Эмоция дегеніміз не?


Сезімнің адам өміріндегі маңызы



бет7/14
Дата08.02.2022
өлшемі37,85 Kb.
#124929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Асқар Шырын 4апта

Сезімнің адам өміріндегі маңызы
Сезімдер-бұл адамның қажеттіліктеріне деген көзқарастың жалпыланған тәжірибесі, оның қанағаттануы немесе қанағаттанбауы жағымды немесе жағымсыз эмоциялар тудырады — қуаныш, махаббат, мақтаныш немесе қайғы, ашу, ұят және т. б.
Сезiмдер деп тұрақты, эмоционалды боялған тұлғалық құрылымдарды айтамыз, онда адамның бiреуге немесе бiр нәрсеге деген қатынасы бейнеленедi: бiреуге деген махаббат сезiмi, патриотизм сезiмi, ұят сезiмi, т.б. Сезiм мәндi эмоционалды бастан кешiрулердiң жалпылау аккумуляциялау механизiмi негiзiнде пайда болады. Сәйкес эмоциялар формасында оларды адам саналайды. Мысалы, егер бiр адамның әрекеттерi ылғи да бiзде жек көру эмоциясын тудырса, бұл сол адамға кездескен сайын (ол өзiн дұрыс немесе дұрыс емес ұстаса да) әркез тұрақты жек көру сезiмiнiң пайда болатынына алып келедi. Әрбiр сезiмде сәйкес эмоцияларды бастан кешулердiң жеке тәжiрибелерi шоғырланған. Сезiм қаттырақ болған сайын, онда эмоционалды күш те көбiрек болады. Сондықтан сезiмдер ылғи да өз-өзiнiң мәнiн құрайтын терең интимдi тұлғалық құрылым ретiнде бастан кешiрiледi. Оларды тұлғаның эмоционалды негiзi ретiнде анықтауға болады. Сезiмдердiң эмоционалды боялуы бастан кешулердiң сапалық боялуымен анықталады. Сезiмдердiң эмоционалды боялу диапазоны өте кең. Эмоциялар қанша болса, олар да сонша көп. Сезiмнiң күшi мен тұратылығы сезiм бағытталған сәйкес объектiнiң адам үшiн маңыздылығымен, онда жиналған эмоционалды бастан кешулердiң санымен анықталады. Сезiм объектiсi қаншалықты маңызды болса және онда бастан кешулер қаншалықты көбiрек жинақталған болса, ол яғни сезiм соншалықты күштi және тұрақты болады. Ең күштi және тұрақты сезiмдер оның көзқарастарын, құндылық бағыттарын, пiкiрлерiн, яғни тұлға ядросын (орталығын) құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет