13.3. Жүрек
435
өрімдерінің тығыздығы мен олардағы медиаторлардын мөлшері бастапкы
деңгсйде дерлік сакталады. Жүректің автономды жүйкеленуіндегі тепе-
тендіктің бүзылуы патологиялык жағдайлардың дамуына әкеледі. Егде
шакта жүректің холинергиялык өрімдерінде де медиаторлардың белсенділігі
төмендейді.
Қалпына келуі. Жаңа туған балаларяа, мүмкін ерте балалык шакта да,
көбеюге кабілетті кардиомиоциттер сакталған мезгілде, калпына келу
үдерістері жасушалардың санының артуымен катар жүреді. Ересектерде
кардиомиоциттердін физиологиялык калпына келуі негізінен жасушаішілік
регенерация
жолымен өтеді, жасушалардың санынын артуы жүрмейді.
Дәнекер тінінін жасушалары, баска мүшелердегідей, барлык кабыкшаларында
пролиферацияланады.
Үнемі жүретін жоғары кызметтік жүктемелер кезінде жасушалардың жал-
пы саны артпайды, біраколардын цитоплазмасында жалпы органеллалар мен
миофибриллалардын мөлшері жоғарылайды,
сонымен катар жасушалардың
көлемі үлкейеді (кардиомиоциттердін кызметтік гипертрофиясы жүреді); оған
сәйкес ядролардын плоидтылығының дәрежесі де жоғарылайды.
Достарыңызбен бөлісу: