«Емдеу және бейімделу дене шынықтыру» Оқу-әдістемелік кешені 050108 «Дене шынықтыру және спорт»



бет37/42
Дата01.11.2022
өлшемі258,51 Kb.
#156008
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
«Емдеу ж не бейімделу дене шыны тыру» О у- дістемелік кешені 050

Кеуде остеохондрозы
Омыртқа аралық шеміршектің то-зуы салдарьщан көкірек қуысы өзгеріп кетеді. Кеуде омыртқалары сыртқа теуш, дөңестік пайда болады. Ол тек ауыр-тып қоймай, өкпенің қызметін, дем алуғд ықпал жасайтын қабырга еттерін әлсіретеді. Сонымен денеде газ алмасуы бұзылып, оттегі тапшы бо-лады.
Кеуде артқа кеткенде дененің тік қалпын сақ-тау үшін бел омыртқалар алға ығысады. Содан оларды ұстап тұрған еттер мен сіңірлер созылып, нерв талшыктарына әсерін тигізеді. Сол кезде бел омыртқаларда ешбір өзгеріс болмаса да ауыра бастайды.
Емдік гимнастиканың міндеті: дененің сым-батын сақтау үшін арқа бұлшық етін жетілдіріп, омыртқа жотасының табиғи иректерін (лордоз, кифоз) қалпына келтіру.
Емдік гимнастика әр түрлі жағдайда (жатып, отырып, түрегеліп тұрып) жасалады.
Кеуде қабысып қалғанда іштің етін шының-тырып, арңа бұлшық етін созады. Мұнда қалайда кеуде кифозын (сыртқа тебу) үлкейтуге ықпал жасайды.
Кеуде қуысы артқа ауысып кетсе, арқа, іш, кеуде бұлшық еттерін нығайтуға арналған жат-тығулар беріледі. Онда омыртқа жотасын қай-қайтып, жауырындарды бір-біріне тигізеді. Мұн-дай жағдайда бел омыртқа орнында қалуын қа-дағалау керек. Ол үшін етпеттен жатып, іштің астына жастық салып қояды, сол арқылы алдын ала бел лордозын таяздатып, қайқаюына мүмкін-дік бермейді. Тізе мен шынтаққа тіреліп «төрт тағандап» түрып жасалған жаттығулар да омырт-ңа жотасының қалпына келуіне ықпал жасайды.
Омыртқа жотасы қисайғанда берілген жатты-ғулар сияңты остеохондроз ауруында да көлбеу жазықтықта созылудың маңызы зор.
Сол сияқты судың ішінде жасайтын жаттығу-лар өте пайдалы (жүзудің «брасс» деп аталатын түрі және арқамен жүзу).
Үй жағдайында жазу-сызу мен шүғылдан-ғанда стол басында отырып қалса, қалайда әлсін-әлсін түрегеліп жүріп, не отырған орындықтың арқалығына шалқая 2 — 3 минут жату керек.
Бұлшық еттерге күш салу өте тиімді: орындық арқалығына жауырынды жапсыра қысады; бел-ді де таяп қойып нығыздайды; сол қалыпта орын-дықтың екі жағынан ұстап өзін де, орындықты да көтермек болады; қолды столға қойып қатты басады; қабырғаны арңамен тіреп тұрып, бөксе-мен, белмен, жауырынмен оған кезек-кезек қысым түсіреді. Осындай изометриялық қатайту, шынық-тыру жаттығуларынан кейін бүкіл денені босаң-сытады. Әр сабаңта 4—5 рет осы жаттығулар қайталану керек.
Емдеу гимнастикасымен бірге арқа, кеуде бұлшық еттеріне арналған массаж өте тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет