555
16.2. Ac қорыту жүйесінің алдыңғы бөлігі
түсіп калатын немесе сүт тістері (20) пайда болады, ал содан кейін тұракты
(32) тістер
к ал ы п тасад ы .
Жак сүйектерінің ұяшығында тістер тығыз дәнекер
тіннен тұратын, тіс мойыны тұсында тістін айналмалы байламын кұрайтын
периодонт аркылы бекиді. Tie байламынын коллаген талшықтарының орна-
ласу бағыттары негізінен радиальдык болып келеді. Бір жағынан олар — тіс
түбірінін цементіне, екінші жағынан альвеолярлык сүйекке өтеді.
Периодонт
механикалык кана емес, коректендіру кызметін де аткарады, өйткені олардың
ішімен тіс түбірін коректендіретін кан тамырлары өтеді.
Дамуы. Тістердің дамуында үш кезенді ажыратады: 1) тіс бастамаларының
пайда болуы және окшаулануы; 2) тіс бастамаларынын саралануы; 3) тіс
тіндерінін дамуы (16.10-сурет).
Сүт тістерінің дамуынын алғашкы сатысы ауыз куысының окшаулануы-
мен және ауыз куысынын кіреберісінің калыптасуымен косарлана жүреді. Ол
күрсакішілік дамудың 2-ші айының аяғында, ауыз куысының эпителийінде
мезенхимаға
карай өсе бастаған
үрт-еріндік табақша
пайда болғанда баста-
лады. Содан кейін табакшада, ауыз куысының бөлектенгенін және ауыз
куысының кіреберісінің пайда болғанын аныктайтын, саңылау түзеледі.
Бір түбірлі тістердің бастамалары орналасатын аймактағы ауыз куысының
кіреберісінің түбінен жүмырланған екінші эпителийлік өсінді шығып, тіс
табакшасына (
lamina dentalis
) айналады. Көп түбірлі тістердің бастамалары ор
наласатын аймакта тіс табакшасы тікелей ауыз куысының эпителиінен дербес
дамиды. Tie табакшасының ішкі беткейінде алдымен
эпителийден кұралған
топ —
гпіс бастамалары (germen dentis
) пайда болады, олардан
эмальдықмүшелер
(organum enamelium)
дамиды. Tic бастамаларынын айнапасындағы мезенхима
тығызданып,
тіс қалтасы
(sacculus dentis)
калыптасады. Әрі карай әрбір тіс ба-
стамасына карсы мезенхима
тіс бүртікиіесі түрінде (papilla dentis)
өсе бастай-
ды да, эмальдык мүшеге (16.10-суретті караңыз) батады, ал эмальдык мүше
екі кабырғалы бокалға немесе калпакшаға ұксайды.
Екінші саты эмальдык мүшенің жасушаларының саралануынан тұрады,
онда орнасуына байланысты ішкі және сырткы эмальдык эпителийлерді
және аралык кабаттың жасушаларын ажыратады. Ішкі эмальдык эпите
лий базальды мембранада орналасады және
призмалык болып пішінделеді
(16.11-сурет,
а, б).
Кейіннен ол
эмаль (епатеіит)
өндіреді, сондыктан, бұл
жасушалар
энамелобласттар
немесе
амелобласттар
(
enameloblasti, ameloblasti)
дел аталады. Эмальдык мүшенің әрі карай өсуі кезінде сырткы эмальдык эпи
телий жайпактанып, ал аралык кабаттын жасушалары, олардың араларында
жинакталған сұйыктыктың әсерінен, жүлдыз пішінді болып кетеді.
Эмальдың
кутикуласын (cuticula епатеіі)
түзеуге катысатын
эмальдық мүшенің пульпасы
осылайша пайда болады.
Tic бүртікшесінде
кан кылтамырлары жайыла өсіп, алғашкы жүйке
талшыктары пайда болған кезеңде тіс бастамасының саралануы баста-
лады. 3-ші айдың аяғында эмальдык мүше тіс табакшасынан толығымен
бөлінеді.
Үшінші кезен — тіндердін дамуы — эмбриогенездің 4-ші айында баста-
лады. Дамып келе жаткан тістің пульпасынын шеткі кабатында мезенхима