Ауадағы су ағыннан алатын массаж. Ол көп санатори-профилакторилерде кеңінен
қолданатын шарко душы, температурасы 20-33 қысымы 5-3 атм. Су қысыммен үлкен шланг арқылы
ытқып шығады. Осындай су ағынының қатты соққылайтын өтінде адам 2-3 метр қашықтықта 3-5 мин
денесін төсеп тұрады. Шотландия душында 2 түтік болады. Біреуінен 40
0
ыстық су ал екіншісінен 20
0
салқын су беріледі. Мұның өзі, бұлшық етпен теріні серпімділігін шынықтыруға, адамды
жігерлендіруге өте пайдалы.
Су астында қолмен жасайтын массаж. Мұнда адам ағаш төсекке жатады. Үстіне 1 атм
қысыммен душтың суы ағып тұрады, сол кезде қолмен белгілі тәсілдердің бәрін адам денесіне
қолданады. Немесе ваннаға толған судың ішінде осы тәсілдерді жасайды. Қолмен жасайтын
массаждың кәдімгі құрғақ массаждың айырмашылығы шамалы, тек судың температурасы 35-38
0
тен
төмен не жоғары болмауы шарт.
Су астындағы топтасқан массаж. Бұл бір жағынан судың қатты ағынын беріп, екінші
жағынан қолмен массаж жасауды біріктіру деген сөз.
Гидромассаж терінің қан тамырларын кеңітіп зат алмасу, қоректенуін жақсартып, адамға үлкен
жеңілдік әкеледі.
Баромассаж – В.А. Кравченко аппартымен жасалады.
Арнайы камераның ішіне ауа енгізіп,
оны қайтадан насос арқылы сорып алады. Сол ауаның қысымы өзгеріп отыратын камераға аяқты
салады. Ол камера тығыздалып жабылады. Содан соң аяққа не қолға қысым түсіріп теңіз деңгейінен
1200-1700 м биіктікке көтереді және 500 м биіктікке түсіреді. Осындай қысымның өзгеруін 3–рет
қайталайды. Баромассажды 12-15 минут жасайды.
Мұндай массаж қан тамырлары саңылауын бірден ашып аяқтың температурасын 1,5 – 2
0
– қа
өсіреді. Тканьдерге келетін оттегі мөлшері көбейіп тотығу процессі қызу жүреді. Венамен керісінше
ағатын қанның жылдамдығы артып денеде керексіз қортылған заттарды шығаруға толық мүмкіндік
туады.
Массаждың осындай ел арасына таралған жүйесі мен әдістері бар. Олар барлық жерде бәрдей
меңгеріледі деп айта алмаймыз. Өйткені материалды техникалық база көп жерде жетілмеген. Соның
салдарына жоғарыда аталған аппараттар республикалық облыс орталықтарында болмаса, асқан емдеу
профилактикалық мекемелерде көп кездеспейді. Дегенмен оқырман қауым массаждың қандай түрлері
бар екенін біліп, мағлұмат алу дұрыс деп есептейміз.