Эмбриология


4-Тарау. Жасуша туралы ілім (жалпы цитологияның негіздері) 4 .3 1 -сур ет. Жасушалардың өлімінің түрлері: а — некроз; б — апоптоз



Pdf көрінісі
бет60/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология
bazylkhan n kone turik bitiktastary men eskertkishteri orkho, БЖБ, ОКЭД 5-тизнач рус-17092015, ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
110
4-Тарау. Жасуша туралы ілім (жалпы цитологияның негіздері)
4 .3 1 -сур ет. Жасушалардың өлімінің түрлері: а — некроз; б — апоптоз. 
Түсініктемелер мәтін ішінде
жүруі, органеллалардың ісінуінің байкалуы, АТФ, нәруыздардың, нуклеинді 
кышқылдардың өндірілуінің токтатылуы, ДНҚ кері кетуі, лизосомалык 
ферменттердің белсенділігінің жоғарылауы барлығына ортак көрініс болып, 
акырында жасушаның ерітілуіне — лизиске әкеледі.
Апоптоз
жасушанын зат алмасуының біріншілік бұзылуынсыз өтуі мүмкін. 
Сонымен бірге, әр түрлі стимулдардың ыкпалының нәтижесінде жасушаның 
өзін-өзі жоюға жауапты кейбір гендердің ядрода ынталандырылуы жүреді. 
Осындай өзін-өзі жоюдың бағдарламасы (жасушаның жоспарланған өлімінің) 
жасушаға сигналды молекуланын (көбінесе ол әр түрлі нәруыздык факторлар 
немесе әр түрлі гормондар) ықпал етуінің салдарында іске косылуы мүмкін. 
Мысалы, кейбір лейкоциттер оларға глкжокортикоидтардың ыкпалының 
жағдайында өле бастайды. Өзін-өзі жою генінің белсендірілуіне реттеуші 
сигналдың өндірілуінің токтауы да себеп бола алады. Мысалы, аталық жыныс 
безін сылып тастағаннан кейін простатаның жасушалары толығымен өледі. 
Апоптоз организмнің калыпты эмбрионалдык, дамуы кезінде де байкалады. 
Итбалыктіндерінің жасушалары бүл үдерісті гормонмен ынталандыру кезінде 
өледі. Эмбрионалдык бастамалардын жасушалары, мысалы алғашкы бүйрек 
өзегінің жасушалары, шеткері ганглийлердің нейробластылары және т.б. 
опат болады. Ересек организмде сүт безінің жасушалары, аналык жыныс 
безінің сары денесінің жасушалары олардың инволюциясы кезінде апоптозға 
ұшырайды.
Апоптоз кезінде жасушалардын өлімінің себебі латентті протеиназалар — 
каспаздардың каскадының белсендірілуі. Каспаздардың инициялаушы және 
эффекторлык түрлерін ажыратады. Белеендірілген каспаздар үшін 60 астам 
нәруыздар субстрат болып табылады. Бүл, мысалы, фокальды адгезиялык 
кұрылымдардың киназалары, олардың инактивациясы апоптоздык жасу-


4.5. Жасушалардың өлімі
111
шаларды эпителийдегі көршілес жасушалардан бөледі; каспаздардын әсері 
кезінде ламиналардың ыдыратылуы ядролардын бүршіктенуіне әкеледі; 
цитокаңкалык нәруыздардың деградаииясы жасушалардын пішінінін өзге- 
руіне және олардың фрагменттерге шашырауына әкеліп, апоптоздык 
денешіктердін түзелуі жүреді; ДНК, фрагменттелуіне әкелетін белсендірілетін 
эндонуклеаза және т.б.
Морфологиялык тұрғыдан 
апоптоз үдерісінін 
некроздан 
біршама 
айырмашылыктары бар. Оның ерте сатыларында цитоплазмадағы кальцийдің 
денгейі жоғарылайды, бірак мембраналык органеллалар өзгермейді, PH К 
және нәруыз синтезі төмендемейді. Біраздан кейін ядродағы хроматин 
конденсияланып, ядроның шеткі аймактарында ірі жиынтыктар түзейді. 
Ядролар фрагменттерге бөлініп,әркайсысыядрокабығымен капталған«микро- 
ядроларға» ыдырай бастайды. Біраз кейін немесе бір мезгілде цитоплазманың 
да фрагменттелуі басталады. Жасушадан үлкен, кейде кұрамында «микро- 
ядролары» бар, фрагменттер бөліне бастайды. Бұлар 
апоптоздық денешік-
тер
деп аталады. Калыпты жағдайда апоптоздык денешіктер көрші жасуша- 
лармен немесе фагоциттермен жұтылады, сонымен коса екіншілік некроздык 
өзгерістерге үшырайды және акырында ерітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет