Жұмсарту тәсілін бірінші , екінші саусақтармен ақырын, жеңіл үстіртін ғана бет терісін қысу
арқылы нығарлап басу арқылы өткізеді. Қара өріктің етінен сүйегін қысып шығарғандай қимыл
жасайды. Тек бет терісін шымшуға болмайды. Ол өте нәзік, көгеріп қалуы мүмкін.
Құлаққа да массаж жасайды. Алдымен, сырғылықты, одан соң
шеміршекті екі саусақтың
ұшымен сипап шығады. Жұмсарту үшін оны үздік – үздік саусақтардың арасында батырыңқырап
басады,қысады.
Әр тәсілді 3-4 рет қайталайды, арасында сипап отырады.
Бетке массаж жасау үлкен шеберлікті, мұқият зеректікті қажет етеді. Дұрыс жасалмаған массаж
теріні бей – берекет созып, әжімді созады. Жасы ұлғайған адамдардың терісі тіпті нәзік болады,
өйткені оларда судың, басқа пайдалы заттардың мөлшері аз, сондықтан құрап тұрған жапырақ сияқты
бір артық қимыл жасаса, әжім түсіп, кейбір жері салбырап, созылып қалады. Осындай өкінішке
ұрынбас үшін
терінің қандай екенін, анықтап алу керек . Майлы ма, әлде құрғақ па тек осыдан соң
массажды қолданады. Бет терісіне жағатын майларды да айыра білу керек. Бетті дұрыс күту үшін өз
бетінше , массаж жасағанда , міндетті түрде косметолог – маманмен кеңесу керек. Ал егер бет
терісінде ауру болса, онда дерматологқа, нерв талшықтары не нерв ұштары қабынса, неврапатологқа,
қаралады. Қалайда, өз бетінше ем бастау қате. Тек мамандардың кеңесінен кейін бет терісіне массаж
жасауға кірісуге болады.
Бетті массаждау мойынмен қатар жүреді. Тек алдымен теріні мұқият тазалап алады. Ол үшін
сабынды сумен жақсылап жуады немесе спирттің ерітіндісімен, сондай-ақ лосьенмен сүртіп
тазалайды.
Бет терісі суыққа ұрынып әр түрлі
бөрткендер, безеулер шықса оны кетіру үшін ыстық
компреспен жылытады. Тіпті болмаса булайды. Ол үшін 5-10 минут 45-50 градус ыстық будың үстіне
бетін тосып отырады. Әр түрлі шөптерді, картопты қайнатып, соның буына ұстаған да қолайлы.
Бет терісін түршіктірмес үшін алғашқы күндері аз ғана уақыт, өте нәзік массаж жасайды. Тері
қатпарланбай, жиырылмай жазық қалпында,қалуы керек. Әсіресе ақшыл тері жұқа келеді, сондықтан
оған массаж, жасағанда абай болуы, тек жеңіл түрін ғана қолданады.
Массаж үстінде екі қол бірдей қимылдауы керек. Олардың күші, жылдамдығы, қуаты бірдей
болмаса, массаж жөндеп қабылданбайды. Терісі жақсы жастар бетке массажды екі рет, ал егде тартқан
әжім басқан бетке аптасына 1 рет алса жеткілікті.
Ең алғашқы массаж 5-6 минут болады, келесі күні 10-12 минутқа созылады.
Массаж тиімді
болуы үшін, мимикалық бұлшық етке арнайы жаттығулар жасайды. Екеуі қосылып бірге өткізілсе,
пайдасы да мол болады.
Жоғарыда сөз болып отырған массаж көбінде, косметикалық тұрғыдан және тері ауруларында
қолданылады.
Егер бет не беттегі нерв талшықтары зақымданса онда оған өте жоғары сақтық керек.
Массаждың алдында бетті тазаламайды, еш нәрсемен майламайды, ал булау туралы мүлде сөз
болмайды. Оның өзінің емдеу тәсілдері бар (инемен, балшықпен, дәрі-дәрмекпен, нүктелі массажбен.)
Массажды қандай мақсатпен жасағанда да, оның бұлшық еттерін толық, босаңсыту алғы шарт.
Онсыз масаждың да құны жоқ. Бетке массаж жасау әркімнің қолынан келе бермейді. Оған
медициналық білім, шыдамдылық, массаждың методикасын жете білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: