Әміров Әбдібек Жетпісұлы Қазақ терминологиясы



бет10/25
Дата10.03.2023
өлшемі212,85 Kb.
#171684
түріМонография
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
treatise64286

Бас қосуға жиналғандар отбасында балаларды тәрбиелеуде ата-ана рөлі қандай деген сауалға өнер, поэзия тілімен жауап бергендей болды. (Е.Қ. 1997. №8. 14 қаңтар, -1 б.). Шетелдердегі сыбайлас әріптестерімізбен арадағы байланысты тек бір-бірімізге факс жолдап, хат жазумен ғана шектелмей, оларға іс сапармен баруды, оларды өзімізге қонаққа шақыруды көздеп отырмыз. (Қ.Ә. 1993. №39. 24 қыркүйек, - 3 б.).
Ғалым Р.Сыздықова «Емле сласында таусылмай келе жатқан пікірталстарымыз бен орын алып отырған ала-құлалықтардың негізі – 1940 жылы кириллицаға көшпес бұрын, оның емле қағидаларын дұрыс түзіп алмағанымызда жатыр» [74,3] - десе, М.Балақаев: «Қазақ жазуында біріккен сөздердің емлесі тиянақталмай-ақ қойды. Оның басты себебі – біріккен сөздерді емес, олардың ережелерін құбылта беруімізден. 1940-1960 жылдары оларды бірге жазу дағдыға айналып, жөнделе бастағанда, кейін сөздікте көптеген біріккен сөздерді қайтадан бөлек жазуды ұсындық. Бұдан не шықты? Бұл тәжірибенің нәтижесі жақсы болмағанын әркім-ақ байқаған болар» - дейді [75,12].
Екі компонеттен тұратын жаңа сөздердің кейде біріккен сөз ретінде, кейде тіркесті сөз ретінде, яғни кейде бөлек, кейде бірге жазылуы белгілі бір нормамен тиянақталмауы қолына қалам ұстаған адамдардың барлығына да елеулі әсерін тигізеді. Сондықтан, мұндай сөздерді жазуда біріншіден, ілгерінді-кейінді шығарылған орфографиялық сөздікке жүгіну, екіншіден, аталмыш сөзді орфографиялық сөздіктен таппаған жағдайда орыс тілінің жазу принциптеріне сүйенген дұрыс қой деп ойлаймыз. Мысалы, күнделікті баспасөзде ала-құла жазылып жүрген сөздердің (басқосу – бас қосу, шғынаудан – шағын аудан, іссапар – іс сапар, алғышарт – алғы шарт) орысша нұсқасында бірұдай біріккен сөз ретінде бірге жазылуы қатаң дәстүрге айналған. Соны ескере отырып, біз де осы тектес сөздерді біріккен сөз ретінде бірге жазуды қағидаға айналдырсақ жазудағы ала-құлалықтан арылған болар едік.
Сөз соңында айтарымыз зерттеуімізге негізгі нысан болған өзекті мәселелердің бірі – жаңадан жасалып жатқан терминдердің қолданысқа түсуі барысында жіберіліп жатқан үлкенді-кішілі кемшіліктер болып табылады. Оларға қысқаша тоқтала кетсек, біріншіден орысша, қазақша бір ұғымды білдіретін терминдердің жарыса қолданылуы, екіншіден қазақ тіліндегі көп баламалы терминдердің жарыса қолданылуы, үшіншіден осы жаңа сөздердің, оның ішінде біріккен сөздердің жазылу барысындағы белгілі бір норманың сақталмауы. Осы бір олқылықтардың орнын толтыру баспасөздің, автордың, термин бекіту ұжымының негізгі міндеті, басты парызы.
3 ГАЗЕТ БЕТТЕРІНДЕГІ ТЕРМИНДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

Бұл тарауда біз газет беттеріндегі терминдерді жасалу тәсілдеріне қарай топтастырдық.


В.П.Даниленконың пікірінше жалпы халықтық тіл қорын байытып отырған тәсілдің қай-қайсысы да терминжасам процесінде өнімді қызмет атқара алады [76,90].
Қазақ тіл білімінде қалыптасқан негізгі дәстүр бойынша біз терминдердің жасалуының семантикалық тәсілін және сөзжасамдық тәсілін бөліп көрсетеміз. Оның ішінде түбір терминдерді олардың жалпы әдеби қолданыстағы мағынасынан терминге ауысуына немесе терминденуі барысында мағынаның таралуы не кеңеюіне қатысты негізінен семантикалық терминдер ретінде қарастырсақ, сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған терминдердің өзін туынды және күрделі деп, ал күрделінің өзін біріккен терминдер, қысқарған терминдер және сөз тіркесінен жасалған терминдер деп қарастырамыз.
Жалпы жұмыста біз терминдерді шығу тегіне қарай тілдік қабаттарға бөліп қарастырмадық. Басқа тілден енген терминдердің өзі түбір сөздерге қатысты болғандықтан біз олардың төл немесе кірме тілдік сипатын семантикалық тәсіл арқылы жасалған терминдерді қарастырғанды қоса көрсетуді жөн санадық.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет