Эмоционалды-экспрессивті құрмалас сөйлемдер мазмұНЫ


Қазақ тіліндегі эмоционалды-экспрессивті құрмалас сөйлемдер



бет2/3
Дата06.04.2020
өлшемі272 Kb.
#61701
1   2   3
Байланысты:
Эмоц-Эксс.курма


2 Қазақ тіліндегі эмоционалды-экспрессивті құрмалас сөйлемдер
Синтаксистің жалпы теориясында құрмалас сөйлемнің грамматикалық табиғаты туралы мәселені қанағаттандырарлықтай деңгейде шешілген мәселе деп атауға болмайтыны туралы көзқарастар бар. Жеткілікті зерттелді деген бұрыннан келе жатқан лингвистикалық зерттеу дәстүрі бар индоевропа тілдерінің өзінде бұл мәселе түбегейлі зерттелген мәселелер қатарына жатпайды.

Жалпы тіл білімінде құрмалас сөйлемдер туралы екі көзқарас қалыптасқан. Бірінші көзқарас бойынша құрмалас сөйлем синтаксистік байланыс негізінде тіркескен жай сөйлемдердің тіркесі болып табылады, мұндай көзқарасты А.Шахматов, А.Пешковский т.б. жақтайды.

Ал екінші көзқарасты ұстанған ғалымдар В. Богородицкий, Н.Поспелов құрмалас сөйлемдер тұтас сөз тәртібі және интонациясы бар бір коммуникативтік бірлік ретінде берілетін тұтас синтаксистік құрылым деп есептейді. Қазақ тілі синтаксисінің маманы Қ. Есеновтың «Жеке жай сөйлемдер бір бүтін құрмалас болу үшін олардың арасында мағыналық, тұлғалық және интонациялық тығыз байланыстылық болу қажет» деген пікірі автордың соңғы көзқарасты ұстанатындығына дәлел [14 , 4].

Қазіргі кезде орыс тілі синтаксисінің белгілі маманы В.А.Белошапкованың құрмалас сөйлемге «сочетание предикативных единиц или их контекстуальных эквивалентов, построение по той или иной структурной схеме (формула сложного предложения) и предназначение для функуционирования в качестве одной коммуникативной единицы» деп берген анықтамасы аталған сөйлемдердің табиғатын толық аша алатын сияқты [15, 23].

Түркі тілдерінде де құрмалас сөйлем мәселесіне байланысты айтылған әр түрлі пікірлер болды. Бірақ қазіргі түркі тілдерінде құрмалас сөйлем белгілі бір жағдайлардың арасындағы қатынастарды білдіретін предикаттық бірліктердің жиынтығы ретінде танылып жүр.



Қазіргі синтаксисте сөйлем табиғатын зерттеуге деген үш көзқарас бар: құрылымдық жағынан ұйымдасуын зерттеу; коммуникативтік бағытталуы тұрғысынан және семантикалық құрылысын зерттеу. Сөйлемдегі мағыналық жағынан зерттеу соңғы кезде синтаксистегі жаңа маңызды бағыт болып табылады. Шетел және орыс тілтанунда бұл бағытта жасалған зерттеулер көптеп саналады.

Түркі тілтануында құрылымдық-семантикалық зерттеу мәселесі Сібір түркологтарының жұмыстарында көрсетіледі. Якут тілі материалдары негізінде сөйлемдерді Е. Убрятова [16], тува тілі материалдары негізінде Ш. Сат [17] зерттеген.

Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдердің зерттелуі бірден қалыптасып кеткен құбылыс емес. Қазақ тілінде құрмалас сөйлем мәселесіне байланысты айтылған түрлі пікірлер болды. А.Байтұрсынов «құрмалас сөйлемдер сыйыса және қиыса құрмаласады» - дейді, сыйыса құрмаласады дегені жай сөйлемдерге ұқсас, қиысулы құрмалас дегені қазіргі салалас және сабақтастарға сәйкес келеді [18].

Проф. Қ. Жұбанов құрмалас сөйлемдерді қазіргідей салалас және сабақтас деп, екіге бөлсе [19, 358], проф. С. Аманжолов төртке бөледі:

- салалас құрмалас,

- сабақтас құрмалас,

- аралас құрмалас,

- тиянақты басыңқысыз құрмалас [20, 118].

Синтаксис бойынша арнайы еңбек жазған С. Жиенбаев құрмаластың салалас және сабақтас түрлерін көрсетеді, автор аралас құрмалас сөйлемнің «өз алдына басқа бір заңдары жоқ» себепті оны құрмаластың бөлек түрі ретінде қарастырмаған.

Т. Қордабаев құрмалас сөйлемнің салалас, сабақтас және аралас түрлерін көрсетеді [21, 226].

Қазіргі құрмалас сөйлемдердің маманы Қ. Есенов те осы пікірді араластың «бөтен грамматикалық көрсеткіштері болмайды, тек салаласа, сабақтаса байланысу тәсілдері араласа жүреді, сондықтан бұл үшінші түрді шартты жіктеу деп қарауымыз керек» - деп қолдайды да аралас құрмалас сөйлемнің үшінші түрі ретінде бөліп көрсетеді [22, 12].

Н.Х. Демесінова қазіргі қазақ тілінің синтаксистік жүйесінің даму деңгейі синтаксистік конструкциялардың стилистикалық түрлерінің дамуына мүмкіндік беретіні туралы айтады. Ғалым «Әрбір жазушы және айтушы адам өзінің мақсатына сәйкес әрбір нақты жағдайларда өзіне қолайлы синтаксистік конструкцияны таңдап қолдауына болады» - дейді [23, 64-65].

Енді бағыныңқы сыңар баяндауышының предикаттылығы туралы мәселеге тоқтайық.



Тіл білімінде және түркітануда бағыныңқы сыңардың баяндауышы есімше немесе көсемше формасымен берілсе, оны инфинитті (бағыныңқы) етістіктер, ал етістікке жақ, шақ қосымшалары жалғанып, етістіктер аяқталған формада берілсе, финитті етістіктер деген терминдер қолданылып жүр.

Осы инфинитті формалардың предикаттылығы туралы түрлі пікірлер бар. Бір ғалымдар бастауышы атау септігінде тұрып, баяндауышы етістіктің финитті формаларымен берілген конструкциялар ғана предикаттылыққа ие болады десе, екінші бір ғалымдар предикаттылықты предикаттық байланыстардың түрімен: синтетикалық, аналитика-синтетикалық және аналитикалық байланыстырады, тағы бір зерттеушілер жақсыз формалар өзінің бастауышы болған жағдайда ғана предикатты болады дейді.

Бағыныңқы сыңардың баяндауышының көсемше немесе есімше болуына байланысты Е.И. Убрятова «көсемшелі және есімшелі етістік формаларының предикаттық сипаты түркі тілдеріндегі құрмалас сөйлемдердегі синтаксистік қатынастарды білдірудің тәсілі ретінде түркі тілдерінің бүкіл синтаксистік жүйесімен белгіленген» деген пікір айтады [16, 23].

Инфинитті формалардың предикаттылығы туралы Н.З.Гаджиева да айтады: «Көсемше мен есімшеде жақ көрсеткішінің жоқтығы оларды баяндауыштық қызметте жұмсауға кедергі болып табылмайды, өйткені түркі тілдеріндегі предикат ретіндегі көсемше мен есімше етістіктің шақ және етіс сияқты белгілеріне ие» [24, 91-98].

Сонымен, бағыныңқы сыңардың баяндауышы көсемше, есімше формалы инфинитті етістіктерден жасалған конструкциялар предикаттылыққа ие бола алады, ондай сөйлемдерді қазақ тілінде себеп бағыныңқылы сабақтас деп атап жүрміз.

Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығарамыз: құрмалас сөйлемдер немесе көппредикатты конструкциялар кем дегенде басыңқы және бағыныңқы деп аталатын предикаттық бірліктен тұратыны белгілі: басыңқы предикаттық бірліктің баяндауышы етістіктің финитті түрлері, ал бағыныңқы предикаттық бірліктің баяндауышы ретінде түркі тілдерінде етістіктің инфинитті түрлері беріледі. Көпредикатты конструкциялардың маңызды бөлігі бағыныңқы сыңар болып табылады, олардағы инфинитті етістіктер негізгі қызметті атқарады. Инфиниттік формалардың көрсеткіштері басыңқы және бағыныңқы қимылдың арасындағы әр түрлі мағыналық қатынастарды (мезгілдік, себептік, мақсаттық) білдіреді.

Диплом жұмысы негізінен құрмалас сөйлемдердің эмоционалды-экспрессивті қызметіне арналғандықтан, құрмалас сөйлемдерді салалас және сабақтас түрлерін ғана алдық.

2.1 Эмоционалды-экспрессивті салалас құрмалас сөйлемдер




Құрмалас сөйлемдерде жай сөйлемдерге қарағанда эмоционалдылық пен экспрессивтілік барынша айқын көрінбейді. Дегенмен құрмалас сөйлемдерде коммуникативтік мақсатқа жұмсалатындықтан сөйлеушінің эмоциясы қоса беріліп те отырады.

Құрмалас сөйлемнің түрлерінің ішінде сабақтастан гөрі салалас құрмаласта эмоционалдылық пн экспрессивтілік нақтырақ көрінеді.

Салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлем типтес компоненттердің құрмаласу ерекшеліктеріне қарай жалғаулықты, жалғаулықсыз бөлінетіні белгілі. Соның негізінде салаластың екі түрі шығады:


  • іргелес салалас;

  • жалғаулықты салалас.

Іргелес салалас құрмалас сөйлем.

Іргелес салалас сөйлемге эксрпессивтілік тән. Мысалы,



Бірақ жігіт оның ойлағанындай бұзық жігіт болмады, жігіт облыс хатшысы болып шықты. Берілген салаластың бірінші компопнентігіндегі жігіт сөзін екінші компонентте қайталай қолдану арқылы сөйлемге ерекше мән беріліп, экспрессивтілігі арта түскен.

Салаластың іргелес түрінің бірнеше семантикалық-грамматикалық түрлері бар. Т. Қордабаев жеті түрін көрсетеді:


1. мезгілдес салалас сөйлем,

2. себептес салалас сөйлем,

3. қарсылықты салалас сөйлем,

4. түсіндірмелі салалас сөйлем,

5. салыстырмалы салалас сөйлем,

6. шартты салалас сөйлем,



7. көп компонентті салалас сөйлем [21, 223].
Р. Әмір іргегелес салалас сөйлемді тоғыз түрге жіктеп көрсетеді:

1. жалғастық қатынасты білдіретін іргелес салалас,

2. мезгілдік қатынасты білдіретін іргелес салалас,

3. қарсылықтық қатынасты білдіретін іргелес салалас,

4. себептік қатынасты білдіретін іргелес салалас,

5. шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас,

6. теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас,

7. айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас,

8. объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас,

9. телінбе компонентті іргелес салалас [25, 23].
1. Жалғастық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрамындағы жай сөйлем типтес сөйлемдердің баяндауыштары шақтық жағынан бірыңғай, біртектес болып келеді. Экспрессия анық көрінеді. Мысалы:

Жұрттың өкпесі көтерілді, танауы желбіреді (С.Сейфуллин). Ол неше түрлі қызық әңгімелерді маған айтады, мен аузымның суы құрып тыңдаймын (С. Мұқанов).
2. Мезгілдік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемді ұйымдастыратын баяндауыштық формалар бар.

- етістіктің жедел өткен шақ формасы + болды, болғаны түрінде қалыптасады. Мұндай сөйлемдер экспрессивті келеді. Мысалы:

Кесе толы қымызды бердің болды, сылқ еткізіп жұта салады.
3. Қарсылықтық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы компоненттердің баяндауышы қызметіндегі етістіктердің бірінің болымды, екіншісінің болымсыз түрде айтылу арқылы эмоционалдылық пен экспрессивтілік жасалады. Мысалы:

Күлпаш, мен сенімен сөйлесіп тұрғаным жоқ, мына Әйтекеңмен сөйлесіп тұрмын. Маған балаң мен келінің аянышты емес, мына сен аяныштысың. (Х. Есенжанов).

Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сйлемді ұйымдастыруда де көміекші етістігінің әсері мықты, қызметі ерекше екені көрінеді.

Ауызекі сөйлеу тілдің, жазба тілді сйлемдедің модальдық мағыналары салалас құрмалас сөйлемдердің құрамында беріледі. Салалас құрмалас сөйлемге кірген компоненттердің жай сөйлем типтес баяндауыштарының құрамында экспрессивтік, модальдық сөздер қатысады. Модальдық қатынасты білдіру үшін бірінші компоненттің баяндауышының арнайы тұлғаларының бірнеше қатары жасалған.

Бірінші компоненттің құрамындағы баяндауыштары ретінд салстырмалары мағыналарында модальды сөздер, яғни де етістігінің модальдық мәндегі тұлғалары деді, дегендікі қатынасады. Сөйлемде түрлі-түрлі субъективтік модальдық мағыналар беріледі.

Де етістігі арқылы ұйымдасқан «деді + ме» типті тұлға күмәндану, болжау модальдық мағыналарын білдіретін жай сұраулы сөйлем типтес компоненттерінің себептік байланысын білдіретін құрмалас сөйлемдердің жүйесін құрайды.

Мысалы, Әнестің сөзі деді ме, жоқ өзінің жобалауы солай деді ме, ол бір өзі көп сөйледі («Егемен Қазақстан»).

«Деді + ме» типті баяндауыштың модальдық тұлғаыс тек атнай синтаксистік ситуацияда ғана, яғни құрмалас сөйлемнің шеңберінде ұйымдасады. Құрмалас сөйлемнің бірінші компонент баяндауышының мағыналары мн тұлғалары компоненттер арасындағы жалғаулықсыз байланысты анықтайды. –ма/-ме демеулікпен де етістігі бірігіп ұйымдасқан модалб тұлға кострукцияға басқа шылауды кіргізуге мүмкіндік бермейді. Осы құрылыстағы мәселелер ғалым Р.С. Әміров еңбегінде кездеседі [26, 151].
4. Себептік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемде бірінші компонент нәтижені, екінші компонент сол нәтижеге жеткізген себепті білдіру арқылы экспрессивтілік қызмет атқарады. Мысалы:

Шалабай ұзақ жүре алмас, үкімет құрығы ұзын (Ғ.Мұстафин). Мен қорықпаймын, әжем кеше сұрап алған (Б.Майлин). Оларға рақмет айту керек, ұмытқанымызды еске салды (Ғ. Мүсірепов).
5. Шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас баяндауышы «есімше формалы етістік + бар» түрінде экспрессивті мәнде жұмсалады. Мысалы:

Апырмай, қызға бір ауыз сөз айта алмайтыны бар, жұртты қаужамай отырмай ма.

Шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас баяндауышы «-ыс, -іс формалы қимыл атау ретіндегі етістік + бар» түрінде экспрессивті мәнде жұмсалады. Мысалы:



Қолыңнан келмесі бар, уәде бермеуің керек еді.

Шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрамындағы сөздердің орнын ауыстырып қолдану арқылы да экспрессивті мән беріледі. Мысалы:

Тағы да екі-үш күн бөгейтін амалын тапшы өзің, қозыдай көгендеп қолыңа берейік (Х. Есенжанов). Бүгін өзің қоншы осы жерге, бәрін де көзіңмен көресің (Х. Есенжанов).

Шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрамында қыстырма компонент қатысып та эмоцияналдылық көрінеді. Мысалы:



Енді жіберіп көрші, құдай біледі, әкеңді танытады (Ғ.Мұстафин).
6. Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлем арнаулы амалдар арқылы құралады:

- қандай – сондай, қалай – солай, қанша – сонша;

- теңдік қатынасты құрайтын компоненттер бірыңғай формада келеді;

- интонациялық амал. Компоненттерінің арасындағы пауза, бұл теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемді ұйымдастыруға қатысатын амал. Мысалы:



Үйіне қалай жетті, солай жолдасы мұрттай ұшты.

Соқаны қалай алса, солай апарып қойды.
7. Айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас та экспрессивтілік мен эмоционалдылықты білдіру мақсатында жұмсалады. Әсіресе, компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда, бірінші компоненттің баяндауышы сол, сонша, соншама, соншалық ,сондай деген сөздерден болғанда әрекетке, жағдайға ерекше мән беру, көңіл аударту мақсатымен жасалады. Мысалы:

Жұрттың бәріне өлең сөздерінің қазіргі жағдайда үйлесімді көргені соншалық - өлеңді олар сақ-сақ күліп қарсы алды (А.С.Макаренко). Мұндай санасыз қондыырла салатын тәртіптен тапқан азабым сонша – ақыры тіпті Россияға қайта қашып кетпек болдым (Козлов). Оның үстіне киген қытайдың қызыл шайыснан тігілген оқалы көйлеінің ұзындығы сонша – оның етегін бірнеше қыздар саусақтарының ұшымен ұстап көтеріп келеді (Айбек).

Берілген мысалдардан байқалып тұрғанындай, бұл сөйлемдердің барлығында да бірінші компонентте сол компоненттің бастауышы болып тұрған сөздің мағынасы арқылы байқалатын әрекеттің, жай-күйдің ерекше мәнді, әсерлі, күшті болғандығына назар аудартып, соған ой салмағын түсіре сілтесе, екінші компонент біріншідегі сол ерекше жағдайдың нәтижесінде не болғанын баяндайды.

8. Объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемнің бірінші компонентінің баяндауышы ретінде түсіну, тану сияқты психикалық күйді білдіретін сөздер жұмсалады, екінші компонент сол психикалық күйге объект ретінде қатысатынын хабарлайды. Мысалы:

- Балам айтшы, бізді көрсең сәлем бер деп әкең айтты ма, жоқ өздігіңнен бердің бе? (М. Әуезов).
9. Телінбе компонентті іргелес салалас құмалас сөйлем үнемі экспрессивті қызмет атқарады. Мысалы:

Қаладан келген келін ғой, келіні түйіп жатқан.

Телінбе компонентті іргелес салаластың құрамындағы компоненттер толымсыз, тұрлаулыз мүшеден құралады.



Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.

Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем семантикалық-грамматикалық тұрғыдан біренше топқа жіктеледі:

- мезгілдес салалас сөйлем,

- себептес салалас сөйлем,

- қарсылықты салалас сөйлем,

- талғаулы салалас сөйлем,

- кезектес салалас сөйлем.



1. Мезгілдес салалас сөйлемдер құрамына енетін жай сөйлемдер бір-бірімен да, да әрі, және жалғаулықтары арқылы құрмаласады.

Мезгілдес салалас сөйлемдер құрамында да жалғаулығын қайталап айту арқылы іс-әрекеттің үдей, өсе, күшейе түскені көрінеді. Мысалы:

Ресейдің жұмысшы табы мен қалың шаруасы енді құлдық қамытын кимейді де, оны зорлап ешкім кигізе алмайды да (Х.Есенжанов). Одан арғыны Игілік айтқан да жоқ, қасындағылары батып сұрай алған да жоқ (Ғ. Мүсірепов). Кең-кең ордан аттың қалай ырғып кетенін Әбдірахман көз тоқтатып қарап байқаған да жоқ, байқауға шамасы да келмеді (Х.Есенжанов).

Қайталанып қолданылған да жалғаулығы екі компонентті құрмаластыру қызметін атқарумен бірге тіркесіп айтылған сөзінің мәнін арттыру, оған ой екпінін түсіре, күшейте, өзгеден ерекше бөлек айту үшін де қолданылады. Мысалы:

Дәл шындықтан шет жатқан елдің әңгімеге құмарлығы да көп, шала ұғарлығы да көп. Күн бата шұбартып мал шеті де көрінді, боран да үдеңкіреп кетті. Көмір де осы, отын да осы (Ғ.Мүсірепов).

Және жалғаулығы арқылы да экспрессивті мән жасалады. Мысалы:

Отырып әңгімелескендей үлкен жұмысым жоқ және ұзақ отырып сізбен кеңес құратын қазір уақыт та тар (Х.Есенжанов).

Әрі жалғаулығы да үстеме мағына беру үшін жұмсалады. Мысалы:

Бұл бізге істелуге тиісті істердің түрін тегіс айтуға мүмкіндік береді, әрі ол жұмысқа көпшіліктің ынтасын аударады. Қи өзге отыннан әрі қызу, әрі оның шоғы ұзақ уақыт сөнбейді. Менде әрі документ жоқ, әрі бармақшы болған үйлердің адресі жоқ (С.Мұқанов).
2. Себептес салалас сөйлем себебі, өйткені, неге десең, сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы құрмаласады.

Жалпы себептік қатынас не үшін десең, неге десең деп контактілік қызметте жұмсалып, тыңдаушыны өзіне қаратады. Мысалы:



Сәдірбайға мен жақтым, өйткені құранды бірсыдырғы әдемі оқитын даусым бар. (С. Мұқанов).
3. Қарсылықты салалас сөйлем бірақ, дегенмен, әйтсе де, өйткенмен, сонда да, солай бола тұрса да, солай болғанмен жалғаулықтары мен жалғаулық мәнді сөз тіркестері арқылы жасалады.

Онша үлкен төрелігім жоқ, әйтсе де айтып көріңіз (Б.Майлин).

Сонда да жалғаулығы экспрессивті түрде жұмсалады. Мысалы:

Екі мың метр биіктіктен парашютсіз түсіпті, бірақ сонда да ол тірі қалыпты.
4. Талғаулы салалас сөйлем не, немесе, я, яки, болмаса, я болмаса, әйтпесе, әлде, мейлі жалғаулықтары арқылы құрмаласады.

Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар (Ә.Әбішев).

Мейлің жалғаулығы экспрессивтілікті білдіреді. Мысалы: Мейлің өзің бар, мейлің баланы жібер, әйтеуір олармен қалай да хабарласу керек (Б. Майлин).

5. Кезектес салалас сөйлем компоненттері бір-бірімен бірде, біресе, кейде деген кезектестік жалғаулықтар арқылы құрмаласады.

Нұрғали біресе Тәукеге қарап кіжінеді, бірсесе Аманға қарап мүләйімсиді (Ғ. Мұстафин).

2.2 Эмоционалды-экспрессивті сабақтас құрмалас сөйлемдер
Құрмалас сөйлем жасаудың екінші негізгі тәсілі – жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра байланыстыру. Сабақтас сөйлем деп компоненттері өзара тең болмай бір-біріне бағына, бірін-бірі бағындыра байланысатын құрмалас сөйлемді айтамыз. Бағынушы компонент мейлінше тиянақсыз болады, сондықтан ол жеке айтылмайды, айтыла қалған күнде де өз бетінше тұрып сөйлем бола алмайды. Ал бағындырушы компонент бағыныңқы сөйлемсіз де өз алдына сөйлем болып айтыла алады. Мысалды талдап көрейік:

Әншейінде қазақ жиыны отырып сөйлесетін болса, қазір ұлықтың алдында олар аяғынан тік басады. Ұзақ жолдан үздіккен Базарәлі Семей қаласына келгенде, өз үйіне жеткендей-ақ бар денесі кеңи бастады. Көпшілік кейін орныққан соң, үлкен үйлер алдына көрмеге тұрғандай бөлек екшелеген ұлықтар мен сары ала қылыш, жезді айдар тағысқан урядник, стражниктер ғана қалды. Жандаралдың қандай байлау жасайтыны мәлім болмағандықтан Лосовский өз сырын тұп-тура аша алмады (М. Әуезов).

Мысалдағы сабақтас құрмалас сөйлемнің барлығы да екі-екі жай сөйлемнен құралған. Олардың бірінші компоненттерінде сөйлемдік тиянақтылық жоқ та, екінші компоненттері өз алдына сөйлем. Жандаралдың қандай байлау жасайтыны мәлім болмағандықтан деген компонентті Лосовский өз сырын тұп-тура аша алмады деген компонентпен салыстырыңыз. Алдыңғыдан ешқандай тиянақты пікір білу мүмкін емес, ал соңғыдан оны толық білуге болады. Осы сияқты, Ұзақ жолдан үздіккен Базарәлі Семей қаласына келгенде немесе Көпшілік кейін орныққан соң деген компоненттерді алыңыз. Бұлардан да сөйлеушінің не айтқалы тұрғанын білу мүмкін емес. Өйткені бұларда сөйлемге тән тиянақтылық қасиет жоқ. Ал енді оны екі компоненттен кейін келіп, оларды жетектеп тұрған өз үйіне жеткендей-ақ бар денесі кеңи бастады және үлкен үйлер алдына көрмеге тұрғандай бөлек екшелеген ұлықтар мен сары ала қылыш, жезді айдар тағысқан урядник, стражниктер ғана қалды деген компоненттер өз алдына сөйлем болып тұр.

Сөйтіп, сабақтас құрмалас сөйлемнің бір компоненті бағынушы, тәуелді болып тұрады да, екіншісі тәуелсіз, өз бетінше сөйлем болып тұрады.



Бағынышты, тиянақсыз компонент бағыныңқы сөйлем деп аталады да, өз бетінше тиянақты болып тұратын компонент басыңқы сөйлем деп аталады. Басыңқы сөйлем бағыныңқы сөйлемді жетектеп, оны өзіне бағындырып, құрмалас сөйлемді тиянақтап тұрады. Сондықтан бағыныңқы сөйлем бұрын, басыңқы сөйлем одан кейін келіп отырады.

Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компоненті де, әдетте, сөйлем деп аталады. Бірақ олай аталғанмен мұнда қалыпты сөйлемдерге тән қасиеттердің көпшілігі жоқ. Бұл шын мағынасындағы сөйлем емес, күрделі сөйлемнің бір бөлшегі, бір мүшесі ғана. Сондықтан мұның өмірі, тіршілігі, сөйлемдік сәні құрмалас сөйлемнің құрамында айтылғанда ғана. Одан тысқары бұл қолданылмайды да, сөйлем деп есептелінбейді де.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердегі негізгі ой, көпшілік жағдайда басыңқы жай сөйлемде беріледі де, бағыныңқы компонент сол басыңқыдағы ойды түрлі жағынан айқындап, дәлдеп түсіндіру үшін қолданылатын қосымша бір мүше ретінде тұрады. Мысалы:



Бұлар Оспан үйінде үш күн бойы қонақ болып жатқанда, Анна Митрофановнаның иығына қалың қара жібекпен тысталған бұлғын ішік жабылған-ды. Қамыс құрақ басын ақырын жел желпіп, судыратып кеткендей, қысқа сыбыр қазақ тобын түгел айналып шықты. Түнде күзетші ұйықтап қалғандықтан, қалың жылқы егіске түсіп кетіпті (М. Әуезов).

Мысалдың бастапқы сөйлемінің бірінші компоненті қашан? Деген сұрауға жауап болып, екінші компоненттегі әрекеттің мезгілін білдіріп тұр. Бұлғын ішік қашан жабылған еді? – Бұлар Оспан үйінде үш күн бойы қонақ болып жатқанда. Екінші сөйлемнің бірінші компоненті қалай? Деген сұрауға жауап болып, екінші компоненттегі әрекеттің қалай болған сынын білдіріп тұр.

Қысқа сыбыр қазақ тобын қалай түгел айналып шықты? Қамыс құрақ басын ақырын жел желпіп судыратып кеткендей. Соңғы үшінші сөйлемнің бірінші компоненті екінші компоненттегі әрекеттің себебін білдіріп тұр.

Қалың жылқы егіске неліктен, не себептен түсіп кетті? – Түнде күзетші ұйықтап қалғандықтан т.б.

Сөйтіп, бұлардағы бағыныңқы компоненттер сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері атқаратын қызметтерді атқарып, бірі мезгіл пысықтауышы, бірі амал пысықтауышы, бірі себеп пысықтауышы сияқты болып тұр. Бірақ бұларға қарап, бағыныңқы компонент пен сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің арасына теңдік белгісін қоюға болмайды.

Тұрлаусыз мүше - өз ішінен жіктеуге келмейтін, сөйлемнің бір ғана мүшесі. Сондықтан оның мағынасы – жеке ұғымдық ғана мағына. Ал бағыныңқы компонент – қанша тиянақсыз болғанмен, өз ішінен сөйлемнің түрлі мүшелеріне жіктеле алатын, өзіндік интонациясы бар сөйлемдік категория.

Бағыныңқы жай сөйлемдердің барлығы бірдей, жоғарыда талданған мысалдағыдай, басыңқы компонентке меңгеріле байланысып, оның тұрлаусыз бір мүшесі тәріздес болып келе бермейді. Өз басыңқысымен ондай қатынаста тұратындар, негізінде, мезгіл, себеп, мақсат, амал бағыныңқылар. Бағыныңқы компоненттің бұлардан басқа түрлері басыңқы компонентке меңгерілмей, онымен тең қатынаста, яғни мағыналық жағынан теңдік қатынаста, байланысып тұрады. Мұндай байланыстағы бағыныңқы жай сөйлемдер басыңқы сөйлемде баяндалатын бағыныңқы жай сөйлемдер басыңқы сөйлемде баяндалатын әрекетке тәуелсіз, дербес жай-күйлерді, әрекеттерді білдіреді. Сондықтан бұлардағы сабақтапстық, бағыныштылық – мағына бағыныштылығы, мағына тәуелділігі болмайды, бағыныңқы компоненттің тек тұлғалық тәуелділігі, тұлғалық бағыныштылығы ғана болады. Айқынырақ болу үшін мына мысалдарды талдап көрейік:

Кілемдер тұтылып, әсем оюлы сырмақтар жайылыпты. (М. Әуезов). Мінеки, залда шам сөніп, шымылдық ашылды. (Т. Ахтанов). Әуеде жыршы құстар өлең айтып, қиқу салар көлдегі қаз бенен қу (Абай). Біреу қағаз жазып, біреу іс тігіп отырса, біреу темір соғып, біреу машина Жарқын, бір жағынан, қызыға қараса, екіншіден, бұларға жуыспаймын деп деп жүріп өзінің оқшау қалғанына іші күйді. (М. Иманжанов).

Бұл сабақтас құрмаластардағы бағыныңқы жай сөйлемдердің қайсысы да өз басыңқыларына меңгеріліп тұрған жоқ. Бұлардағы бағыныңқылық алдыңғы жай сөйлемдердің баяндауыш формаларының тиянақсыздығына ғана, мағыналық жағынан алғанда, мұндағы бағыныңқылардың барлығы да басыңқыға тәуелсіз. Залдағы шамның сөнуі мен шымылдықтың ашылуы арасында бір-біріне ешқандай мағыналық тәуелділік жоқ. Олар бір мезгілдің ішінде немесе біріне-бірі іркес-тіркес болған екі түрлі әрекеттер ғана.



Бұл жағдайлар бағыныңқы компоненттердің басыңқы сөйлемге меңгеріліп те, меңгерілмей де сабақтасатынғын байқатады.

Бағыныңқы компоненттердің тиянақты дербес сөйлемдерден өзгешелігі, негізінде, олардың мағыналық жақтарында емес. Мағыналық жағынан алғанда, дербес сөйлемдер арқылы берілетін мағынаны бағыныңқы компоненттер де қамти алады. Бұл екеуінің арасындағы өзгешелік олардың құрылысында. Дербес сөйлемдер немесе тиянақты компоненттер формалық жағынан тиянақты сөздерге аяқталады. Олардың баяндауыштары жіктік формада айтылып, өз бастауыштарымен жақтасып тұрады. Ал бағыныңқы коспоенеттердің баяндауыштарында бұлардағыдай қасиеттер болмайды. Бағыныңқы компонент баяндауыштары тиянақсыз формада айтылады. Олардың негізгі көпшілігі өз бастауышымен жақтаспайды. Сондықтан бағыныңқы компоненттерде алыпты сөйлемдерде болатын тиянақтылық қасиет болмайды.

Бұл айтылғандарды жете байқау үшін мына сөйлемді талдап көрейік. Мысалы:

Қатты жел тұрды. Теңіз толқыны күшейді. Қатты жел тұрды да, теңіз толқыны күшейеді. Қатты ел тұрып, теңіз толқыны күшейді.

Бұл мысалда бір-біріне байланысты екі түрлі ой бар. Сол ой бірінші ретте екі бөлек сөйлем арқылы берілген де, екіншіде екі сөйлемді салаластыра құрмаластыру арқылы, ал үшіншіде оларды сабақтастыра құрмаластыру арқылы берілген. Бірақ одан сөйлемнің ұғымына нұқсан келмеген. Үшеуінде де беріліп тұрған хабар бір. Бұлардағы айрмашылық – тек бірінші жай сөйлемнің баяндауыш формасында ғана. Ол алдыңғы екі түрінде жақтық формада айтылған да, соңғы үшіншісінде көсемше формада айтылған.

Бұл жағдайлар бағыныңқы компонентте тұлғалық дербестік болмағанымен, мағына дербестігі болатындығын байқатады.

Бағыныңқы компонент пен басыңқы компоненттің мағыналық қатынасына қарай сабақтас құрмалас сөйлем мынадай түрлерге жіктеледі:


  • шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем,

  • қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем,

  • салыстырмалы бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем,

  • мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем,

  • себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем,

  • қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем,

  • мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем,

  • мезгілдес бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем [21, 267].


Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді ұйымдастыруға қатысатын –са,-се экспрессивті сөйлем жасауға қатысады. Мысалы:

Еңбекті сен қанша істесең – табысты сонша аласың. Мен саған сенбесем, бұл сырды айтпас та едім ғой. Мақұл, сенгенің рас болса, мен де сенің сеніміңді ақтаудан тартынбаспын (Ә.Әбішев).

Мақсат бағыныңқы сабақта сөйлемде деп етістігі көмегімен екі сөйлем қатысады, оның бірі экспрессивті мағынаны білдіреді, ал екінші компонент өзіне сөйлеушінің бағасын алады. Мысалы:

Үй баласы деп ем, ел баласы екенсің (А. Адамбаев). Әділеті бар тәуір чиновник деп, үміт ететін кісінің бірі ос еді (М.Әуезов).

Бағыныңқы компоненттің баяндауышы «етістік - демегенде» модельді конструкция құрап, сөйлеу тілімізде экспрессивтік мағыналарды ұйымдастыру үшін де жұмсалады. Мысалы:



Мені сіз жақта демегенде, кім жақта дейді (С.Бақбергенов). Сәулеге кел демегенде, кет әрі деймін бе? (Ғ. Мүсілімов).

Демегенде арқылы берілген экспрессивтік мағына компоненттер арасындағ іс-қимылдың қарсы қойыла айтылуы арқылы жетеді, болымсыздық мағына бірінші сөйлемде беріледі. Мысалы:



Орта жолда көлікке мін демегенде, дәл уақытысында, айтқа жеріне жетуім екі талай еді (Ғ. Мүсілімов). Жалаң аяқ жүрме демгенде, мен тез жүріп ойлаған нысанама жетер едім (С.Бақбергенов).

Де етістігі құрмалас сөйлемде күрделі ойды жеткізу үшін ғана емес, сонымен бірге басқа коммуникативтік мақсат үшін, яғни дәлірек айтсақ, сөйлемнің модальды-экспрессивтік мағынасын білдіру үшін қолданылу мүмкіндігі бар.

Бағыныңқы баяндауышы меңгерілетін есімшелі-септікті конструкциялы –ған//нан, -ған//на, -атын//на формалы сабақтастар жатады. Бұл формалардың көмегімен жасалған сөйлемдердің салдары бағыныңқыдағы себепке субъектінің эмоционалдық реакциясын білдіреді. Барыс септігінен жасалған себептік компонент субъектінің физикалық немесе эмоционалдық жай-күйін білдіреді, салдарлық компонент – субъектінің сол жағдайға эмоционалдық, психологиялық, физикалық, физиологиялық реакциясын білдіреді.

Эмоционалдық реакция деп адамның белгілі бір жағдайларға байланысты басынан кешетін эмоционалдық күйін атаймыз. Жас шопанның төтенше ауыр науқасқа дүшар болғанына еңкейген кәрі, еңбектеген балаға шейін қатты қағырды (С. Омаров). Осы көпсубъектілі сөйлемдегі себеп бағыныңқы бөлімнің квалитативті субъектісінің денсаулық жағдайына, яғни физиологиялық жағдайына байланысты басыңқы субъектісінің эмоционалдық реакциясын білдіреді. Кеңес Ақмолаға Әсетпен бірге бара алмай қалғанына, іштей едәуір қынжылғандай болатын (М. Иманжанов) сөйлемінде себеп қимыл субъектісі жоспарының іске аспай қалғанын білдіреді, салдар жоспардың іске аспағанына субъектінің эмоционалдық реакциясын білдіреді.

Сол сәтте, сол мәжілісте, Абай өзі де көптен естімеген және естімегеніне енді өкінерліктей ететін, жіңішке күміс тоқын, нәзік, сыңғыр үн кетті (М. Әуезов). Мүсірепке «өзі тауып әперген» келінінің жасық болмай, ашық болғанына, қабақ шытпай күлімдеп жүретініне қуанады (Ғ. Мүсірепов) сөйлемінде үшінші жақтағы агенс өз қимылыныңнәтижесінде іске асқан жағдайға эмоционалдық қатынасын білдіреді.

Басыңқы сөйлемнің предикаты беретін эмоционалдық реакция жағымды және жағымсыз болуы мүмкін. Жағымды реакцияны қуану, мәз болу, рахаттану, риза болу, күлу сияқты етістіктер, жағымсыз реакция мағынасын осы етістіктерге қарама-қарсы мағына беретін өкпелеу, ызалану, өкіну, қайғыру сияқты етістіктер білдіреді.

Жағымды реакцияны білдіретін сөйлемдер: Профессордың шылымды сорып сүйсініп, содан бір жан рақатын тапқанына, темекіні бергеніме мен өзіме өзім қатты риза болдым (Ғ. Мүсірепов). Шынымен ұлымның келе жатқанына, мен жүрегім жарылып атты қуандым (Б. Қыдырбекұлы). Жағымсыз реакцияны білдіретін себептер: Жанұзақтың өзін сыртқа теуіп, сыр аша қоймағанына, Дәнеш ренжіп қалды (Қ. Жұмаділов). Хақ Назардың қырық жерден шабылып қидаланған денесін көргенде, оның қапыда кеткеніне, қабырғам қайысып, қатты қайғырдым (М. Мағауин).

Ит те болса өлісе алмағанына, оңай жеңілгеніне ызасы қайнай түсті (Ғ. Мүсірепов). Жамал Николой Сергеевичтің жолыққанына, таксиге отыра салмай, оның машинасымен келгеніне өкінді (Д. Исабеков). Малым қолды болды деп емес, атаңа нәлет ұрының басынғанына, сасапай мүшелеп, боқты ішегін қалдырмай, қырып-жонып әкетіп қалғанына, ит жыны ойнады (О. Бөкеев). Абай Оспанның бұған ең жақын іні бола тұра, соншалық қаңғып адасқанына, аса бір қатты мысқылмен күлді (М. Әуезов) деген сөйлемдердің бірінші екеуі психологиялық және эмоционалдық реакцияны білдіретін, соңғы екеуі мінез-құлықтық эмоционалдық реакцияны білдіретін сөйлемдерге жатады.

Эмоционалдық реакцияны түрлі сезім етістіктерінің көмегімен басыңқы компонент береді, ал бағыныңқыдағы себептік компонентті қимыл, қозғалыс, есту, көру, сезім мағыналық топтарына жататын негізгі, күрделі, тұрақты тіркесті етістіктер береді.



Болымсыздық жұрнағы арқылы жасалған –ған // на формасы субъектінің іске аспай қалған жағдайға эмоционалдық реакциясын білдіреді. Ушаковқа сөзін тыңдата алмағанына, Михайо Неволя ыңғайсызданып қалды (Ғ. Мүсірепов).

Осылайша ған//на формасын эмоционалдық реакцияны білдіретін арнайы синтаксистік тәсіл деп атауға болады.

Эмоционалдық реакцияны –атын//на синтетикалық формасы де береді.



Менің жақсы жұмысқа тұратыныма, әкем жүргеі жарыла қуанды (Ана тілі).

Бұл формамен жасалатын сөйлемдегі себептік компоненттегі жағдай айтушыға алдын-ала белгілі нәрсе және ол келер шақта жүзеге асатын жағдай болып табылады, ал салдар сол болашақта болатын іске басыңқы сөйлем субъектісінің эмоционалдық реакциясын білдіреді, яғни салдардағыэмоционалдық жағдай іске асып қойған құбылыс. Әдетте бағыныңқыдағы жағдай уақыт жағынан біріншіболып, уақыт жағынан кейін салдарды тудыратын болса, бағыныңқы предикаты –атын формасымен жасалатын сөйлемдерде басыңқыдағыжағдай, яғни салдар бағыныңқыдағы қимыл іске аспай жатып-ақ орындалып отыр. Оның жақсы адам болатынына, әкесі қатты сенетін сөйлемінде бағыныңқыдағы тұрақты тіркеспен берілген себеп келер шақта болатындығымен қоймай, оның жалпы іске асатыны / аспайтыны да неғайбыл нәрсе, ал салдарретіндегі эмоционалдық реакция орындалып қойған жағдай. Ендеше себеп ретіндегі жағдай уақыт жағынан әрқашан бұрын болмайды екен, субъект болашақта болатын іске эмоционалдық реакциясын өткен шақта білдіре береді.

-ған//нан формасы –ғандықтан формасының синонимі ретінде қолдануға болады, одан сөйлемнің мағынасы өзгермейді.

Синтаксистік синонимдердің айырмашылығы туралы С.Н.Цейтлин «Различия между синтаксическими синонимами имеют в ряде случаев характер очень тонких оттенков, но,тем не менее, всегда могут быть выявлены. Именно эти различия и обеспечивают существование синонимического ряда: абсолютно тождественные предложения языку были бы не нужны» - дейді Бірақ біздің ойымызша, -ған//нан мен –ғандықтан арасында құрылымдық айырмашылық болғанмен, айтарлықтай мағыналық айырмашылық жоқ сияқты, бірақ автордың айтқанындай, «өте жұқа реңк» болуы мүмкін екендігін жоққа шығара алмаймыз. Осы кезде басын жастықтан зорға көтерген Абай екі шекесі қатты шаншып ауырғанын (ауырғандықтан), көзі қарауытып барып шалқалап кетіп, желкесін биік төсекке сарт еткізіп соғып алды (М. Әуезов).

-ған//нан формасы болжам мадольдылығы мағынасын береді. Болжам модальдығы болжалды келер шақтағы бол көмекші етістігімен, модаль сөздермен, ма шылауымен беріледі.



Таныс-бейтаныс жүзі әбден титықтап, тозаңы шыға тозғанынан ба екен, анық ажарын ажырату қиын (О.Бөкеев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет