16.3. Ac қорыту жүйесінің ортаңғы және артқы бөліктері
589
бастапкы-жасушалар сатысы аркылы накты эпителиоциттердің біріне айна-
латын дің жасушалары. Бастапкы — жасушалар да криптілерде орналасады,
олар дифференцировка үдерісінің барысында бүрдің жоғарғы ұшына карай
орын ауыстырады, ол жерде бөлінуге деген кабілеті жоқ жасушалар өмірлік
циклін апоптоз аркылы аяктайды немесе ас корыту барысында механикалык
ыкпалдың әсерінен түлеп түседі. Адамда эпителиоциттердің тұтас жаңару
циклі (физиологиялык калпына келуі) 5 -6 тәулікті кұрайды.
Репаративтік калпына келудің де негізінде осындай механизм жатады,
эпителийдің дефектісі жасушалардың көбеюінің нәтижесінде жойылады.
Эпителиалдык кабаттың кұрамында, жасуша аралык кеңістіктерде
гематогенді дифферонның туындылары — түйіршікті интраэпителиалды
лимфоциттер, эпителиоциттердін дифферонымен косарласып орналасады,
кейін олар шырышты кабыкшаның меншікті табакшасының ішіне, одан әрі
лимфокылтамырларға орын ауыстырады. Ішек куысына түскен антигендер
лимфоциттерді белсендіреді, олар иммундык корғанышта маңызды кызмет
аткарады.
Ішек бүрінің қүрылысы. Әрбір ішек бүрі үстінен бір кабатты бағаналық
эпителиймен қапталған (16.23-суретті караңыз,
б).
Эпителийде негізгі үш
жасушаларды ажыратады: бағаналы эпителиоциттер (және олардың бір түрі
М-жасушалар), бокал тәрізді экзокриноциттер, эндокриноциттер.
Достарыңызбен бөлісу: