Эмоция дегеніміз не?


Эмоцияның негізгі түрлері?



бет4/14
Дата08.02.2022
өлшемі37,85 Kb.
#124929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Асқар Шырын 4апта
Қ.ТАРИХ Төкен Береке, Дәрістер тезистері, Дәрістер тезистері
Эмоцияның негізгі түрлері?
Адам өз эмоциясы арқылы қандай да бір мәселеге, құбылысқа, оқиғаға көзқарасын білдіреді. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан нейрофизиологиялық құбылыс болып табылатын эмоцияны да толығымен түсіне бермейміз. Адам эмоциясын түсіндіруге тырысатын көптеген теориялар бар (Бирнс, 2001).
Эмоция туралы пікірлердің тамыры сонау көне грек заманына тіреледі. Эмоция тақырыбы Платон мен Аристотель еңбектерінен байқалады. Олардың пікірлері бір-біріне қарама-қарсы болды. Платонның пікірлері о баста өте танымал болып, Рене Декарт, Джон Локк, т.б. пікірлеріне негіз болды. Платон эмоцияны басқаруға келмейтін, санаға қарсы тұратын асау күш ретінде қарап, адам жанын эмоция мен сананың күрес алаңы деп қарастырды. Оның ойынша эмоция санаға кедергі келтіреді. Платон сананың жеңгенін жақтаушылар қатарында болды. Эмоцияға қатысты Платонның көзқарастары Аристотельдің эмоцияға қатысты айтқандары о баста аса танымал болмағанымен, оның идеяларын Сенека, Хрисипп, Фома Аквинский, Спиноза сынды философтар жақтады. Аристотель Платонға қарама қарсы пікірде, яғни эмоция адамға қажет, пайдалы деп санады.Қазіргі психологияда эмоционалды процестерді 3 топқа бөліп қарастырып жүр.
Аффектілер. Аффекттің басты ерекшелігі олар өте айқын, асау, оны басқару қиын. Бұл қысқа уақытқа созылса да, ең қатты көрінетін эмоцияның түрі. Мұндайда адам өзін-өзі басқара алмайды. Сол себепті құқықтық тұрғыдан қандай да бір қылмыстың аффектік жағдайда жасалғаны анықталса, оған берілер жаза түрі де жұмсақтау болады. Аффект негізінде қандай да бір оқиғадан соң пайда болады. Ол жағымды да жағымсыз да болуы мүмкін. Жағымсыз аффект көп болғанда адамның көңіл күйі бұзылып, жылайды, ашуланады, ұрсысады. Ал жағымды болғанда тоқтаусыз күліп, секіреді, және т.б. Аффекті кей ғалымдар адамның кемшілігі ретінде де қарастырады.
Екінші топтағы эмоционалды процеске эмоцияны жатқызады. Аффектпен салыстырғанда эмоция әлдеқайда бай. Олар тек жағымды, жағымсыз ғана болмайды. Оларда бірнеше сезімдер аралас келетін жағдайлар жиі кездеседі. Мәселен, емтихан нәтижесін күткен студенттің жағдайында ол ол тек қорқып қана қоймай мұңайып, не үміттеніп, уайымдап бір сәтте бірнеше эмоцияда бола алады. Эмоциялардың ішінде жағымды, жағымсыз деп тану қиын түрі болады. Мәселен, шамадан тыс әуестік.
Үшінші топқа сезімді жатқызады. Алдыңғы екеуімен салыстырғанда сезім ешқандай ситуацияға байланысты емес. Сезім сыртқа шықпайды, тіпті қоршаған ортаға ешбір білінбеуі мүмкін. Сол себепті де адамдар өз сезімдерін білдіру үшін қандай да бір әрекет жасауға тырысады. Эмоция тез арада өзгере алатын болса, сезімді өзгертуге біраз уақыт қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет