Эмбриология



Pdf көрінісі
бет66/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология
bazylkhan n kone turik bitiktastary men eskertkishteri orkho, БЖБ, ОКЭД 5-тизнач рус-17092015, ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
дамып-жетілген
жасушалар (V топ) белсенді кызмет атқара бастайды. Сонғы сатыда олардын 
арнайы кызметтері өшіп, жасушалар апоптоз жолымен өледі (картая бастаған 
жасушалар, VI топ). Дифферондағы жасушалардын даму бағыты көптеген 
әсерлерге, алдымен, микроортаның интеркиндеріне және гормоналды 
факторға байланысты болады.
Организмнің әр түрлі тіндерінің дифферондарында дамудын әркилы 
сатысындағы жасушалардын аракатынасы бірдей емес. Гистогенез үдерісі 
барысында әр түрлі дифферон жасушалары біріге алады, сонымен катар, 
тіндердің әр түрінде дифферондардың саны әр түрлі болуы мүмкін. Тіннің 
күрамына кіретін дифферондардын жасушалары онын ортак жасуша аралык 
затын түзуге катысады. Гистогенетикалык үдерістердің нәтижесі, жеке диф­
ферондардын касиеттерінін карапайым жиынтығы болып калмайтын, ма- 
манданған кызметтері бар тіндерді калыптастыру болып табылады.


120
5-Тарау. Жалпы гистологияның негізгі ұғымдары
Сонымен, тін ретінде, иерархиялық кұрылуының ерекше деңгейіне жа- 
татын және негізгі элементтері ретінде жасушаларды санатка кіргізетін, 
организмнін жеке жүйелерін кабылдаған жөн. Тіндердін жасушалары бір не- 
месе бірнеше бағаналык дифферондарға жатуы мүмкін. Дифферондардың 
бірінің жасушалары басымырак аныкталып, кызметтік тұрғыдан белсенді бо- 
луы мүмкін. Тіндердің барлык элементтері (жасушалары және олардың туын- 
дылары) оның өмір сүруі үшін бірдей кажет.
5 .3 . ТІНДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
Жалпы гистологиясұрактарыныңарасындатіндердіңжіктелуініңмәселелері 
маңызды орын алады. Қадағалауға колайлы белгілерге негізделген нысандык 
(формальды) жіктелуден жаратылыстык жіктелудің айырмашылығы, ол ны- 
сандар араларындағы терен табиғи байланыстарды ескереді. Осыған байла- 
нысты кез келген жаратылыстык жіктелудің кұрылымы табиғаттың шынайы 
күрылымын көрсетеді.
Біраз уакыт өткеннен кейін жіктелу кестелері өзгеріп отырады. Ол 
табиғатты зерттеу барысында алға карай тағы бір кадам жасалғанын, және 
зандылыктардың толығырак және дәлірек зерттелгенін білдіреді. Жіктелу 
нысандарына сипаттама беру тәсілінің әркилы тұрғыдан жүргізілуі жіктеу 
кестелерінің көп өлшемділігін аныктайды.
Филогенез тұрғысынан, эволюция барысында омырткасыздар мен 
омырткалыларда 
төрт тіндік жуйелер
немесе 
топтар
кұралады деп жо- 
рамалданады. Олар организмнің негізгі кызметтерін камтамасыз етеді: 
1 организмді сыртқы ортадан бөліп, оның ішкі орталарын шектейтін — 
жа-
бындьг,
2 организмнің динамикалык тұрактылығын камтамасыз ететін — 
ішкі
ортаның\
3 козғалыска жауап беретін — 
бу.ішық еттік; 4
сырткы және ішкі ор­
тадан сигналдарды кабылдаудың координациялануын, оларды сараптау және 
оларға адекватты жауапты камтамасыз ететін — 
жуйкелік
(немесе 
нейралдық).
Бүл феноменге түсініктемені тіндердің эволюциялык және онтогене- 
тикалық детерминациясы туралы ілімнің негізін калаған А. А. Заварзин және 
Н. Г. Хлопин берді. Мысалы, тіндер организмнін сырткы ортада өмір сүруін 
камтамасыз ететін негізгі кызметтеріне байланысты пайда болады деген 
тұжырым айтылған. Сондыктан, филогенез барысында тіндердін өзгерістері 
параллельді жолдармен өтеді (А.А. Заварзиннің параллеллизм теориясы). 
Сонымен катар, организмдердің эволюциясының дивергентті жолы тіндердін 
көптеген айырмашылыктарының пайда болуына әкеледі (Н. Г. Хлопиннің 
тіндердің дивергентті эволюциясы туралы теориясы). Бұдан тіндер фило­
генез барысында параллельді жолдармен және дивергентті дамитыны тұ- 
жырымдалады. Акырында, әрбір төрт тіндер жүйесінде жасушалардың 
дивергентті дифференциялануы тіндердің түрінің әр түрлі болуына әкелді.
Кейін дивергентті эволюция барысында накты тіндер тек бір ғана емес, 
бірнеше даму көздерінен пайда бола алатыны аныкталды. Тінніц күрамында 
басты жасушалык түрге бастама беретін негізгісін аныктау аркылы тіндердің 
генетикалык белгілері бойынша, ал кұрылымы мен кызметтерінің бірлестігі — 
морфофизиологиялык белгілері бойынша жіктеулерге мүмкіндік береді.


5.4. Тіндердің қалпына келуі
121
Қазіргі кезде гистологтардың көпшілігі А.А. Заварзиннін морфофунк- 
ционалдык жіктелуінің және Н. Г. Хлопиннің тіндердің генетикалык жүйе- 
сімен үйлесіміне сүйенеді (бірак жалпы колдау тапкан, мүлтіксіз жіктеу 
күрылған деп санау жеткіліксіз).
Қазіргі 
кезде тіндердің жіктелуінің келесі кестесін беруге бола- 
ды (5.2-сызбанұска). Онда рим цифрларымен ұрык жапыракшаларының 
калыптасу деңгейі аркылы және әрі карай — эмбрионалдык бастамала- 
ры аркылы ұрыктың зиготадан бастап дамуын бейнелейтін, негізгі жолдар 
көрсетілген. Басты әріптермен, негізгі төрт морфофункционалдык топтарға 
жататын, негізгі тіндер көрсетілген. Эмбрионалдык бастамалар араб цифрла­
рымен белгіленген. Әрбір топ әр түрлі гистогенетикалык типтерге жататын, 
бірнеше дифферондардан тұруы мүмкін, бірак монодифферонды тіндер де бар.
Тіндерді сипаттау кезінде олардың баскадай кызметтерінің арасында өте 
жиі «корғаныш» кызметін бөледі, бірак, ол маңызы бойынша, жалпыбиология- 
лык көзкарасты емес, тек утилитарлы медициналык тәсілдемені ғана көрсетеді. 
Шындығында тіндердің барлык кызметтері, алдымен, өмір сүрудің дағдылы 
үнемі өзгеріп отыратын жағдайларында организмнің барлық жүйелерінің 
калыпты динамикалыктепе-тендігін камтамасыз етеді. Тек кейде, факторлардың 
тепе-тендіктің бұзылуына әкелетін әсері ұйғарымды шекаралардан асып кетеді. 
Мұндай жағдайларда дағдылы реакциялар, шынымен, бұзылған тепе-тендікті 
калпына келтіру үшін күшейтіледі және жинақталады және мүның салдары 
ретінде, олардың сапалык аракатынасы өзгереді. Осындай жағдайларда фи- 
зиологиялык реакциялардың негізінде корғаныш реакциялары пайда болады. 
Оларкалыптытітіркендіргіштерден катерлігеайналғанагенттібейтараптандыруға 
бағытталған. Сонымен, корғаныш ұғымын тек патология жағдайында колдану 
орынды, ал калыпты жағдайда тепе-тендік аракатынастарды тұрактандыру ту- 
ралы айткан жөн. Қалыпты жағдайда олармен күресуге тұратын және олардан 
корғану кажет болатын факторлар жок, сондыктан калыпты кезде тіндер өзара 
және коршаған ортамен тендестірілген жағдайда жұмыс істейді.
Морфофункционалды принциптерге сәйкес, топтың ішінде 
кіші топтар-
ды
бөлген жөн, мысалы, ішкі орта тіндерінін тобын кан түзу тіндерімен кан 
және лимфа, талшыкты дәнекер тіндері мен канкалык тіндер шағын топтары- 
на бөлу. Нейралды тіндер тобында меншікті жүйке тінін (оның кызметтерін 
тікелей камтамасыз ететін жүйе ретінде нейрондар жиынтығын) және глия- 
ны (нейрондарға тікелей «кызмет етуші» тіндер жиынтығы ретінде), сонымен 
катар микроглияны бір шағын топка бөлген жөн. Бүлшык ет тіндерінің то­
бында жазык және көлденең-жолакты (жолаксыз және жолакты) шағын топ- 
тарын бөледі.
5 .4 . ТІНДЕРДІҢ ҚАЛПЫНА КЕЛУІ
Эмбрионалдык гистогенез негіздерін білу регенерация теориясын, яғни 
биологиялык нысанның элементтерінің бөлігін жоғалткан соң қүрылымын 
кайта калпына келтіруін түсіну үшін кажет. Tipi организмнің кұрылу деңгейіне 
байланысты 
жасушаішілік, жасушалық, тіндік, мушелік регенерация (қалпына


Жыныс
жасушаларының
популяциясы
IV
Э м бр и об л аст 
Троф област 
Бласт^циста 
М орула
З игота(кесте)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет