Эмоция дегеніміз не?


Эмоцияның негізгі қызметтері?



бет3/14
Дата08.02.2022
өлшемі37,85 Kb.
#124929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Асқар Шырын 4апта
Қ.ТАРИХ Төкен Береке, Дәрістер тезистері, Дәрістер тезистері
Эмоцияның негізгі қызметтері?
Эмоция психологиялық кейіптің ерекше көрнісі, ол адамның қоршаған ортаға деген қатынасы, жағымды және жағымсыз түйсіктер мен белгілі жағдайға тікелей әсерлену формасында көрніс береді. Эмоциялар класына сезім, көңіл-күй, аффектілер, стресс және құмарлықтар жатады. Және бұлар адамның барлық психикалық поцестері мен кейіпімен жалғасады. Бұлардың кез-келген белсенділігі эмоционалдық әсерленумен жүзеге асырылады. Эмоция адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейді, оның жүзеге асырылуын жеңілдетеді. Біз адамның көңіл-күйін, оның қуаныш, ыза, қайғы, қорқыныш, таңдану, жиіркену немесе сүйсіну сияқты психикалық кейіпін сөзсіз түсіне аламыз, эмоцияның көмегімен бірлескен нақты іс-әрекет түрлерін жүзеге асыра аламыз. Бұндай фактілер негізгі эмоциялардың тіршілік иелерінің бір-бірін түсіну қабілеттерімен генотиптік тұрғыдан шарттас екендігін дәлелдейді. Психикалық жоғары дамыған жануарлар мен адамдар арасындағы бет әлпетінің көрінісі арқылы өзара бірін-бірі қабылдап, бір-бірінің эмоциолналдық кейіптерін бағалауға қабілетті екендігі белгілі. Сонымен , эмоциялардың негізгі атқаратын қызметтері :

  • Бейнелеу қызметі;

  • Ниеттендіру немесе итермелеу қызметі ;

  • Қолдаушы қызметі;

  • Қорғаныштық қызметі ;

  • Іске асыру қызметі.

  • Экспрессивті қызметі

Бейнелеу қызметі. Бейнелеп отырған белгілі бір оқиғаның, заттың, жағдайдың пайдалы не зиянды екендігін, маңызын айқындайды. Бағалау қызметі аздап ойлануға жақындайды. Алайда эмоция ойлануға қарағанда көнелеу.
Ниеттендіру, итермелеу қызметі. Эмоцияның адамды қандай да бір әрекетке итермелеу қызметі.
Қорғаныштық қызметі адамға төнген шынайы немесе жалған қауіп туралы ақпарат береді. Бұл қызметі қорқыныштың туындауымен тығыз байланысты .
Іске асыру қызметі . Активация кезінде ішкі органдардың және бар ағзаның өзгеруіне әкеледі.
Экспрессивті қызметі. Бұл қызмет тікелей мимика, пантомимика, дауыс реакциялары арқылы іске асады. Бейвербальды қарым қатынастың негізі болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет