Эмбриология



Pdf көрінісі
бет234/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

Көздің көзжас аппараты
Ол көз жасын өндіретін көзжас безінен және көз 
жасын шығаратын жолдардан — көз жасы еті, көзжас түтікшелері, көзжас 
капшығы және көзжас-мұрын каналынан түрады.
Көзжас безі 
көзұясының көзжас шұнкырында орналасып, күрделі альвео- 
лярлы-түтікшелі серозды бездердің бірнеше топтарынан түрады. Аяккы 
бөлімдері секреторлык жасушалардың (лакримоциттердің) дифферондары- 
нан және миоэпителиоциттерден кұралған. Көзжас бездерінің әлсіз сілтілі 
өнімдерінің кұрамында 1,5% натрийдің хлориды, аздаған альбуминнің 
мөлшері (0,5%), бактерицидтік эсер көрсететін лизоцим және IgA 
аныкталады. Көз жасынын сұйыктығы мөлдір кабыкшаны ылғалдандырады 
және тазартады. Ол үзіліссіз жоғарғы конъютивалык күмбезге бөлініп тұрады, 
ол жерден кабактың кимылымен мөлдір кабыкшаға, көз саңылауының ме- 
диалды бұрышына бағытталады, ол жерде көзжас көлшігі кұралады. Бұл 
жерге үстіңгі және төменгі көзжас түтікшелерінің сағасы ашылады, олардың 
әркайсысы көзжас капшығына ашылады, ал ол астыңғы мұрын жолына 
ашылатын көзжас-мұрын өзегіне жалғасады. Көзжас капшығының және 
көзжас-мұрын өзектерінін кабырғалары екі- және көп катарлы эпителиймен 
жабылған.
Адамның жасына байланысты өзгерістері. 
Адамның жасы ұлғайған сайын 
көздің бүкіл аппараттарының кызметтері әлсірей бастайды. Организмдегі


12.3. Иіс сезу мүшесі
367
жалпы метаболизмнің өзгеруіне байланысты көз бұршағында және мөлдір 
кабыкшада жасуша аралык заттын тығыздануы және, көбіне кайтымсыз бо- 
лып келетін, булынғырлануы жүреді. Картайған адамдарда мөлдір кабыкшада 
және склерада липидтердін коныстануы байкалып, олардың күңгірттенуіне 
әкеледі. Көз бүршағының икемділігі жойылады және онын аккомодациялык 
мүмкіндігі шектеледі. Көздің тамырлы жүйесіндегі склероздык үдерістер тін- 
дердін, әсіресе торлы кабыкшаның, трофикасын бүзады, ал бұл рецептор- 
лык аппараттың кұрылымы мен кызметінін өзгеруіне әкеледі.
1 2 .3 . ИІССЕЗУ МҮШЕСІ
Иіс сезу сенсорлык түйсікгің ең көне түрі. Иіс сезу анализаторы екі 
жүйеден түрады — негізгі және вомероназалды, олардын әркайсысы үш 
бөліктен түрады: шеткері (иіс сезу мүшелері), өткізу жолдарынан тұратын 
аралык (нейросенсорлык иіс сезу эпителиоциттерінің аксондары және иіс 
сезу буылтығының жүйкелік жасушаларынан) және үлкен ми кыртысының 
иіс сезу орталығында орныккан орталык.
Негізгі иіс сезу мүшесі 
(organum olfactus)
сенсорлык жүйенің шеткері бөлігі 
болып аныкталады және мұрынның шырышты кабыкшасынын шектеулі 
аймағынан — иіс сезу аймағынан кұралып, ол адамда жоғарғы және аздап 
мұрын куысының ортаңғы жарғағын, сонымен бірге мүрын тоскауылының 
жоғарғы бөлігін алып жатады. Иіс сезу аймағы респираторлык бөліктің шы­
рышты кабыкшасынан сыртынын сары түсімен ажыратылып, көзге бірінші 
болып түседі.
Вомероназалды немесе косымша, иіс сезу жүйесінің шеткері бөлігі воме­
роназалды (якобсон) мүше 
(organum vomeronasale Jacobsoni)
болып табыла- 
ды. Ол бір жағы тұйыкталған, ал екінші шеті мүрын куысына ашылатын жұп 
эпителийлік түтікше түрінде болады. Адамда вомероназалды мүше мүрын 
калкасының алдыңғы үштен бір негізінің дәнекер тінінде, калканын екі 
жағында да, шеміршек пен кеңсірік желбезегінін шекарасында орналасады. 
Якобсон мүшесінен баска, вомероназалды жүйенің кұрамына вомероназал­
ды жүйке, терминалды жүйке және алдыңғы мидын кұрамындағы меншікті 
өкілеттілігі — косымша иіс сезу буылтығы да кіреді. Бүл мүше бауырымен 
жорғалайтындарда және сүткоректілерде жақсы жетілген. Нейросенсорлык 
иіс сезу эпителиоциттері феромондарды (арнайы бездердің бөлетін өнімдері) 
кабылдауға маманданған.
Вомероназалды жүйенің кызметтері жыныс мүшелерінің кызметтерімен 
(жыныс циклін және сексуальдык тәртіпті реттеу) және эмоционалдык сала- 
мен байланысты болады.
Дамуы. 
Иіс сезу мүшесінің барлык бөлімдерінің даму көзі нейроэктодерма- 
ның окшауланатын бөлігі, эктодерманын симметриялы жергілікті калында- 
малары — ұрыктын басының алдыңғы бөлігінде орналаскан иіс сезу плако- 
далары және мезенхима. Плакоданың материалы астындаорналаскан плакодаға 
ене түсіп, сырткы ортамен тесіктер (болашак танаулар) аркылы байланыса- 
тын, иіс сезу капшыктарын кұрайды. Иіс сезу капшығының кабырғасында


368
12-Тарау. Сезім мүшелері
иіс сезетін дің жасушалары орналасады, олар кұрсакішілік дамудын 4-ші ай- 
ында дивергентті дифференцировка жолымеи нейросенсорлык (иіс сезетін), 
тіректік және базальды жасушаларға айналады. Иіс сезу капшығының біраз 
жасушалары иіс сезу (боумен) безінің кұралуына колданылады. Кейініректе 
нейросенсорлык жасушалардың орталык өсінділері өзара бірігіп, 20—40 жүйке 
шоғырларын (иіс сезу жолдарын — 
fila olfactoria)
кұрайды да, ол болашак 
торлы сүйектін (кеңсірік) шеміршектен тұратын бастамасының тесіктері 
аркылы бас миынын иіс сезу буылтығына карай орын ауыстырады. Бұл жерде 
аксондардын терминалі мен иіс сезу буылтығының митралды нейрондарының 
дендриттерінің араларында синапстык байланыс іске асырылады.
Вомероназалды мүше дамудың 6-шы аптасында мүрын калкасынын 
төменгі бөлігінде жұп бастама түрінде дами бастайды. 7-ші аптаға карай во­
мероназалды мүшенін куысының калыптасуы аякталады, ал вомероназалды
1 2 .8 -с у р е т . Иіс се зу анализаторының рецепторлық алаңдары мен өткізу 
ж олдары ны ңтопограф иясы. Адам басы ның мурын қалқасы деңгейіндегі сагиттал- 
ды кесіндісі 
(В. 
И. Гулимова бойынша): 

— негізгі иіс се зу мүш есінің рецепторлық 
алаңы (үзікті жолақпен белгіленген); 
II 
— вомероназалды мүш енің рецепторлық 
алаңы. 1 — вомероназалды мүше; 2 — вомероназалды жүйке; 3 — терминал- 
ды жүйке; 

— терминалды жүйкенің алдыңғы тармағы; 5 — иіс се зу жүйкесінің 
талшықтары; 6 — торлы жүйкенің ішкі мүрын тармақтары; 7 — мүрынтаңдай 
жүйкесі; 

— таңдай жүйкесі; 

— мүрын қалқасының шырышты қабықшасы; 10 — 
мүрынтандай каналы; 11 — торлы табақш аны ңтесіктері; 12 — хоана; 13 — алдыңғы 
ми; 14 — негізгі иіс се зу буылтығы; 15 — қосы м ш а иіс се зу буылтығы; 16 — иіс сезу 
жолдары


12.3. Иіс сезу мүшесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет