Эмбриология


1 4 .1 6 -сур е т. Антигендік ынталандырудан кейінгі ішектің лимфа түйінінің плаз-



Pdf көрінісі
бет309/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

477
1 4 .1 6 -сур е т. Антигендік ынталандырудан кейінгі ішектің лимфа түйінінің плаз- 
моциттері. Иммуноглобулиндерді анықтау үшін жасалған иммуноцитохимиялық 
реакция. Электрондық микрофотография, үлкейтілімі 6000 (В.А. Шахламовтың 
препараты): 1 — иммуноглобулиндердің синтезінің әр түрлі сатыларындағы 
плазмоциттер; 


түйіршікті 
эндоплазмалық тордың 
цистерналарында
иммуноглобулиндердің орналасуын маркерлейтін реакцияның осмиофилді өнімі
негізгі факторлары болып табылатын белсенді заттардың бір катарын — 
ас корыту ферменттерін, комплемент жүйесінің кұрамын, фагоцитинді, 
лизоцимді, 
интерферонды, 
эндогенді 
пирогенді және т.б. 
өндіруде 
байкалады. Жүре пайда болатын иммунитетке катысуының маңызы 
антигенді
иммуноқабілетті жасушаларға
(Т- және В-лимфоциттерге) жеткізіп беруінде
антигенге арнайы маманданған жауапты индукциялауда аныкталады. Олардын 
мембраналарында I және II кластың гистоүйлесімділік жасушасының мо- 
лекуласы болады. Жұтылған антигендердін ыдыратылуы пептидтерге дейін 
жүреді. Пептидтер II кластың гистоүйлесімділік жасушасының молекула- 
сымен бірігіп, плазмолеммаға шығарылады, ол жерде олар үзак уакыт бола 
алады. Фагоциттелген антигеннің пептидтерге дейін ыдыратылуы және 
олардын гистоүйлесімділіктің молекуласымен бірлескен кешенде пайда бо- 
луы антигеннін процессиялануы деп аталады. Мұндай кешендерді макрофаг- 
тар Т-лимфоциттерге таныстырады.
Иммундык реакциялардың оңтайлы дамуы үшін антигендердің көбінің 
әсері кезінде, макрофагтардың лимфоциттерді ынталандыруы жүретін 
иммунитеттің бірінші индуктивтік фазасына да, сондай-ак, антигенді күйрету 
үшін антиденелерді өндіретін иммунитеттің акырғы (продуктивті) фазасында 
да макрофагтардың катысуы өте кажет. Макрофагпен фагоциттелген анти­
гендер шакыратын иммундык жауап фагоциттемегендермен салыстырғанда 
күштірек болады. Жануарлардың организміне инертті заттарды (мысалы, 
тушьті) енгізу аркылы макрофагтарды шектеу иммундык жауапты әжептәуір


478
14-Тарау. Қан жасау (тузу) және иммундық қорғау жүйесі
төмендетеді. Макрофагтар ерітілетін (мысалы, нәруыздар), сондай-ак 
корпускулярлык антигендерді фагоциттеуге кабілетті.
Корпускулярлыкантигендеркүшіжоғарылауиммундыкжауаптышакырады. 
Үстінгі беттерінде көмірсулардан тұратын компоненттері бар антигендердің 
кейбір түрлері, мысалы пневмококтар, алдын ала опсонияланғаннан кейін 
фагоциттелуі мүмкін. Егер бөгде текті жасушалардың антигендік детерминант- 
тары опсонияланған, яғни, антиденемен немесе антидене және комплементтің 
кешенімен байланысты болса, фагоцитоз әжептәуір женілдейді. Опсониялау 
үдерісі макрофагтың плазмолеммасында, антидене молекуласының бөлігін 
(Fc-фрагмент) немесе комплементтін бөлігін күрмейтін, рецепторлардың бо- 
луымен камтамасыз етіледі. Адамда макрофагтын плазмолеммасымен тікелей 
тек IgG класының антиденелері сәйкес антигенмен комбинацияда болғанда 
байланыса алады. IgM макрофагтын плазмолеммасымен комплементтін ба- 
рында ғана байланыса алады. Макрофагтар еритін антигендерді, мысалы, 
гемоглобинді, «тани» алады.
Теріде, шырышты кабыкшаларда, лимфа түйіндерінің және көкбауырдың 
В-аймактарында, көптеген өсінділерінін үстіңгі беттерінде, организмге түскен 
және сәйкес В-лимфоциттердің клондарына жеткізілетін антигендердін 
сақталынуы жүретін, организмнің 
маманданған макрофагтары
(дендритті жа- 
сушалар) болады. Лимфоидты фолликулдардың Т-аймактарында 
интердигит-
теуші
жасушалар орналаскан, олар Т-лимфоциттердің клондарынын 
саралануына эсер етеді. 
Дендритті
жасушалардың, баска жасушалардың ара- 
ларына ене орналасып, тармакталатын үзын өсінділерінің аркасында, үстіңгі 
беткейінің аумағы үлкен болгандыктан, олар бірнеше жылдар бойы үстінде 
антигендердіұстап түруға кабілетті. Макрофагтардан олардын айырмашылығы 
фагоциттік кабілеті әлсіздеу.
Дендритті жасушалардын бір түрлеріне терінін 
Лангерганс жасушалары
(эпидерма ішілік макрофагтары) және шырышты кабыкшалардың жасушала­
ры жатады. Лимфаның ағымымен олар лимфа түйіндерінің тимуска тәуелді 
(паракортикалды) аймактарына, сонымен бірге тимустың кортикомедулляр- 
лык аймағына көшіп барады. Бұл жерде олар тұрактайды және интердигиттеу- 
ші жасушалар деп аталады.
Интерстициалды дендритті жасушалар
көптеген мүшелерде (жүректе, 
өкпеде, бауырда, бүйректе, ас корыту жолдарында) аныкталған. Мүшелерді 
ауыстырып салу кезінде тіндік дендритті жасушалар трансплантаттан аймактык 
лимфа түйіндеріне көшіп, ол жерде трансплантатты аластау реакциясынын 
басталуынатүрткі болады. Олар канның кұрамында айналымда болып, канның 
лейкоциттерінің 0,1% кұрай алады. Теріде, шырышты кабыкшаларда және 
көкбауырдын ак пульпасынын маргиналды аймағында орналаскан дендритті 
жасушаларды жетілмеген жасушаларға жаткызады. Закымдалған тіндер 
аймағына, ісіктік өсу немесе микробтардын түскен жеріне орын ауыстырып 
келген олар антигендерді жұтканнан кейін жетіле бастайды. Жетілген жасуша­
лар лимфа түйіндерінің немесе көкбауырдың ак пульпасынын Т-жасушалык 
аймактарына көшіп, Т-лимфоциттерді ынталандыратын антиген танысты- 
рушы дендритті жасушаларға айналады. Сүйек майынан дамитын дендритті


14.7. Иммундық жүйе және иммундық реакциялардағы жасушалардың арақатынасы
479
жасушалар миелоидты және лимфоидты жасушаларға бөлінеді. 
Миелоидты
жасушаларға теріде, шырышты кабыкшаларда және мүшелердің интерстиция- 
сында орналаскан дендритті жасушаларды жаткызады. 
Лимфоидты
дендритті 
жасушалар лимфа түйіндерінде, көкбауырда және тимуста аныкталған. Ти- 
муста олар өзінің антигендеріне агрессия көрсететін Т-лимфоииттердің жой- 
ылуына (теріс селекция) жауапты.
Лимфа түйіндерінің, көкбауырдың лимфалык түйіншелерінде және шы­
рышты кабыкшалардың лимфалык тіндерінде ерекше 
фолликулярлық дендритті
жасушалар
(ФДЖ) орналасады. Олардың плазмолеммаларында көптеген 
антиденелер және комплемент болады және баска дендритті жасушалардан 
айырмашылығы II кластың гистоүйлесімділіктің басты жасушасынын моле- 
куласы болмайды. Фолликулярлык дендритті жасушалар плазмолеммасында 
антиген-антидене кешенін түрактандырып, коймалауға және В-лимфоциттерге 
антигенді таныстыруға маманданған. Олар лимфоциттердің пролиферациясын 
ынталандыратын цитокиндерді бөле алады. Бұл жасушалар орналаскан жерінен 
көшпейді және өсінділерімен байланысу аркылы тұракты торларды кұрайды.
Сонымен, макрофагтар және олардын әр түрлі түрлері организмнін 
иммундык реакцияларында жасушалардын 
біріге, 
әрекеттесе 
жұмыс 
аткаруына (Т- және В-лимфоциттердің) тікелей белсене катысады (14.17-су- 
реттер, 
а, б).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет