Эмоция дегеніміз не?


Сезім атқаратын қызметтердің сипаты



бет10/14
Дата08.02.2022
өлшемі37,85 Kb.
#124929
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Асқар Шырын 4апта
Қ.ТАРИХ Төкен Береке, Дәрістер тезистері, Дәрістер тезистері
Сезім атқаратын қызметтердің сипаты

Адам сезімдері ұзаққа созылған филогенетикалық даму тарихына байланысты көптеген ерекше сипаттағы қызметтерді атқаратын болды.


Сезімнің бейнелеу қызметі оқиғаларға жалпыланған баға беруде көрінеді. Көңіл-күйдің бүкіл ағзаны билеуінен, сезім арқылы қандай да әсердің пайдалы не зиянды екенін оның салдары денеге белгілі бір таңба түсірмей тұрып ақ байқап, жауап не қорғаныс әрекетке келеміз. Мысалы жолды кесіп, өтіп бара жатқан жолаушы көшедегі көлік қозғалысын барластырумен әртүрлі деңгейдегі қорқыныш сезімінде болуы мүмкін. Оқиғалардың эмоционалдық бағамы адамның дара толғаныс қабілетінің негізінде берілуі ықтимал, бірақ мұндай сезімдік нәтиже көбіне өнер туындыларымен көпшілік ақпарат құралдары, т.б. арқылы басқа адамдармен қатынас жасау барысындағы көңіл-күй ортақтастығынан қалыптасады. Сезімнің бейнелеу қызметіне орай адам қоршаған ортада бағыт-бағдар топшылайды, заттар мен құбылыстарға қажетігіне қарай баға береді. Бұл тұрғыдан сезім ақпарат алды немесе хабар жеткізу міндетін атқарады. Денеде пайда юолған күйзеліс не көңіл-күй жайсыздығы адам қажеттіліктерінің қалайынша қанағаттандырылып жатқаны, кезігетін кедергілердің сипаты туралы, ең алдымен неге назар аударылуы қажет екендігі жөнінде субьектіге ақпарат жеткізеді.
Сезімнің ақпараттық небейнелеу мүмкіндігі ниеттеу немесе ынталандыру қызметімен тікелей байланысты. Мысалы, жолаушы алдына жақындап қалған транспортты көре, қауіп төнгенінен қадамын жеделдете түседі. Затқа одан кері бағытталған құмарлық, тілек, ұмтылыс эмоцияның өзіне тән, одан ажырамас, бірлікті құбылыстар (С. Л. Рубинштейн). Алда тұрған мәселенің шешілу жолына бағыт беретінде осы сезімдер. Эмоционалды толғаныс мазмұнында қажеттіліктің қанағаттандырылуы үшін керек заттың бейнесі көрініп, содан заттың өзіне деген әуесқойлық пайда болып, ол өз кезегінде адамды әрекетті орындауға ниеттейді, ынталандырады.
Оқу процесіне тікелей қатысына байланысты сезім қуаттау, қолдау қызметінде атқарады. Күшті эмоциональды көңіл-күйге себепші болған оқиғалар оқушы санасында жеңіл қабылданып, ұзақ уақыт есте сақталады. Табыс не сәтсіздік сезімдері баланың оқуға болған ынтасына күш, қуат беріп не оны тіпті өшіріп жіберуі мүмкін.
Белгілі сәтте маңыздылау қажеттілікті таңдау барысында сол қажеттілікке негіз болар көп сеп-түрткілердің таласы туындайды. Осы жағдайда сезімнің ауысы қызметі іске қосылып, эмоция адамды қандай да талғамға бағыттайды. Мысалы адам өзінің тума жан сақтау ниеті мен қоғамда қабылданған әлеуметтік талаптар арасындағы қарама-қарсылықты жеңе алмай, күйзеліске түсетіні белгілі, яғни қандай да әрекетті істейін десе - өз тіршілігіне зиян, істемесе – ұят, көпшіліктің сынына ұшырайды. Осындай қорқыныш және борыш, қорқыныш және ұят тайталасында сезім мәнін, оның өз талғам – талабына сай келу, келмеуін барластырумен адам көздеген іс-әрекетін сол сәттегі қажетті арнаға ауыстырады.
Жоғарыда аталған сезім қызметімен сыбайлас эмоцияның икемдесу қызметін де атап өткен жөн. Ч. Дарвиннің пікірінше сезімдер тіршілік иелерінің өз қажеттілігіне орай келген жағдайларды анықтау құралы ретінде пайда болған. Дер кезінде организмде пайда болған эмоциядан жануар қоршаған ортаға икемделу мүмкідігіне келген.
Сезімнің коммуникативтік (ақпарат алмасу) қызметі де адам өмірінде үлкен маңызға ие. Ым-ишара, дене қозғалыстары сезімдік белгі ретінде адамның өз толғаныстарын, қоршаған орта заттары мен құбылыстары жөніндегі өз қатынас талғамын басқаларға жеткізуге жәрдемін тигізетіні белгілі. Ым-ишара, қас-қабақ қимылдары, дене қалпы, үн ырғағы, бәрі де сезім «тілі» болуымен, адам ойынан гөрі оның көңіл-күй кейпін айқындау танытады. Зерттеулер дәлелденгендей, сезімдердің бәрі бірдей анықтала бермейді. Мысалы, өте айқын білінетін – үрей, одан кейін – жиіркеніш , содан кейін – таңдану .
Коммуникативтік қызмет аймағында сезім арқылы адам өзін қоршаған сыртқы ортаға не ішкі жан дүниесіне ықпал жасау қабілетіне ие. Мысалы, есейе қоймаған сәби шатқаяқтап жылағанымен ата-анасын өз дегеніне көндіретінін сезе қояды да, бұдан былай осы әдісті жиі қолданып, мүддесіне жетуді әдетке айналдырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет