10.2.
Нейрондар
273
10.4-сурет.
Ж ү й к е ж а с у ш а л а р ы н ы ң т ү р л е р і (Т. Н. Р а д о с т и н а , Л .С . Р у м я н ц е в а л а р
б о й ы н ш а ):
а
— у н и п о л я р л ы н е й р о н ; б — ж а л ғ а н у н и п о л я р л ы н е й р о н ;
в
— б и п о л я р -
лы н е й р о н ;
г —
м у л ь т и п о л я р л ы н е й р о н
кимылдатқыш аймағының гиганттық пирамидалык
нейрондарының көлемі
130—150 мкм болады. Әдетте нейрондар жасушаның
денесінен (corpus neuronis),
немесе
перикарионнан,
және өсінділерден:
аксоннан
және саны әр түрлі
тармакталған
дендриттерден
түрады. Өсінділерінің саны бойынша бір ғана
аксоны бар униполярлы нейрондарды (жоғары дамыған жануарларда және
әдетте, адамда кездеспейді), бір аксоны және бір дендриті болатын биполяр-
лы, және бір аксоны және
көптеген дендриттері бар
мультиполярлы
нейрон
дарды ажыратады (Ю.З, Ю.4-суреттер).
Кейде биполярлы нейрондардың ішінде жалғануниполярлы жасушалар
кездеседі, олардың денесінен жалғыз өсінді шығып, кейіннен екіге: аксонға
және дендритке тармакталады (Ю.4-сурет,
б).
Жалғануниполярлы нейрон
дар жұлын
ганглийлерінде орналасады, биполярлылар — сезім мүшелерінде
аныкталады. Нейрондардың көбі мультиполярлы. Олардың пішіндері әр
түрлі. Аксондар мен дендриттер,
телодендрондар
(telodendron
) деп аталатын,
бірнеше
тармактарға бөлінеді, олар, өз кезегінде, жуандаған терминальдер-
мен аякталады. Бір нейронный дендриттері тармакталатын үшөлшемді аймак
дендритті алаң
деп аталады.
Нейронный цитоплазмасы. Адамның нейрондарынын
басым көпшілігінде
ортасында орналаскан бір ядро болады, шеттей орналасуы сирек кездеседі.
Екі ядролы, әсіресе, көп ядролы нейрондар өте сирек кездеседі. Автоном-
ды жүйке жүйесінің ганглийлерінің ерекшеліктері болады,
мысалы проста-
тада және жатыр мойынында кейде 15 ядролары бар нейрондар кездеседі.