«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет68/76
Дата13.06.2024
өлшемі0,86 Mb.
#203355
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Сүйек сынғанда жасайтын массаж. 
Сынықтар ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Ашық сынықта сүйек зақымдалып бұлшық ет 
жарылып, қан тамырлары бүлініп зақымдалған жерден қан ағып сүйек сынықтары көрініп жатады. Ал 
жабық түрінде тері жарылмай сүйектің снықытары көрінбейді. Қандай түрі болсада сүйек сынғын 
кезде адамға бірден білінеді. Ол жер жаңға батып ауырады, көгеріп ісіп кетеді, қозғалуға мүмкіндік 
болмай, сиқы бұзылып бұрынғыдан қысқарып қалады. Сынған сүйектің бітуі адамның жасына, 
сынықтың түріне байланысты. Егер сынған жерде сынық мүйізшесі пайда болса, тек сонда ғана ол жер 
бітіп кетеді деп айтуға бюолады. Жас адамға қарағанда қариялардың сүйегі жай, ұзағырақ бітеді. 
Жабық сынықтың ең қажетті емі – емдік гимнастика мен массаж. Ал ашық сыныққа оларды қолдануға 
болмайды. Өйткені сынған жер қабынып ісіп, іріңдеп кететін кездер болады. Сондай кезде массаж 
жасаса ірің барлық жеоге жайылып кетуі ықтимал. Сондықтан сүйек жетілгенше тиіспейді. Ал жабық 
сыныққа екінші – үшінші күннен бастап массаж жасай береді, егер гипстеп тастаса массаждың 
дірілдету тәсілін қолданады. Көбінесе рефлексторлы-сегменторлық массаж жасайды. Мәселен, қол 
сынғанда жұлыннан шыққан нерв талшықтарын аәсер етеді. Ол үшін мойын және арқы 
омыртқаларына екі жағынан 2,5 см алшақты вибрациялық массаж жасайды. Тек айтылған ара-
қашықтықты сақтау керек. Өйткені сол аралықты дұрыс ұстамаса жұлынға зақым келіп, пайданың 
орнына запа шегуі мүмкін. Ал аяқ сынса арқа омыртқаларының төменгі бөліктерімен бел 
омыртқаларының тұсын массаждайды. Ауырғаны бәсеңдеп ауру тәуірленген кезде массажды табаннан 
жоғары әкетеді. Екінші аптаға ауысқанда гипсті төртбұрыштап кесіп сынған жерге тікелей массаж 
жасайды. Әйнек тәрізді тесіп алған жеоге аппараттың басын қойып ұзыннан және көлденең, бірнеше 
рет дірілдетіп шығады. Мұның өзі сүйек мүйізшесінің тек қалыптасыуына ықпал етеді. Егер тоқпан 
жілік не ортан жіліксынса вибрациялық массаждың ең пайдалы түрі тек сынған акяқ қана емес сау аяқ 
қолды массаждайды. Оның өзі рефлексторлы түрде сынған жерге үлкен әсер етеді. 
Сол сияқты ауру адам ой арқылы сынған жермен күніне бірнеше рет жаттығулар жасау керек. 
Адам организмі біртұтас екенін білемі, бір бірімен тығыз байланысты және барлығы жоғары реттеуші 
орталыққа бағынады. 
Сондықтан науқас күні бойы бірнеше рет әр түрлі жаттығуларды ойлап, дәл сол сынған жерге 
пайдаланса тезірек жазылуға, сынықтың жылдам бітуіне мүмкіндік туады. Мұнда жоғары нерв жүйесі 
өзінен шыққан тітіркендіруші импульсті жарақаттанған жерге жіберіп, оның кейін семіп қалмауын 
қамтамасыз етеді. Келіп түскен импульстердің әсерінен қан-лимфа айналымы жақсарып, зат алмасуы 
өседі.
Осындай ой арқылы орындалатын жаттығуларға дұрыс – терең дем алуды қатарластыра өткізсе 
адамға әжептәуір көмек болады. Аяқ сынған кезде тізенің үстін әйнек тәрізді кесіп массаж жасау және 
және тізе тобығын әрлі-берлі қозғап жаттығу өте пайдалы. Сынған аяқты қалпына келтіру үшін ауруды 
бірнешще ай жатқызып, аппартат арқылы созуға тура келеді. Сол кезде 2-3 күннен кейін емдік 
гимнастиканы сау аяғына жасайды. Мүмкін болса жараланған аяқтың сынықтан жоғары бөлігіне 
массаж, емдік гимнастика қолданған абзал. Аяқ бұлшық еттерінің қарысып қалғанын босаңсыту үшін 
күніне 2-3 рет 3-5 минуттан вибромассаж беріледі. 
Қолмен жасалатын массаждың мипау, ысқылау және жұмсарту сияқты жеңіл түрлерін 
қолданады. массаж біртіндеп бастап, еппен үдетіліп 15-20 минутқа жеткізіледі. Гипсті немес созу 
аппартын алған соң сынған жерден, жоғары қарай массаж жасалады. Оның өзі жарақаттанған жердің 
ісігін қайтарады. Ал сынған жердің еті жетілгенше өте нәзік сипау ғана қолданады, өйткені жұқа теріге 
қол қатты тисе, бірден асқынып қызарып қанталап кетуі мүмкін. Онда сынық жазылған соң тері мен 
бұлшық етті емдеуге тура келеді. Сынған жер өте сезімтал, нәзік болғандықтан әрбір артық қимыл 
керісінше әсер етіп, ауруды асқындырады, кейде тіпті жара пайда болуы мүмкін. Сондықтан гипсті 
алған жерге мұқият тазалық және ептілік қажет. 


Кейде сыртқы еті жетілмеген сүйектің бітуі көпке созылып кетеді. Мұндай жағдайда массаж 
екпінді түрде жасалады. Сипаудың бірнеше түрін, соғу, қағу, шапқылау ұрғылау тәсілдерін тек қолмен 
емес кішкене ағаш балғамен орындауға болады. 
Табиғат заңы өте қызық, кейбір кезде сынық сүйек арасындағы мүйізше артығымен жетіліп 
кетеді. Ондай жағдайда массаж жасауға мүлде болмайды.
Кейбір оқымыстылар гипсті кеспей, үстінен массаж жасауды ұсынады. Вибромассаж 
сынықтың тұсынан гипстің үстінен орындалса, сүйек мүйізшесінің тез жетілуіне ықпал жасайды. Тіпті 
ауру адамның өзі де күніне бірнеше рет саусақтарымен ақырын соққылап қойса өте пайдалы.
Есте сақтайтын бір жәй – егер сынған жердің айналасы қызарып талаурап қабынып тұрса 
массаж жасалмайды. Тек соның бәрі қайтқанда ғана массаж басталады.
Ашық сынықтар, әсірісе , сүйек мүйізшесі жәй қалыптасса сау аяқты мейлінше қарқынды түрде 
массаждайды. Массаждың әсерін арттыру үшін, емдік гимнастикамен жылу процедураларын бірге 
қолданады. Сонда сынық жалдам жетіліп , қол-аяқ қалпына келеді. Емдеу мерзімі 30-40 күнге 
созылады. 
Егер бұлшық ет семіп не буын қозғалмай сіресіп қалса, емдеу әдісін қайталайды. Онда екі жұма 
тынығып, массажды дене тәрбиесі және емдік гимнастикамен үйлестіре жасайды.
Массаж жасағанда бөлменің температурасы 18-20 градустан төмен болмаса, жалаңаш денедегі 
қан айналымы бұзылмайды.
Тек сынған жерді ғана емдемей, бүкіл денені емдеу керек екені белгілі. Сондықтан адам 
денесінің қандай бөлігіне массаж жсалсада, оны жасаған адамның қолы жылы, жұмсақ, жағымды болу 
керек. Еш уақытта терлеген алақанмен ауруды сипауға болмайды. Терден құтылу үшін алақынды 1 
процентік формалин ерітіндісімен немесе кәдімгі арақпен сүртеді.
Массаж жасағанда қойылатын талаптар кітаптық арнайы бөлімінде айтылады. Дегенмен тағы да 
қайталай айтып, ойды тұжырымдайтын бір нәрсе - қазіргі кезде арамызда массаж жасайтын адамдар 
көбейіп кетті. Олар тек берілген бөлмелерде ғана емес, үй жағдайында да, моншада да , кооператив 
бірлестіктерінде де , стадионда да, қысқасы қай жер ыңғайлы болса сол жерде, айналысып жүр. 
Әдетте, ондай мамандардың көбейгені көңілді көтереді. Бірақ медициналық көмек білімі жоқ
адамдардың массаж жасауы өте қауіпті, адамның анатомиялық құрылысын түсінбейді. Сондықтан 
ондай адамдардың массаж жасауы «балық аулай алмаған суды лайлайды» пайданың орнына зиян 
келтіреді.
Егер теріде тырналған, сызат алған жер болса, борлы сумен жүріп, ксероформ майын жағып
таңып тастайды. 
Аурудың әртүрлі өзіне негізделген массаж тәсілдерін қолданады.
Массаж – жүрек-тамыр, тыныс алу мүшелері, ас қорыту, тірек-буын, нерв жүйесі ауырғанда – 
барлығында қолданатын емдеу әдісі. Тек оның пайдалы және жағымсыз, қолдануға болатын және 
болмайтын жағдайларын анық білу керек. 
Классикалық және нүктелі массажды қолдануға болмайтын жағдай бірдей. Мәселен, әйел жүкті 
кезінде, жүрек инфарктінің алғашқы күндері, остеомелит, психикалық науқас, тері ауруының әр түрлі, 
туберкулез , індетінің асқынған түрі, тромбофлебит, атеросклероз, қан қысымы көтеріліп, III кезеңге 
жоғарылаған шағында массаж қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет