15.3. Шеткері эндокриндік бездер
523
Жүйкеленуі. Бүйрек үсті безі эфферентті жүйкелік импульстерді не-
гізінен кұрсактык және кезбе жүйкелер аркылы алады. Қабыктык затқа
постганглионарлык (миелинсіз) симпатикалык талшықтар, ал милык
боліккс (баска симпатикалық ганглийлерге де) прсганглионарлык (миелинді)
талшыктар кіреді. Капсулада микроганглийлер және жекелеген ганглиоздык
жүйке жасушалары жиі кездеседі. Кызметі аденогипофизарлык АКТГ-мен
ынталандырылатын кабыктык бөлікте тура жүйкелік импульстердің рөлі
вазомоторлык эффектілермен шектеледі. Гипофизге тәуелді емес милык
затта онын секреторлык кызметін реттеу негізінен күрсактык жүйкетен
келетін жүйкелік импульспен ғана іске асырылады. Акырғылардың тітіркенуі
хромаффинді жасушалардын адреналин мен норадреналинді канға беруін
жоғарылатады.
Достарыңызбен бөлісу: