Эмбриология


Ішек криптісінін қүрылысы



Pdf көрінісі
бет380/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология
bazylkhan n kone turik bitiktastary men eskertkishteri orkho, БЖБ, ОКЭД 5-тизнач рус-17092015, ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
Ішек криптісінін қүрылысы. 
Ішек криптілерінің эпителийлік жабуының 
кұрамында дін жасушалары, бағаналык эпителиоциттердің, бокал тәрізді 
экзокриноциттердің, 
эндокриноциттердің 
бастама-жасушалары, 
және 
дамуының барлык сатысындағы Панет жасушалары болады.
Бағаналық эпителиоциттер
криптілердін эпителийлік тысының негізгі 
кұрамын түзейді. Бүрлердін баскадай ұксас жасушаларымен салыстырғанда, 
олар аласарак, жіңішкелеу жолакты жиекшесі және базофилді цитоплаз­
масы болады. криптілердін төменгі бөлігінің эпителиоциттерінде ми­
тоз пошымдарының көріністері жиі байкалады. Бүл элементтер бүрлердің 
эпителийлік жасушалары үшін де, криптінің жасушалары үшін де регенера­
ция көзі болып табылады. 
Бокал тәрізді экзокриноңиттер
криптілерде үдайы 
аныкталады. Құрылысы жағынан олардың бүрлердің аттас жасушалары- 
нан айырмашылыктары жок. 
Аңидофилді түйіршіктері бар экзокриноциттер
(exocrinocyti cum granulis acidophilis
), немесе Панет жасушалары топтасып не-


594
16-Тарау. Ас қорыту жүйесі
месе жеке-жеке криптілердің түбінде орналасады ( 16.23-суретті караныз, 
в

г).
Олардың апикалдык бөліктерінде сәулені өте сындыратын түйіршіктер 
аныкталады. Бұл түйіршіктер өте ацидофилді, эозинмен ашык — кызыл 
түске боялады, кышкылдарда еріп кетеді, бірак сілтінің әсеріне төзімді бо- 
лады. цитохимиялык әдіспен түйіршіктерде нәруыз — полисахаридті кешен
ферменттер, лизоцим ажыратылады. Жасушаның базальдык бөлігінің цито- 
плазмасы базофилді болып боялады. Үлкен көлемді сопакша ядронын айнала- 
сында аздаған митохондриялар орналасады, ядронын үстінде Гольджи кешені 
аныкталады. Түйіршіктердің ацидофилдік касиеті оның кұрамында аргинин- 
ге бай нәруыздың болуына байланысты. Панет жасушаларында мырыштын 
мол мөлшері аныкталған, сонымен катар ферменттер — кышкыл фосфа- 
тазалар, дегидрогеназалар және дипептидазалар болады. Бүл жасушаларда 
біркатар ферменттердің болуы олардын өнімдерінін ас корыту үдерістеріне 
катысуына — дипептидтерді аминокышкылдарға дейін ыдыратуға дәлел бо­
лады. Бактериялар мен карапайымдылардың жасушаларының кабырғасын 
күйрететін лизоцимді өндірумен белгіленетін антибактериялык кызметінін де 
манызы аса бағалы болып табылады. Сонымен Панет жасушалары аш ішектің 
бактериалдык флорасын реттеуде аса маңызды рөл аткарады.
Криптілерде, бүрлердің эпителийінің кұрамымен салыстырғанда, эн- 
докриноциттер әжептәуір мол болады. Серотонин, мотилин және Р 
затын өндіретін ЕС-жасушалардың саны ең көбі болып келеді. Энтероглю- 
кагон өндіретін А-жасушалар аз болады. Секретин өндіретін S-жасушалар 
ішектің әр түрлі бөліктерінде әркилы болып таралған. Бұлардан баска 
ішекте І-жасушалар табылған, олар ұйкы безі мен бауырдың кызметтеріне 
белсендіруші ыкпал көрсететін биологиялык белсенді заттарды — холецисто- 
кинин және панкреозиминді бөліп шығарады. Сондай-ак, гастрин өндіретін 
G -жасушалар, белсенді пептидтерді (соматостатин және вазоактивный инте- 
стиналды пептид — ВИП) өндіретін D және D, аныкталған (15-тарауды және 
16.1-кестені караңыз).
Шырышты кабыкшаның 
меншікті табақшасына
(16.23-суретті кара­
ныз, 
а, б,)
ретикулярлык талшыктардың көп болуы тән. Олар тығыз торлар- 
ды кұрайды, ал эпителийге жеткенде базальды мембрананы түзеуге катысады. 
Ретикулярлык талшықтармен, канжасаушы мүшелердің ретикулярлык жасу- 
шаларына ұксас, өсінділі жасушалар тығыз байланыскан. Меншікті табакшада, 
шырыш асты негіздегідей макрофагтар, лимфоциттер, сондай-ак ішек — 
біріккен лимфоидты тіндерге жаткызылатын плазмалык жасушалар үнемі 
кездеседі. Оның кұрамында тамырлык және жүйкелік өрімдер орналаскан.
Шырышты кабыкшаның 
бүлшық ет табақшасы
екі кабаттан тұрады: 
ішкі айналмалы және сыртқы (босандау) бойлай бағытталған (16.23-суретті 
караңыз, 
а).
Екі кабаттың жалпы калыңдығы шамамен 40 мкм. Оларда 
бұлшык ет жасушаларынын киғаш бағытталған шоғырлары да бар. Ішкі ай­
налмалы бұлшык ет кабатынан жекелеген бұлшык ет жасушалары шырышты 
кабыкшаның меншікті табакшасына келіп кіреді.
Шырыш асты негіздің
кұрамында май тіндерінін бөлікшелері жиі кездеседі. 
Шырыш асты негізде тамырлар және шырышасты жүйкелік өрім орналасады.


16.3. Ac қорыту жуйесінің ортаңгы және артқы бөліктері
595
Аш ішектің 
булшық ет қабықшасы
екі кабаттан күралады: ішкі айналма- 
лы (баскаларынан куаттырак) және сырткы бойлай ( 16.23-суретті караныз, 
а).
бұлшык ет жасушаларынын шоғырларының бағыты дәлме — дәл айнал- 
малы және дәлме-дәл бойлай емес, дұрысында шиыршыктала орналаскан. 
Шиыршыктың сыртқы кабатындағы шырмалуы ішкі кабатпен салыстырғанда 
көбірек созылған. Екі бұлшык ет кабаттарының араларында орналаскан 
борпылдак талшыкты дәнекер тіннің кабатынын кұрамында бұлшык ет- 
ішектік жүйке өрімдері және тамырлар болады.
Бұлшык ет кабықшасынын кызметі химусты ішектің бойында арала- 
стыру және артка жылжыту. Аш ішектің жиырылудың екі түрін ажыратады. 
Жергілікті жиырылулар бұлшык негізінен ет кабыкшасының ішкі кабатынын 
жиырылуларымен камтамасызетіледі. Олардыңжиырылуы ырғакты түрде, ми- 
нутына 12-13 рет жүреді. Баска, перстальтикалык, жиырылулар екі кабаттың 
да бұлшык ет элементтерінің ыкпалымен басталады және ішектің бүкіл бой- 
ына дәйектілікті түрде тарайды. Бұлшык ет-ішектік жүйке өрімін күйретуден 
кейін персталтикалык жиырылулар тиылады. Аш ішектің передальтикасынын 
үдеуі симпатикалык жүйкенін козуы кезінде жүреді, ал кезбе жүйкенің козуы 
кезінде әлсіреуі байкалады.
Аш ішекті сыртынан 
сірлі қабықша
барлык жағынан жауып тұрады, тек 
он екі елі ішекте ғана ішпердемен оның алдыңғы бөлігі тысталып, калған 
бөліктерде дәнекер тіндік кабыкша аныкталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет