«Емдеу және бейімделу дене шынықтыру» Оқу-әдістемелік кешені 050108 «Дене шынықтыру және спорт»


Бел омыртка мен сегізкөз остеохондрозы



бет22/42
Дата01.11.2022
өлшемі258,51 Kb.
#156008
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Байланысты:
«Емдеу ж не бейімделу дене шыны тыру» О у- дістемелік кешені 050

Бел омыртка мен сегізкөз остеохондрозы
Омыртқааралық шеміршектщ жан-шылып ыдырауынан неврология-лық белгілер айқындалып, бел омыртқаның қимыл-қозгалысы кеміп қалады.
Қолданатын емдеу әдістері көп. Олар дәрі-дәрмек, хирургиялық (операция), балшықпен емдеу, токпен емдеу, массаж және емдік гим-настикасы.
Профессор Епифанов В. А. (1982) емдік гим-настика тағайындағанда белсегізкөз омыртқала-рьіның анатомо-биохимиялық ерекшелігін ескеру қажет деген.
1. Шеміршек ішіндегі ңысым жатқан кезде төмендейді (0,5—1 кг/см2), ал тік тұрғанда ол екі есе көтеріледі. Сондықтан аурудың алғашқы са-тьісында жаттығуларды шалқадан, етпеттеп, бір қьірынан жатып немесе еңбектеп тұрып жасаған дұрыс.
2. Омыртқа аралық шеміршектің ыдырап сьіртқа шығуы (грыжа) нерв талшықтарына қцянат келтіреді. Бұзылған нерв түбірлері бұл-тітьіқ еттің «тастай» болып ңатып ңалуына әкеп соғады. Осыған орай бұлшық етті босатудың жә-йін ойластыру керек.
3. Денені алға еңкейтсе, омыртқа аралығы аціылып, одан шығатын нерв талшықтары бо-сайды, бұлшық еттердің тартылуы кеміп, қалпына келеді.
4. Омыртқа жотасын созудың маңызы зор екенін жоғарыда айттық. Тәжірибе жүзінде бел оіяыртқа зақымданғанда, көлбеу жазықта немесе кушеткада, суда созылудың пайдасы айрықша.
Ауру асқынған кезде бұлшың етті босаңсыту үціін қаттырақ төсекте қозғалмай жату керек. Хізені сәл бүгіп, таңымға жастық не бүктелген көрпе ңоюға болады. Тыныштық және ауырған жерге күш түсірмеу — жарылған шеміршектің бітуіне үлкен ықпал жасайды.
Емдік гимнастиканың негізгі мақсаты: бел оіуіьіртқаның, оның маңындағы бұлшық еттердің сьіздап ауырғанын бәсеңдетіп, қан айналымын ясақсартып, нерв талшықтарын жандандыру. Жаттығулардың бәрі бұлшық етті босаңсытуға аряалған. Сондықтан қимыл-қозғалыс дұрыс тьіныс алумен қабаттасып келіп отырады. Аяқ-тарды екпінді серпу керек болса, ол оңай орындалу үшін табанның астына жылжитын тақтай, кіііікене дөңгелектері бар арба орнатып қояды. Сонда еркімен барлық қимылдарды жасауға мүмкіндік туады.
Ауырғаны басылған соң жаттығулар жинағы күрделеніп, омыртқаны созуға бағытталады. Кө-бінде жаттығуларды жатып (шалқадан, етпеттеп, бір жағынан) орындайды. Сонда омыртқа арасы ашылып, қоршаған бұлшық ет босап', зат алма-суы жақсарады. Орта және ірі буындар мен бұл-шық еттерді жаттығуға біртіндеп қосады. Изо-метриялық күш жұмсайтын жаттыгулар өте тиім-ді, мәселен, аяқты тізеден бүгіп, белді, бөксені тақтай төсекке қатты қысады. Бұл жаттыгулар құрсақ ішіндегі қысымды ұлғайтып, сол арңылы шеміршек (омыртқа аралық) ішіндегі қысымды азайтады.
Барлық жаттығу адамның өз еркімен қинал-май жасалу керек. Әдетте сау аяқтан бастайды. Мөлшерін, ырғағын, қарқынын біртіндеп өсіреді.
¥заққа созылған ауруда арқа мен құрсақ бұл-шық еттері семіп қалады. Сондықтан дене тәр-биесі арқылы бұлшық еттерді жетілдіріп, қысып ұстап тұратын құрсау керек. Осыған орай ертеңгі гигиеналық гимнастикамен бірге, арнайы емдік гимнастиканы мұқият орындаған дұрыс. Әр уа-қытта денені тік ұстауға дағдыланған пайдалы.
Үй жағдайында қатты төсекте жатуды ұмыт-паған жөн. ¥зақ уақыт бір күйде отырмай, ауыр нәрсе көтермей, суыққа ұрынбай, адам өзін сақ-тау керек. Ал қызмет бабымен алыс командиров-каға шыңқанда машина-транспортпен селкілдеп көп жүретін болса, арнайы корсет (құрсау, киген дұрыс. Бірақ оны үнемі пайдалануға болмайды.
Сол сияқты остеохондрозға, жалпы омыртқа ауруларына ең қажет нәрсе — таза ауа, серуен, суда жүзу, шаңғы тебу т. б.
Массажды біреуге жасатуға не әркім өзі жа-сауына болады. Мұнда бел, бөксе, аяқ бұлшық еттерін мейлінше сипап, мыжып, тонусын артты-рады, қан-лимфа айналымын жақсартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет