Гидромассаж - сумен жасалатын массаж. Адамды 37-38
0
жылы су толтырылған ванна ішіне
отырғызады да, «волна» атты аппарат арқылы суды дірілдетеді, сонда пайда болған толқындар
адамның ауырған жеріне бағытталады.
Пневмовибромассаж ЭМА–2М аппараты арқылы жасалады. Вибрациялық діріл оймыш ыдыс
арқылы ауаны қысып және ыдыратады. Сол кезде аппаратың цилиндрінен шыққан ауа толқыны
адамның денесіне лек-легімен келе бастайды.
Пневмомассаж – негізінде қоршаған ауаның қысымын көбейтіп не азайту арқылы денеге әсер
ету. Осы алма кезек ауаның қысымы теріні бірде өзіне қысып бірде қайта босатып жібереді. Ол арнайы
аппаратқа қойылған қондырғы «воронка» арқылы іске асырылады. Қанша ауа жіберу, қанша тарту
керектігін аппартқа орнатылған вокуметр және монометр арқылы анықтайды.
Синкардиальды – массаж пневмомассаждың бір түрі. Мұнда ретті ырғақпен ауаның қысымы
өзгертіліп қол-аяққа толқындар жіберіледі. Соның әсерінен аяқтың не қолдың бұлшық еттері оқтын –
оқтын қысылып отырады.
Гидромассаж - бірнеше түрге бөлінеді. Олар: су астындағы түтік арқылы жіберілген судың
ағынымен жасалатын - су астындағы душ – массаж, ауада су ағыннан алатын массаж. Су астында
қолмен жасайтын массаж және су астындағы топтасқан массаж.
Осы айтылған гидромассаждың әр – түрі өзгеше ерекшелігімен көзге түседі. Оларды жасағанда
ережесін жақсы білу тиянақты орындау өте қажетті нәрсе.
Су астындағы душ – массаж. Су толтырылған ванна ішінде « тангентор» (ГДР) аппараты
арқылы жасалады. Адамға судың астынан түтік арқылы ағынды су жіберіледі. Ол берілген қысымның
әсерінен құйындай жиырылып, денеге иірім сияқты қатты тиеді. Оның қысымын массаж жасайтын
жерге байланысты өзгертіп отырады. Мәселен, арқаға 2-5 атм, санға 2-4 атм, жалпы денеге берілетін
судың қысымы 12 атм болу керек. Судың жылуы 37-38
0
болады.