Эмоция дегеніміз не?


Эмоцияның құрылымдық компоненттерінің сипаттамасы?



бет2/14
Дата08.02.2022
өлшемі37,85 Kb.
#124929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Асқар Шырын 4апта
Қ.ТАРИХ Төкен Береке, Дәрістер тезистері, Дәрістер тезистері
Эмоцияның құрылымдық компоненттерінің сипаттамасы?
Эмоциялар-бұл ағзаның қоршаған ортаға бейімделуіне көмектесу үшін эволюция кезінде пайда болған күрделі психикалық реакция механизмі. Эмоционалды реакция бірқатар компоненттерді қамтиды. Олардың кейбіреулері эмоционалдық жағдай кезінде белсенді болады Эмоционалдық құбылыс құрылымында үш компоненттi көрсетуге болады: пәнi, эмоционалды уайым және қажеттiлiк.
Ендігі кезекте эмоционалды реакцияның әр компонентін ашып, эмоциялардың мәнін анықтауда қандай рөл атқаратынын анықтайтын боламыз.
Эмоция пәнiне адамның өмiрiнде эмоционалдық уайымдардың тууына байланысты кез-келген адамға мәндi құбылыстардың көрiнiсi. Олар мынадай болуы мүмкiн: емтиханда алған баға, жұмысқа кешiгу, табиғат құбылысы, бiреулердiң қылығы және ой-пiкiрлер т.б. Мұндай мағыналы уақиғалар мен жағдаяттар эмоциогендiк деп аталады. Бұл эмоциогендiк жағдайлар кездейсоқ ойламаған немесе бiреудiң көздеген ойынан тууы мүмкiн. Уайымдар эмоция пәнiнiң мазмұнын анықтайды.
Эмоционалды уайымдар эмоционалдық құбылыстардың негiзгi компонентiн құрайды, яғни адамдардағы эмоциогендiк жағдаяттарда кездесетiн қақтығыстар: түсiнбеушiлiк, шошу, таң қалу т.б. субьективтi реакциялар туғызады. Эмоционалдық уайымдар адамдарда әрқашан ырықсыз және ырықты саналы түрде туып отырады. Эмоционалды уайым түрлi деңгейде саналы және адамның iшкi рухани әлемiн (зейiнiн, ойлауын, есiн, қабылдауын), физиологиялық процестерiн (жүрек қан—тамырларын, тыныс алу, ас қорыту т.б.) өзгертедi.
Қажеттiлiк эмоционалды құбылыстың үшiншi компонентiн құрайды. Қажеттiлiк адамның iшкi психологиялық негiзi (көрсеткiштерi) болып бағаланады. Болып жатқан немесе өтiп кеткен жағдаяттардың мәнi қәзiргi жағдайда өзектi қажеттiлiгiмен белгiлi бiр мөлшерде байланысы, қажеттiлiктерге кедергi немесе қанағаттандыруға жағдай жасау. Мағыналық әрқашанда қажеттiлiктермен белгiленедi. Мағыналық жағдайлардың болмауында эмоция көрiнбейдi. Мысалы, аш адамда эмоциялық уайымдармен байланысты көп жағдаяттар туындайды. Бiрақта сол жағдаяттар тек тамақ қажеттiлiгiн қанағаттандырғаннан кейiн адамға мағынасы мәнсiз болуы мүмкiн.
Қорыта айтқанда, эмоционалды уайымды адамға мағыналы қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн және адамның өмiрлiк түрлi жағдаяттарының түрткiлерiне субьективтi реакция болып қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет