Эмбриология



Pdf көрінісі
бет369/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

1 6 .7 -сур ет. 
Ж а л ға с ы (б ө л гіл е р ін ж о ға р ы д а н қ а р а ң ы з)


570
16-Тарау. Ас қорыту жүйесі
меншікті табакшасында өңештін 
кардиа.іьды бездері (glandulae cardiacae
oesophagi)
орналаскан. Олар екі топ гүрінде көрінеді. Бездердін бірінші тобы 
көмейдін сакиналы шеміршегі мен кенірдектің 5-ші сакинасынын деңгейінде 
орналаскан, ал екінші тобы өңештін төменгі бөлігінде, оның асказанға 
үласар жерінде коныс тебеді. Кұрылысы жағынан бұл бездер асказаннын 
кардиальдык бездерін еске салады (атауының себебі осы болып табыла- 
ды). Олар кұрылысы бойынша карапайым тармакталған түтікшелі бездер. 
Олардың аяккы бөлімдері кейде муцин аныкталатын, түйіршікті цитоплазма- 
сы бар текшелі және призмалык эпителиоциттерден кұралған. Кардиальдык 
бездердің кейбір аяккы бөлімдерінде хлоридтерді өндіретін париетальдык жа- 
сушалар болады. Бұл бездердін ен ұсак өзектері кенейген ірі өзектерге бірігеді, 
ал олар шырышты кабыкшаның меншікті табакшасынын бүртікшелерінін 
жоғарғы ұштарына ашылады. Өзектердін эпителийлері призмалык. Олар 
асказан шұңкырларының шырышты эпителийіне ұксас және муцинге тән 
ерекше реакцияға жауап береді. Кардиалды бездердін орналаскан аймағында 
өнештін шырышты кабыкшасы асказаннын шырышты кабыкшасына тән 
кұрылыска ие бола бастайды. Өңеште кардиальды бездер оның эпителийі 
көпкабатты болғанға дейін көп бүрын пайда болады. Өнештін кардиал­
ды бездерінде көптеген эндокринді жасушалар (D-, G-, S- және т.б.) бола­
ды, олар негізінен аяккы секреторлык бөлімдерде, сонымен катар, шығару 
өзектерінде орналасады. Өнеште кардиалдык бездердін пайда болуы метео- 
ризиспен түсіндіріледі. Бүл терминмен В. М. Шимкевич (1908) екі көршілес 
эмбрионалдык бастамалардын туындыларынын араларындағы шекаранын 
ығыстырылуын белгілеген. Ішек энтодермасының материалы өңешке карай 
ойысып, өңештің шырышты кабыкшасынын кұрамында орналасатын
асқазан бездері сиякты бездерге бастама береді деп есептеледі. Өнештің кар­
диалды бездерінің кұрылысы және кызметі дәрігерлер үшін кызығушылык 
тудырады, өйткені осы бездердің орналаскан аймактарында дивертикулдар, 
кисталар, жаралар және өспелер жиі аныкталады.
Өңештін шырышты кабыкшасынын 
бу.ішық етті табақшасы
жазык 
бұлшык ет жасушаларынын бойлай бағытталған шоғырларынан кұралып, 
сыртынан эластикалык талшыктардың торымен коршалады. Бүл табакша 
жекелеген шағын шоғырлар түрінде көмейдің сакиналы шеміршегінін 
деңгейінде басталып, одан әрі өңеш бойында кабаттың калыңдығы 
арта түседі, ал асказаннын маңында 200—400 мкм-re жетеді. Шырыш­
ты кабыкшаның бүлшык етті табакшасы тамактын өнеш аркылы өтуінде 
және онын ішкі кабатын өңештін ішіне түсуі мүмкін үшкір денелердін 
закымдауынан сактауда үлкен кызмет аткарады. Өнеш кабырғасының астын 
катқыл түйірінен тітіркенуі бұлшык етті табакшаның жазык миоциттерінін 
тонусының төмендеуін тудырады, ал бұл шырышты кабыкшанын сәйкес 
аймактарының кеңеюіне әкеледі. Осылайшы, кұрамында каткыл түйірлері 
бар ас түйірлерінің өтуі жеңілдейді.
Өнештін 
шырыш асты негізі
шырыш асты кабыкшанын, бүлшык етті 
кабыкшаға карағанда, козғалғыштығын камтамасыз етеді. Шырышты 
кабыкшамен бірге ол тамакты жұту кезінде жазылатын көптеген бойлык


16.2. Ac қорыту жүйесінің алдыңғы бөлігі
571
катпарларды кұрайды. Шырыш асты негізде өңештің меншікті бездері орна- 
ласады.
Өңеиипің меншікті бездері (glandulae oesophagea ргорһае).
Олар күрделі, 
көп тармакталған альвеолярлык-түтікшелі бездер ( 16.17-суретті караныз, 
б, в).
Олардың аяккы бөлімдері тек кана шырышты жасушалардан күралған. 
Акырғылар миоэпителиониттермен коршатған. Бездердін өнімдері, кейіннен 
үлкендеу өзектерге бірігетін. үсак шығару өзектеріне бөлінеді. Үлкен көлемді 
шығару өзектері шырышты кабыкшаның бүлшык етті табакшасы аркылы 
өтеді де, шырышты кабыкшанын меншікті табакшасында эпителийдін 
үстінгі бетіне ашылатын, ірі көлемді ампулаға ұқсас өзектерді түзейді. Ұсак 
өзектерді каптап жаткан эпителий аласа призмалык, ал ірірек өзектерде ол 
көпкабатты жазык болып келеді және кей кезде оның бойында кірпікшелі жа- 
сушалар кездеседі. Өнештің меншікті бездері негізінен онын жоғарғы үштен 
бір бөлігінің вентральдык бетінде орналасады. Өнештің меншікті бездерінің 
кызметі — шырышты кабыкшанын бетін ұдайы ылғалдандырып тұрып, тамак 
түйірлерінін өтуіне септесетін шырышты бөлу.
Булшық етті қабықша
борпылдык талшыкты дәнекер тіннін жұка 
кабатымен бөлінген ішкі айналмалы және сырткы бойлай бағытталған 
кабаттардан тұрады. Өнештін жоғарғы үштен бір бөлігінде бұл кабаттар 
жұткыншактьщ бұлшык ет тінінің жалғасы болып табылатын, миотомнан 
дамыған висцералды көлденең жолакты бұлшык ет тінімен берілген. Мүшенің 
төменгі үштен бірінде бұлшык ет кабыкшасынын екі кабаты да мезенхимадан 
дамыған, тек кана тегіс бұлшык ет тінінен түзілген. Өнештін ортаңғы үштен 
бір бөлігінің бұлшык ет кабықшасында көлденен-жолакты да, жазык бұлшык 
ет тіндері де болады. Бұл жағдай гистологиялық кесіндіде өнеш деңгейін 
аныктауға мүмкіндік бере алады. Бұлшык ет кабаттары әркашан дәл айналма­
лы бағытта немесе бойлай бағытта орналаса бермейді. Ішкі кабатта айнатма- 
лы және киғаш бағытталған шоғырлар кездеседі, ал сырткы кабатта жекелеген 
шоғырлардың орналасу да әркилы болуы мүмкін. Бұлшык етті кабыкшаның 
ішкі айналмалы кабатынын сакиналы шеміршектің деңгейінде калыңдауы 
өңештің үстіңгі жұмын, ал бүл кабаттың өнештін асказанға үласар жерінде 
калындауы өнештін төменгі жұмын калыптастырады. Өнештін бұлшык ет 
кабыкшасынын жиырылуы тамактын өнеш бойымен асказан бағытында 
жылжуына көмектеседі.
Адвентицисыьдық қабықша
бір жағынан бұлшык етті кабыкшада орналас- 
кан дәнекер тіннін кабаттарымен, екінші жағынан өнешті коршап жаткан ке- 
уде көкірекшесінін дәнекер тінімен байланыскан. Өңештін адвентициатьдык 
кабыкшасында мүшенін ұзындығына бойлай орналаскан тамырлар мен 
жүйкелер көп кездеседі. Мезотелийден және онын астында орналаскан 
дәнекер тіннен күралған сірлі кабыкша өнештін кұрсактык бөлігін сыртынан 
тыстап тұрады.
Тамырлануы. Өңешке кіретін артериялар шырыш асты негізде өрімдер 
кұрап (үлкен және кіші ілмекті), олардан кан шырышты кабыкшанын 
меншікті табакшасынын үлкен ілмекті өріміне келіп кұяды. Осы жерде кан 
кылтамырынын эпителий асты торы да болады. Шырышты кабыкшанын


5 7 2
16-Тарау. Ас қорыту жүйесі
меншікті табакшасындағы ұсак көктамырлар торынан көктамырлык әкету 
ағыны басталады. Бұл көктамырлар канды шырыш асты негіздің көктамырлык 
өріміне, ал одан әрі адвентициальдык кабыкшаға апарады. Өңештін лимфа 
жүйесі — шырышты кабыкшаның меншікті табақшасында, шырыш асты 
негізде және бұлшык етті кабыкшада орналаскан лимфа кылтамырларының 
торы, сондай-ак шырыш асты негізбен бұлшык, етті кабықшада (кейде 
адвентициальдык кабыкшада) орналаскан лимфа тамырларының өрімдері 
түрінде болады. Шырыш асты лимфа өрімі — лимфаның өңештен ағып 
шығатын негізгі жолы болып табылады.
Жүйкеленуі. Интрамуральдык жүйке аппараты өзара байланысты төрт 
өрімнен күралған: өңештін ортанғы және төменгі үштен бірінде жаксы 
жетілген адвентициальдык өрім, бұлшык етті кабыкшанын бетінде орнала- 
сып, өңештің жоғары бөліктерінде ғана жаксы жетілген субадвентициальдык 
өрім, айналмалы және бойлай бұлшык ет кабаттарынын арасында жатып, 
кұрамында ірі жүйке түйіндері бар кең иірімді өрім кұрайтын әр түрлі көлемді 
жүйке талшыктарынан тұратын бұлшык ет аралык өрім, өңештін өн бойында 
қоныстанып, тармакталған жерлерінде үсак жүйке түйіндері жататын жүйке 
бағандарының жүйесінен тұратын шырыш асты өрімі. Бұлшык ет аралык өрім 
бәрінен де куатты. Сезімтал жүйке аяктамалары, немесе ұштары, өңештін 
бүлшык ет тінінде, шырышты кабыкшаның эпителиі мен дәнекер тінінде, 
шырыш асты негізде орналаскан бос және капсуламен капталған шумактар, 
бұтакшалар, бұтак тәрізді тармактар түрінде көрінеді. Интрамуральдык ган- 
глийлерде капсуламен капталған ірі көлемді шумак тәрізді рецепторлар 
байкалады, олар баро- және механорецепторлар болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет