Ащы су, тұщы су сөздерінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Адам сусыз қанша уақыт өмір сүре алады?
Адамдар қандай суды пайдаланады?
Мұғалімнің түсіндіруі. Су — тірі организмдердің өмір сүруін және олардың тіршілік әрекеттерінің даму процестерін қамтамасыз ететін ерекше қасиетке ие өзіндік минерал. Барлық сұйықтықтардың ішінде су — ең жақсы еріткіш. Ол үлкен жылусыйымдылыққа және жылуөткізгіштікке ие. Судың басқа кәдімгі қосылыстардан айырмашылығы — қалыпты температуралық ауытқу кезінде газ, сұйық және қатты күйінде болуында
Тұщы таза су – байлық. Жер шарындағы барлық судың2% ғана тұщы, ал қалған 88 %ащы су. Тұщы суды тек адамдар ішу үшін ғана пайдаланады.
Ауызсу – ішуге жарамды су.Дүние жүзінде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді, сондықтан әлемде ішуге жарамды ауызсудың жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналды. Табиғи тұщы су көздерін таза ұстау, оны ластамау, тиімді пайдалану қажет.
Тірі организмдер сусыз тіршілік ете алмайды. Су кез келген өсімдік пен жануар ұлпасының құрамына кіреді. Мысалы, медузаның денесі 99,9%, үш күндік адам ұрығының денесі 97%, ересек адамның денесі 70 — 75% судан тұрады. Қиярда, салатта, спаржада (қасқыржемде) су олардың салмағының 95% -ын, қызанақ пен сәбізде 90%-ын құрайды. Өсімдіктер және жануарлар организміне тән күрделі реакциялар сулы орта болғанда ғана жүзеге асады. Организмнің суға деген қажеттілігін тек сумен ғана қанағаттандыруға болады. Тірі организмнің 10 — 20% суын жоғалтуы оны өлімге ұшыратады.
Өсімдіктер тіршілігіндегі су. Су — өсімдіктер жасушасының маңызды бөлігі. Ол топырақтағы минералды тұздардың еруіне, тургор қысымына жағдай туғызады. Фотосинтез және булану процестеріне қатысады. Көптеген өсімдіктер үшін су — тұрақты тіршілік ету ортасы.
Су өсімдіктерге, ең алдымен, топырақ арқылы әсер етеді, сондықтан топырақ ылғалдылығының маңызы зор. Су өсімдіктің сыртқы пішінінің қалыптасуына да үлкен әсер етеді.
Жануарлар тіршілігіндегі су. Жануарлар суды ішу арқылы немесе шырынды азықпен қоректену арқылы және органикалық заттардың тотығуы есебінен алады. Кейбір жануарлар суды тері жабыны арқылы ылғалды төсеміктен (субстраттан) немесе ауадан сіңіреді.
Көптеген құстар ішетін суды қажет етеді. Қарлығаштар, ұзынқанат қарлығаштар судың бетіне жанаса ұшып су ішеді. Шөлдегі бұлдырықтар үлкен қашықтықтағы суаттарға ұшып барып, балапандарына су әкеледі. Бұл кезде олар суды қауырсындарына сіңіреді, ал балапандары тұмсықтарымен ісінген қауырсынды сығады.
Судың ластануы деп - су айындарының зиянды заттармен, өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен қанығу процесін айтады. Мұның нәтижесінде су өз қасиетінің көп бөлігін жоғалтады және ары қарай қолдануға жарамсыз болып қалады.........
«Судың ластану» себептері мәселесін, ластанудың негізгі себептерін айтып беріңдер.