Сүргілеудің қимылдары штрихтағанға ұқсас. Бірақ мұнда көбінесе қолдың саусақтары алға
қарай екпіндеп кетіп отырады. Қимылдарды ұзыннан – ұзақ тік және көлденең жасауға болады.
Ысқылаудың мұндай тәсілі тереңде жатқан тканьдерге, бұлшық етке әсер етеді. Оларды жылжытып,
созып, тонусын көтереді. Содықтан күйіктен не жарақаттаңғаннан кейін пайда болған, тыртық, жік,
қабынудан кейінгі жабысып қалған жерлерді таратуға үлкен септігін тигізеді.
Қысқаштай қысып ысқылау – сұқ саусақ, ортаңғы саусақ және бас бармақтың үшеуін
түйістіріп, қысқаша ұқсақ отырып ысқылайды. Ысқылаудың бұл түрі негізгі және қосымша
топқа жатады. Сондықтан ыңғайына қарай қолдана береді. Бұл тәсілмен жоғарыда айтқандай аз
қозғалатын тканьді, сіңірлерді шағын бұлшық етті бүріп ұстап, алға қарай немесе дөңгелектеп
ысқылайды. Бір жерге секундтай қимыл жасайды. Орта есеппен минутта 60 – 100 қозғалыс болуға
тиіс. Ысқылаудың бұл тәсілін аурудың жағдайына қарай үстіртін, жеңіл немесе батыра жасауға
болады. Ол зақымдалған жерге, қабынып ісінген бұлшық етке, адамның мінезіне байланысты.
Сонымен ысқылаудың қандай түрі болсын денеде дөңгелек шеңбер, түзу сызық, иерелеңдеген,
штрихталған іздер салу керек. Оның бәрі теріге , оның астындағы тканьдерге жеткізе күш көрсетіп,
қан айналымын жақсартып, аурудың тезірек жазылып кетуіне ат салысу болып табылады.
Ысқылау тәсілін орындағанда есте ұстайтын жайттар дөрекі, қатты ауыртып ысқылауға
болмайды;
-
теріні жылжытпай, тек үстінен сипалау қате;
-
әсіресе дөңгелек шеңбер жасап ысқылағанда саусақтардың ағаштай болып қатып қалуына
саусақ буындарының бүгіліп жазылуына көңіл бөлу керек;
-
саусақ иілгенде қысым азайып отыру керек, соған қарай саусақтардың шегедей қадалып,
артық қысым түсірмеуіне назар аударған жөн;
-
қолды шамадан тыс қақайтып ұстауда қате;
-
екі қолды алма –кезек жүргізбей, қатарластырып, жарыстыра жүргізеді;
Міне, осының бәрі байқалмай кететін қателер. Массаж жасаған адам науқастың жазылуын шын
көңілімен тілесе сондай – ақ ұсақ- түйек заттарғада баса назар аударады. Тек сонда ғана жасалған
массаж денеге шипа бола алады. Әйтпесе керісінше әсер етіп, массаждан соң ауру асқынып кететін
жағдайларда кездеседі. Тек ысқылау тәсілі емес, массаждың басқа түрлерін орындағанда да аса зор
ұқыптылық, тиянақтылық керек.
Достарыңызбен бөлісу: