндік береді. Әдістің негізінде радиобелсенді 
элементтерді (мысалы, фосфор 32Р, көміртек 14С, күкірт 35S, сутек ЗН) 
немесе олармен белгіленген коспаларды колдану жатады. Гистологиялык 
кесінділерде радиобелсенді заттар препараттын үстіне шөктірілген, одан 
кейін аныкталған фотоэмульсиянын көмегімен ажыратады. Препараттын 
радиобелсенді затпен фотоэмульсиянын жанаскан аймағында 
фотореакция
жүреді, онын нәтижесінде бүлінген аймактар (тректер) пайда болады. Осы 
әдіспен, мысалы, белгіленген амин кышкылдардың нәруыздарға енгізілу 
жылдамдығын, нуклеин кышкылдарынын түзелуін, калканша безінін жасу- 
шаларында йодтың алмасуын аныктауға болады.
Иммунофлюоресцентті және иммуноцитохимиялык талдау әдістері. Анти-
денелерді қолдану. 
Антиденелер — бөгде текті заттардың (антигендердің) 
әсеріне берілетін жауап ретінде плазмоциттердін (В-лимфоциттердің туынды- 
лары) өндіретін корғаныш нәруыздары. Антиденелердің саналуан түрлерінің 
саны миллионға жетеді. Әрбір антиденеде осы антидененің синтезін тудырған 
молекуланы «танитын» жерлері болады. Антигендерге деген антиденелердің 
жоғары айрыкшылығына байланысты оларды жасушанын кез келген 
нәруыздарын ажыратуға пайдалануға болады. Әдіс антиген-антидене реак- 
цияларына негізделген. Организмнің әрбір жасушасында ерекше антигенді 
кұрам болады, олар негізінен нәруыздармен аныкталады. Реакцияның айрық- 
шалығын арттыру максатында моноклоналды антиденелерді қолданады
кейінгілерді бір жасушадан гибридома әдісі аркылы алынған, жасуша тізбегі — 
клондар (бір тізбек — бір клон) түзейді.
Гибридом 
әдісімен 
бірдей 
айрыкшылыктары 
бар 
моноклоналды 
антиденелерді шексіз мөлшерде алуға болады. Антигендерді сәулелік және 
электронды микроскоптың көмегімен ультракұрылымдык деңгейлерде де 
зерттеу үшін антиденелерді пайдалануға болады. Клиникалык диагностикада 
иммуногистохимиялыкәдістерді парафинді кесінділерде колдану кеңтараған. 
Көптеген молекулярлык маркерлерді және жасушада аралык филаменттердің 
нәруыздарын, пролиферативтілік, дифференцияланушылыкжәне апоптоздык 
нәруыздарды табу әдістері анықталып, ұсынылған. Препараттардың өңделуін 
стандартты өндеу максатында иммуностейнер колданылады, оның көмегімен 
барлык операциялар зерттеушінің тарапынан ешкандай катысусыз өтеді.
Иммунофлюоросцентті және иммуногистохимиялык талдау әдістері 
ғылыми зерттеулерде және зертханалык диагностикада кең және эффективті 
колданылады. Реакция өнімдерін флюоресцияланатын бояулармен бояуға 
болады және оларды люминесцентті микроскоптарда анықтайды. Реакция 
өнімдерін флюоресцияланатын бояулармен бояуға және люминесцентті 
микроскопта аныктауға немесе зерттеліп жатқан нәруыздарды бояйтын 
реактивтердін арнайы топтамасын қолданып, содан кейін препараттарды


2.4. Жасушалардың және тіндердің химиялық қүрамын және метаболизмін зерттеу әдістері
37
сәулелік микроскоптын көмегімен талдауға болады. Бұл әдістер жасушалардын 
саралануын, оларда ерекше, тек соларға тән химиялык коспалар мен 
кұрылымдарды аныктау үшін кажет. Әдістер жасушалардын жағдайын өте 
жоғары дәлдікпен сипаттауға, гистогенетикалык тегін ажыратуға және катерлі 
ісіктер жағдайында жасушалардын 
трансформаниясын 
айыруға мүмкіндік 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет